Киелі білім ордасы.
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да,жақсыға пана болған.
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып ұшып шыққан босағаңнан.
Биылғы жыл- біздің мектеп үшін ерекше жыл!Мектебіміз Шәкәрім Құдайбердіұлының есімімен аталғанына да, міне 5 жыл толыпты! Мектебіміздің өткенін еске түсірсек,осы мектеп 2000 жылы алғаш ашылғанда мектебімізге Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлы басшылық етті.Мектебіміздің аяғынан тік тұрып,тез дамуына Оралхан Рақымжанұлының қосқан үлесі орасан зор.Одан кейін 2005 оқу жылынан бастап алтын ұямыздың гүлденіп,өркендеп өсуіне еңбегі сіңген, мектебімізге басшылық жасаған Исанова Райхан Жанғазықызы.Оралхан Рақымжанұлы мен Райхан Жанғазықызына айтар алғысымыз шексіз!Алтын ұямыздан талай оқушылар білім нәрімен сусындап, өмірге қанат қағып,ұшып шықты.Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады,бірлігі күшті ел озады»деген мақал бар.Міне біздің мектебіміздің дамуы осы мықты басшыларға байланысты болды.Алтын ұя мектебімізді соңғы 5 жылда Әділ Сайлаубекұлы басқарып келеді.Жас та болса білгір,білікті басшы.Әділдік,бірлік,ынтымақтастық орнаған ордамызда жыл сайын гүлденіп,дамуына атсалысып,шәкірт бойына білім нәрін сусындатып,аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз қаншама!!!
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - демекші ұстаз жүгі әрқашан ауыр.Баланы тәрбиелеумен қатар білім нәрімен сусындатып,азамат етіп, үлкен өмірге қанат қақтыруда ұстаздардың еңбегі өте зор. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл демекші» озық тәжірибелі ұстаздармен қатар жастарымыз да аянбай еңбек етіп келеді.Осы 5 жыл ішінде мектебіміз талай жетістіктерге,жеңістерге жетті.Оқушыларымыз қалалық,облыстық,республикалық байқауларға қатысып,жетістіктерге ие боп жатыр. Бүкіл республика көлемінде өтіп жатқан Ұлы Абайдың 175 жылдығы,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы,Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында түрлі іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп жатыр.Зымыраған заманның ағымына ілесіп,жүйткіген уақыт көшінен қалып қоймай,жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымы-мектебіміздің жаны,жүрегі.
Мектеп жайлы жазсам мен бір үзік сыр,
Мектеп деген белесі көп биік шың.
Ең киелі білім орда саналар,
Сәуле шашар күннің әсем нұрысың!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Киелі білім ордасы
Киелі білім ордасы
Киелі білім ордасы.
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да,жақсыға пана болған.
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып ұшып шыққан босағаңнан.
Биылғы жыл- біздің мектеп үшін ерекше жыл!Мектебіміз Шәкәрім Құдайбердіұлының есімімен аталғанына да, міне 5 жыл толыпты! Мектебіміздің өткенін еске түсірсек,осы мектеп 2000 жылы алғаш ашылғанда мектебімізге Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлы басшылық етті.Мектебіміздің аяғынан тік тұрып,тез дамуына Оралхан Рақымжанұлының қосқан үлесі орасан зор.Одан кейін 2005 оқу жылынан бастап алтын ұямыздың гүлденіп,өркендеп өсуіне еңбегі сіңген, мектебімізге басшылық жасаған Исанова Райхан Жанғазықызы.Оралхан Рақымжанұлы мен Райхан Жанғазықызына айтар алғысымыз шексіз!Алтын ұямыздан талай оқушылар білім нәрімен сусындап, өмірге қанат қағып,ұшып шықты.Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады,бірлігі күшті ел озады»деген мақал бар.Міне біздің мектебіміздің дамуы осы мықты басшыларға байланысты болды.Алтын ұя мектебімізді соңғы 5 жылда Әділ Сайлаубекұлы басқарып келеді.Жас та болса білгір,білікті басшы.Әділдік,бірлік,ынтымақтастық орнаған ордамызда жыл сайын гүлденіп,дамуына атсалысып,шәкірт бойына білім нәрін сусындатып,аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз қаншама!!!
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - демекші ұстаз жүгі әрқашан ауыр.Баланы тәрбиелеумен қатар білім нәрімен сусындатып,азамат етіп, үлкен өмірге қанат қақтыруда ұстаздардың еңбегі өте зор. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл демекші» озық тәжірибелі ұстаздармен қатар жастарымыз да аянбай еңбек етіп келеді.Осы 5 жыл ішінде мектебіміз талай жетістіктерге,жеңістерге жетті.Оқушыларымыз қалалық,облыстық,республикалық байқауларға қатысып,жетістіктерге ие боп жатыр. Бүкіл республика көлемінде өтіп жатқан Ұлы Абайдың 175 жылдығы,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы,Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында түрлі іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп жатыр.Зымыраған заманның ағымына ілесіп,жүйткіген уақыт көшінен қалып қоймай,жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымы-мектебіміздің жаны,жүрегі.
Мектеп жайлы жазсам мен бір үзік сыр,
Мектеп деген белесі көп биік шың.
Ең киелі білім орда саналар,
Сәуле шашар күннің әсем нұрысың!
шағым қалдыра аласыз













