Материалдар / "Киімге күтім жасау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Киімге күтім жасау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Киім мен аяқ киім күтімі жөнінде мағлұмат беру. Киім, аяқ киімге күтім жасауды үйренеді. Өзіндік ой-пікір айта білуге, дербестікке,зейінділікке дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
1765
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



4 жалпы білім беретін орта мектеп







Ашық сабақ





Тақырыбы:



Киімге күтім жасау






Сынып: 6 «А»

Өткізген: Калиева Рауан Боранбаевна















Арқалық қаласы



Сабақтың тақырыбы: Киімге күтім жасау
Сабақтың мақсаты: Киім мен аяқ киім күтімі жөнінде мағлұмат беру. Киім, аяқ киімге күтім жасауды үйренеді. Өзіндік ой-пікір айта білуге, дербестікке,зейінділікке дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Б: киімнің пайда болуы, қолданылуы, қоғамдағы рөлі туралы түсінігін молайту.

Д:арнайы киімге қойылатын қолданымдық және эстетикалық талаптар.
Т: киім туралы эстетикалық талғамын қалыптастыру. Еңбекте тәртіптілік пен өзара көмекті тәрбиелеу. Сонымен бірге интеллектуалдық сезімін дамыту, экономикамыздың дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістері: СТО, АКТ, пікір алмасу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, киім түрлері, карточка, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: сурет, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.Түгендеу.

2.Сыныпты топқа бөлу. Сан атауын айту бойынша топқа бөлу.

3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.

«Амандасу» тренингі.

Сәлемдесіп аламыз,

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену,

Жақсылыққа қол жеткізу.

«Сәлемдесу» ойыны.

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлерің, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасамыз. Сонымен: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен, өкшемен, арқамен.

Сабақ бастамас бұрын реттік санмен саналып 2 тоқа бөлінеміз тақ сандр 1 топ, жұп сандар 2 топ (1 топ «Жібек», 2 топ «Былғары»), Топ басшыларын сайлап алу

Оқушылар бәрімізде алда қойған мақсаттарымыз бар ия, сол мақсатқа жету үшін, барлығымызда биік белеске, шыңға, жоғарыға шығамыз. Шығып көрдікпе? Қиын болдыма? Бірақ сол биікке, шыңға, мақсатқа жете білесіздер?Сол кезде қандай сезімде болдыңыз? Бүгін біз сіздермен сол баспалдақпен, пирамида шыңына шықпақшымыз. Кәне кім айтады пирамида деген не?

Пирамида – грек сөзі. Ол монументалды құрылым, сәулеттік құрылыстың үшкілдік түрі. Пирамида геометриялық фигура түрі, қаржылық пирамида т.б мағыналары көп.

Міне, бүгін біз сіздермен «Киімге күтім жасау» тақырыбында жұмыс жасай отырып, үшбұрышты пирамиданың шыңына бірге шығуға аттанамыз.
Осы пирамиданың сатысымен көтеріле отырып, біз сіздермен Білім, Шеберлік, Дағды осы ірекеттері бойымызға сіңіреміз.

Білімдеріңіз мына түрлі-түсті пирамидалармен бағаланады.

«Қызыл» - өте жақсы, «Жасыл» - жақсы. Сабақ соңында топ басшылары жиналған пирамидаларды санап, бағалаймыз



II.Үй тапсырмасын тексеру.

СТО стратегиясы «Миға шабуыл жасау» өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы сұрау. (Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді)
III Жаңа сабақ.
Киім - дегеніміз адамға ең қажетті, мәдени материальдық элемент болып табылады. Киім үлгілері адамның өсу ортасына, техниканың, экономиканың өсуіне, ұлттық мәдениет пен дәстүрге, қоғамдық өндіріске байланысты өзгереді.
1. Осы киімдер пайдаланылуына қарай нешеге бөлінеді екен?
- Үшке.
2. Олар:Тұрмыстық, өндірістік, формалық.
3. Тұрмыстық киімдерге не жатады?
- Сәнді, салтанатты, ұлттық, үйде, мерекелік, күнделікті, спорттық.
4. Өндірістік киімдерге не жатады?
- Дәрігерлік, аспаздық, санитарлық.
5. Формалық киімдерге не жатады?
- Әскери, ұшқыш, стюардесса, полицей, сатушы, мектеп формасы.
6. Алжапқыш пен бас орамал қандай киімге жатады?
- Тұрмыстық киімдерге жатады.
7. Маусымдық белгілері бойынша қалай бөлінеді?
- Жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей және көктем мен күз маусымдарына арналған киімдер.
Киім сатып алғанда ескеретін талаптар:
- Ыңғайлылығына.
- Әсемдігіне.
- Мықтылығына.
- Гигиеналығына.
Әсемдігі – суретші модельерге (модельер эскизін жасайды, өңдеудің детальдарын ойлап табады).
Ыңғайлылығы – тігін бұйымдарының құрастырушысы мен тігін бұйымдарының пішушісіне.
Гигиенаға сәйкестігі:
– Киім адам денесіне кигенде зиянсыз болуы керек.
– Ауа өткізгіш.
– Ылғал сіңіргіш.
– Модель жасау кезінде матаның қасиеттері ескерілуі қажет.
Мықтылығы:
- Үйкелу.
- Созылу әрекетіне.
- Ылғалға.
Аяқ киім аяққа киетін киімнің жалпы атауы. Аяқ киім түрлері олардың жасалғани материалына, тұтынушысының жасы мен жыныссына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады.Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері боладыКүн сайын күтім жасау аяқ киімнің кию мерзімін ұзартады. Шаң-тозаңнан тазартып, саздан үнемі тазалап отыру керек.

Аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар
1. Аяқкиім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей (табан пішімі және өлшемі) болуы қажет.
2. Аяқкиімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
3. Аяқкиім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс.
4. Аяқкиім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. ( Өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды, т. б.).

IV Дәптермен жұмыс

.Жуғыш құралдар ықпалына төтеп бере алатын болуы керек.
- Балалар, сендерге айтарым киім сатып аларда осы талаптарды естеріңде ұстаңдар.
Киіну мәдениетіне оны күте білу де кіреді. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық сияқты қасиеттер тән болуы керек. Карточка таратылады киімге күтім жасау кестесін дәптерге толтыру

V. Топпен жұмыс.
Әр топқа тапсырма беріледі, тапсырманы плакатқа орындап, постерларын қорғайы.

1 топ «Жібек» - киім күту қырлары

2 топ «Былғары» аяқ киім күту сырлары

VI.Сергіту сәті. Саяхатқа шығу.

-Мынау қандай киім, қалай аталады?

-Түсі қандай, неден тігілген? Осындай киімнің түрлерін көріп танысу үшін «Киім дүкеніне» саяхатқа барайық. Ол үшін жылы киінуіміз қажет, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Шалбардың бір балағын,

Содан соң екінші балағы

Енді белді көтерелік әдемі

Күртенің оң қолы,

Күртенің сол қолы.

Түймеледік жоғарыдан – төменге. Ал енді етік кидік, жорыта жолға шықтық.

VII. Сабақты бекіту:

1.Құрғақ шаңды тазалау жолы?

2.Газ тәрізді заттар қалай тазартылады?

3.Сазды тазалау үшін?

4. Киімді қалай күтеміз?

5. Аяқ киімді қалай күтеміз?

6.Киімді жууға қандай соды сабындарды пайдаланамыз?
7.Лакталған аяқ киімді қалай күтеміз?.
8. Киімдер пайдаланылуына қарай неше түрге бөлінеді?
9. Аяқ киімді немен дезинфекциялап тұрады?
10. Туфли қай материалдардан тігіледі?

VIII.Бағалау.

Басбармақ әдісімен топтар бір бірін бағалайды.

IX.Үйге тапсырма.$28 Киімге күтім жасау.

Аяқ киімге күтім жасау. Келесі сабаққа халықаралық символдарды жазып келу (деректер) Аяқ киімдерге тағы қандай күтімдер жасауға болады.

Рефлексия.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!