Сабақтың
тақырыбы: Киізден гүл жасау. Шаш
түйрегіш, брошка.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Киіздің жасалу жолымен
таныстыру, үйрету. Киізден гүлдер жасап
үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Ұсақ
саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шыдымдылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киіз, жүннен жасалған
бұйымдар, суреттері.
Қажетті құрал-
жабдықтар: Түрлі-түсті жүндер, шыбық,
су, сабын, целлофан, жібек мата, сүрткіш.
- Балалар, көңіл- күйлеріңіз
қалай?
-
Жақсы.
- Сендерге жұмбақ жасырғым
келіп тұр. Сендер оның жауабын тауып
көріңдер.
Өзі сондай
нәзік
Су құйсаң
кетеді,
Алақанын
жайып.
Ол
не?
Гүлді орыс тілінде қалай
атайды? - цветок, ал ағылшын тілінде –
flower.
(Басқа балалар да қайталап
айтады)
-Балалар, гүлдер бізге не үшін
керек?
-Гүлдер адамның көз қуанышы,
оның пайдасы көп.
-Гүлдер ауаны
тазартады.
-Аналарға сыйлау үшін
керек.
-Ал, енді бейнетаспадан
гүлдерді тамашалайық. (Слайдтан гүл түрлерін
көрсету)
-Балалар бұл қай
гүл?
-Бәйшешек
гүлі.
-Бәйшешектің түсі қандай
?
-Күлтесі ақ, күлгін, жапырығы
жасыл.
-Ал, мынау бақбақ, қоңыраугүл,
қызғалдақ.(Балаларға таныстырамын) Балалар бүгін біз осындай әдемі
гүлдер жасап көрейік.Бірақ әдеттегідей қағаздан, матадан емес
жүннен жасаймыз. Алдыңғы оқу қызметінде тазалап, түткен жүндерден
гүл жасаймыз.
- Киізді қандай жүннен
басады?
- Күзем жүннен
басады.
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Енді
алдымызда тұрған құралдарды пайдаланып гүл жасауға кірісейік.
Алдымызға бетінде бұжыры бар целлофанды жаямыз. Бұны шидің орнына
пайдаланамыз. Осының үстіне гүлдің күлтесінің жапырықшасы бейнесіне
келтіріп, қалыңдығын бірдей қылып, жұқалап үзіп отырып қызыл түсті
жүнді жаямыз. Сабынды су себеміз. Су сеуіп сабын жағып шығуға да
болады. Орташа ылғал қыламыз.Үстіне жібек матаны жауып, ораймыз.
Әрлі- берлі қозғап, алақанымызбен қимыл жасаймыз. Ораманы ашып,
қайта орап отырамыз. Бұл киіздің матаға жабысып қалмауы үшін керек.
Осылай бойындағы су азайып, жүн бір- біріне бірігіп (барып) киіз
пайда болады. Міне гүлдің бір күлте жапырақшасы дайын болды. Басқа
жапырақшаларын да осы әдіспен жасаймыз. Гүлдің жапырағын да дәл
осылай жасыл түсті жүннен жасаймыз. Ал, сабағын жіңішке шыбықты
алып жасыл түсті жүнді созып отырып орап шығамыз. Дайын болған
гүлдің бөліктерін біріктіреміз. (Балалар көрсеткен әдістер бойынша
гүлді жасайды. Гүлдің бөліктерін біріктіруге
көмектесемін)
Шаш түйрегіш пен брошканы да
осылай жасайды. Астына түйреуіш қадайды.
-Балалар, сендерге оқу қызметі
ұнады ма? (Балалар жауабы)
Ойын. «Кім
жылдам?»
Шарты: Араласып, шашылып
жатқан гүлдердің (суреттері) бөліктерінен төрт түрлі гүл құрастырып
шығару.
Оқу қызметіне жақсы қатысқан
балаларды мадақтау.