Материалдар / Киелі жерлер – біздің символдық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Киелі жерлер – біздің символдық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«А.Тұяқбаев жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Киелі жерлер – біздің символдық қалқанымыз, әрі мақтанышымыз”







Орындаған: Абай Гүлдана

10-сынып

Сынып жетекшісі: Шынтаева Роза









2018-2019 оқу жылы

Қазақстан дейтін Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Кие тұнған Қазақстан – рухани дәстүрдің бастауы. Олар – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі», – деді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның шұрайлы шұғылалы ордасы Оңтүстік өлкедемізде киелі жерлер өте көп. Атап айтар болсақ ,Отырар, Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Солардың ішінде киелі Түркістанға ерекше тоқталып, ой толғасам деймін.

Символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар көзі - "Екінші Мекке" атанған қасиетті өлкеміз -Түркістан. Шежіреге толы , мұрасы мол қаламыз бүгінгі таңда облыс орталығына айналып отыр.

Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әнбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.Сонымен бірге, Түркістан қазақ хандығының және басқа да сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы болған орда жұрты. Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.

Қожа Ахмет Яссауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Қожа Ахмет Яссауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет бар екендігі белгілі.

Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.

Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүниежүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір үйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»

Қорыта келе айтарым, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!