Материалдар / Киімді жобалау және дайындау

Киімді жобалау және дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу; оқушылардың құрал-саймандарын тексеріп шығу. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптарға шолу. 1 тапсырма. Мата бетінің құрылысын қалай анықтаймыз? Яғни теріс жақпен оң жақты қалай анықтаймыз?(басылған өрнек, бет тегістігі, бет түктілігі арқылы) 2 тапсырма. -Тігіс дегеніміз не? -Инешаншым дегеніміз не?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1491
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Класс: 6

Пәні: технология

Сабақтың тақырыбы: Киімді жобалау және дайындау. Киім және оған қойылатын талаптар. Практикалық жұмыс: «Алжапқыштың сызбасын алу үшін өлшемді алу».

Сабақтың мақсаты: Киім түрлерімен таныстыру. Алжапқыштың сызбасын тұрғызу үшін дұрыс өлшем алуға, сантиметірлік таспаны дұрыс пайдалануға үйрету.

Білімділік: Киімге қойылатын талаптар: пайдалану жағынан, гигиеналық, эстетикалық, осы талаптарды білуге үйрету. Алжапқыш тігу үшін өлшемдерді дұрыс алуға үйрету. Алжапқышты әртүрлі фасонда конструкциялау және модельдеуге үйрету.

Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту , ізденімпаздық, еңбекқорлық іс – әрекеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу, еңбекке тәрбиелеу,алынған білімді дұрыс әрекетке пайдалана білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.

Сабақтың түрі: аралас

Жабдықталуы: Белсенді тақта.

Көрнекілік: әр түрлі киім, алжапқыш суреттері, сантиметірлік таспа, мата түрлері, сәндейтін бұйымдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу; оқушылардың құрал-саймандарын тексеріп шығу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптарға шолу.

1 тапсырма. Мата бетінің құрылысын қалай анықтаймыз? Яғни теріс жақпен оң жақты қалай анықтаймыз?(басылған өрнек, бет тегістігі, бет түктілігі арқылы)

2 тапсырма.

-Тігіс дегеніміз не?

-Инешаншым дегеніміз не?

- Тігім дегеніміз не?

- Тігістің ені деп нені айтамыз?

3 тапсырма. Қауіпсіздік ережелерін қайталау (инемен, қайшымен жұмыс жасағандағы Қ.Е.)

  1. Жаңа сабақтын тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» - деп халқымыз бекер айтпаған. Яғни тал жапыраққа толып тұрғанда әдемі көрінеді, солай біздерде адамдар киімсіз өмір сүралмаймыз.

- Киім дегеніміз не? Киім- адам денесіне киілетін бұйым (немесе бірнеше бұйым).

- Киім бізге не үшін қажет? ( аяздан, салқыннан, ыссыдан сақтайды)

Киім пайдаланылуына қарай:















(Дәптерлеріне көшіру)

Тұрмыстық киімдерге күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдер жатады.

Өндірістік киімдерге санитарлық және арнайы киімдер жатады. Арнайы киімдер ол қандай киімдер? (алжапқыш, жұмысшылардың комбинезондары, аспазшының киімі).

Ал формалық киімдеріне оқушылардың формасы және әскер киімі, полицейлердің, өрт сөндірішілердің киімдері жатады.

Киімдерге қандай талаптар қойылады?

























(Дәптерлеріне көшіру)

Үйде аналарын тамақ дайындағанда, мектепте аспазшы асханада, сендер технология сабағында тамақ әзірлегенде қандай жұмыс киімін киесіндер? (Алжапқыш пен бас орамал). Яғни алжапқышты не үшін киеміз? (үстіміз лас болмаушын). Ал бас орамалды не үшін тағамыз? (шашымыз кедергі келтірмеу үшін, тамаққа шашымыз түспеу үшін).

Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы қажет. Сондықтан оларды шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бұл маталардан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі және сырт көрінісі тартымды болады.

Алжапқыш тігер алдында оның қандай сән үлгісімен, қандай матадан тігетініңді ойластыру керек. Алжапқышқа қандай сәндік жұмыстар жүргізуді (кесте, таспа жүргізу, жапсырмалау т.б.) ойластырған жөн.

Алжапқыш бірнеше бөліктен тұрады: ол кеуде, белдік, төменгі бөлік, қалта. Сонымен қатар алжапқышты кеудешесіз тігуге болады.

Киімді сәндейтін адамды кім дейміз? Көркемдеуші – сәнгер деп атаймыз. Қазақстанның танымал сәнгерлерін білесіндерме? Құралай Нұрқаділова, Айда Кауменова, Берік Исмайлов. Енді сендер өздерінді осы сәнгерлердің бірі болып есептендер, сендерге тапсырма алжапқыштын екі түрін дайындандар. Бір алжапқышты түрлі-түсті қарындашпен, екіншісін түрлі-түсті қағаздан жасандар.

Қолдарын шаршадыма? Енді кезекті қолмен саусақтарға арналған жаттығулар жасаймыз:

  1. Бірінші оң қолмен, сосын сол қолмен, кезектестіріп партаның үстін сипаймыз.

  2. Енді шапалақтаймыз, сосын партаның үстін ұрамыз.

  3. Келесі -партаның үстінде « пианино» ойнаймыз. Бірінші оң қолдың саусақтарымен, сосын сол қолдың саусақтарымен. Енді екі қолмен бірге.

Жақсы, жарайсындар!

ІІІ. Практикалық жұмыс.

«Алжапқыштың сызбасын алу үшін өлшемді алу».

Алжапқышты тікпес бұрын оның сызбасын құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігін сантиметірлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру қажет:

Өлшемді адам денесінің оң жағынан алады. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тіке тұруы қажет. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе бос ұстауға болмайды. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады.

Мына құралдардың ішінен өлшем алу үшін қажетті құралдарды танда:

Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді:

Кұ – кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

Тбұ – төменгі бөлшек ұзындығы. Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

Жба – жартылай бел айналымы. Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді. Өлшем белдіктің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.

Жбөк.а – жартылай бөксе айналымы. Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді. Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енін анықтау үшін қолданылады. (Дәптерге жазып алу,111бет)

Ал енді сендер бір-бірінен өлшем алындар.(өлшемдерін түсіреді)

ІҮ. Бекіту.

  • Киім пайдаланылуына қарай қандай топтарға бөлінеді?

  • Киімге қойылатын талаптарды ата?

  • Алжапқыш пен бас орамал қай топқа жатады?

  • Киімді сәндейтін адамды кім деп айтамыз?

  • Өлшемді адам денесінің қай жағынан алады?

  • Өлшем алу үшін қандай құрал-саймандар қолданамыз?

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Алжапқыш пішуге мата, құралдар алып келу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ