Материалдар / Километр.Милиметр. Астана ғимараттары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Километр.Милиметр. Астана ғимараттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика

Тақырып: Километр. Миллиметр/ Астана ғимараттары

Мектеп:

Машықкер:



Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.2** мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м) / масса (г, кг, ц, т) / аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Ұзындықтың өлшем бірліктерін қолданып өлшейді.

Басым көпшілігі:

Шамалардың мәнін салыстырады және оларға амалдар орындайды.

Кейбір оқушылар:

Шамаларды түрлендіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ұзындық өлшем бірліктерін салыстыру.

Пәндік лексика және терминология:

Ұзындық, км, мм.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Ұзындықты немен өлшейді?

Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін қолданады?

Жазу:

Өрнектер, дм, мм, шамалардың атауы.

Бағалау критерийі

км, м, дм, см бірліктерін пайдалана отырып, шамалар өлшемімен есептеулер жүргізеді.

км, м, дм, см мәндерін салыстырады, және оларға амалдар қолданады.

км, м, дм, см ұзындық бірліктерін олардың өзара қатысы негізінде түрлендіреді.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

«Жүректен жүрекке»

Оқушылар жанындағы көршілеріне жақсы, жылы, жағымды тілектерін айтады. Мысалы:

Күнің сәтті өтсін!

Сен өте әдемі болып тұрсың!

Жақсы жаңалықтар көп болсын!


Сабақтың ортасы

  • Ұзындық өлшемдерінің кестесін қара.

Миллиметр – ұзындық өлшем бірлігінің ең кіші бөлігі.

1 см = 10 мм.

Ал сендерге метрден үлкен өлшем бірлігі таныс па? Сызғыштың бөліктеріне қараңдар. Сен енді 1 см-ден кем кесінділерді өлшей аласың ба? 1 см-ден артық, бірақ 2 см-ден кем кесінділерді ше?

1 суретті қара. Астанадағы океанариум ғимараты – ерекше құрылым. Ол – Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі жалғыз ғимарат, мұхиттан 3000 километр қашықтықта орналасқан. Біз қандай жаңа ұзындық өлшем бірлігін қолдандық? Бұл–километр.

Ұзындық өлшем бірліктеріне қатысты кестені көреміз.

1м=10м 1дм=10см

1м=100см 1дм=100мм

1м=1000мм 1см=10мм

1км=1000м=10000дм=100000см=1000000мм

«Сұрақ - жауап»

1 дм қанша сантиметр, миллиметр бар?

1 м-де қанша дециметр, сантиметр, миллиметр бар?

1км де қанша метр, дециметр, сантиметр, милиметр бар?

Салыстыр:

1 м*1 мм 100 мм *1 дм 1000 мм*100 см

1 см*10 мм 10 дм*1 см 10 см*10 мм

1 тапсырма

Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте,

1см= мм 40см= мм

2дм1см= см 210см= дм= м дм

690см= м= м дм 78мм= см мм

Дескриптор:

Сантимертді милиметрмен өрнектейді.

Дециметрді сантиметр мен милиметрге өрнектейді.

Өлшем бірліктерін өрнектеп жаза алады.


Сергіту сәті

Оқушылар бейнематриалдағы қимылдарды кезек-кезек қайталайды


2 тапсырма жұптық тапсырма

«Ойлан, жұптас, бөліс»

Карта бойынша қала маршрутының жоспарын құр, оның ұзындығын километрмен өлше.

Абай көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейін неше километр?

Республика көшесінен субұрқаққа дейін неше километр?

Тәуелсіздік даңғылы неше километр?

Жамбыл көшесінен көлік тұрағына дейін неше километр?



3 тапсырма Өзіндік жұмыс

Ұзындықты километрмен өрнекте. Өсу ретімен қайта жаз. Іле өзенінің ұзындығы Талас өзенінің ұзындығынан қанша артық?

Талас 453000м= км

Іле 815000м= км

Нұра 978000м= км

Саралау тапсырмасы

Миллиметрге өрнекте:

а) 1 дм 2 см 5 мм = ...

ә) 4 дм 8 мм = ...

б) 23 см 8 мм = ...

в) 3 дм 5 см = ...

Амалдарды орында және жауапты ірірек өлшем бірлігіне өрнекте:

а) 6 дм 4 см – 35 мм

ә) 2 дм 18 мм + 58 см 2 мм

Дескриптор:

Шамаларды есептейді;

  • Шамалардың мәнін салыстырады(км, см, дм, м)және олармен амалдар орындайды;

Оладың өзара қатынасы негізінде см, дм, м, км ұзындық бірліктерін өрнектейді.


Кесте, оқулық





























Карточкалар, дәптермен жұмыс















https://www.youtube.com/watch?v=by8NcRAsRAE



А4 форматындағы қағаздар









Оқулық, дәптермен жұмыс











Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Білім қоржыны»

Оқушыларға үш түсті қоржынның суреті беріледі.

«Қызыл» қоржын – сабақты толықтай түсіндім;

«Сары» қоржын – сабақты орташа түсіндім;

«Қызғылт» қоржын – сабақты дұрыс түсінбедім.

Оқушылар осы берілген қоржындарға қолдарындағы жапсырма қағаздарын салады.

Қоржынның суреттері, жапсырма қағаздар





Пән

Сынып

Тақырыбы

Мақсаты

Қолданылған ресурстар

Қолданылған әдіс-тәсілдер

Нәтиже

Математика

3 «А»

Километр. Миллиметр/ Астана ғимараттары

3.1.3.2** мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м) / масса (г, кг, ц, т) / аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

Оқулық, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, бейнематериал, карточкалар, жапсырма қағаздар, суреттер

«Сұрақ-жауап», «Жүректен жүрекке», «Өзіндік жұмыс», «Білім қоржыны»

Осы сабақты өткізу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Оқушыларға миллиметр, километр өлшем бірліктерінің мағынасын түсіндірдім, айырмашылығын көрсеттім. Тақырыпқа байланысты әртүрлі амалдарды, салыстыруларды орындау арқылы жаңа сабақты оқушыларға жеткізе алдым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!