С.Мұқанов
атындағы жалпы орта мектебі
“
К і
м мықты? ”
Физика пәнінен сыныптан тыс
жұмыс
(9-10- сыныптар
арасында)
Пән
мұғалімі: Бисенова Т.
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
сабақтан
тыс уақытта оқушылардың физика пәніне қызығушылығын
арттыру;
Тәрбиелілігі: тез ойлау қабілеттерін,
ауызша есептеу қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, жылдамдыққа
тәрбиелеу;
Дамытушылығы: физика пәнінен алған
білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
Жоспар:
1-кезең.
«Таныстыру»
2-кезең . «Ойға
шабуыл»
3-кезең. «
Ойлан
тап!» (қызықты
тәжірибелер)
4-кезең. «Сиқырлы
кубик»
5-кезең. «Мәреге жету»
Құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы,
сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің кешімізге
хош келдіңіздер! Кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Әділ қазы мүшелерімен танысайық
1.
2.
3.
Ойынға қатысушы екі топ ортаға
шақырылады: « Энергия» және « Ньютон » топтары.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне
- деп келесі кезекті
сайысымыздың 1кезеңіне
береміз.
«Таныстыру» (әр топ өздерінің топтарын
физикамен байланыстырып таныстырады). Топтардың бағаларын сұраймыз
әділ қазы мүшелерінен. Әр топтың бағаларын оқып айтып
шығу.
Мәңгі – бақи есте
қалар,
Қызықты бір жиын
болсын.
Білімдірек шәкір
озар,
Сұрақтары қиын
болсын
- деп келесі сайысымызға жол
берейік.
«Білімділік» (әр топқа 5 сұрақтан
қойылады)
1 топ.
1. Көкке қараған жұлдыз санаған
құрал(телескоп)
2. Жазуға болатын химиялық
элемент? (Бор)
3. Уақыт өтуіне
қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын
өзгертуі. (Орын
ауыстыру)
4. Метр грек
сөзі? («өлшеймін» деген мағына
береді)
5.Сұйық тарапынан әсер ететін
кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
2 топ.
-
Жылдамдықты өлшеуге
арналған құрал? (спидометр)
-
Кім барлық тілде
сөйлейді? (
жаңғырық)
-
Заттың қатаятын
температурасын қалай атаймыз? (қатаю немесе кристалдану
температурасы)
4.Диффузия латын
сөзі? («жайылу, таралу» деген
мағына береді)
5. Инерция құбылысын
кім
ашты? (
Галилей)
Әділ қазылар алқасына сөз
беріледі. Әр топтың ұпай саны айтылады.
3
кезең– «Ойлан
тап!». Бұл бөлімде топ
мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген
тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу. Дұрыс
жауап-50ұпай.
1 – топ:
«Піскен әрі аршылған
жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға
болады?»
Қажетті құралдар:
бөтелке, піскен
жұмыртқа,
сіріңке, қағаз.
Жауабы:
Жанған
қағаз жалыны
шыныдағы
ауаны қыздырады. Қызған
ауаның көлемі ұлғайып,
оның бірқатар
бөлігі
сыртқа
шығып кетеді. Шыны аузын
жұмыртқамен
жапқан кезде, жалын
сөніп
ондағы ауа суиды.
Шынының ішіндегі ауа мен
сыртындағы
қысымы
тең болмағандықтан,
жұмыртқа ыдыс
түбіне
түседі.
2-
топ: Тарелкенің ішіне
тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға
болады?
Керекті
құралдар: стақан, сіріңке, тиын,
қағаз
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне
саламыз. Стаканды
тезірек тиынның жанына
төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да,
тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында
құрғақшылықта
қалады.
4 кезең
- « Сиқырлы кубик
»
Ойын шарты: Берілген кубикті
латырып, ол кубикте берілген 1 – ден 6 – ға
дейінгі сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне
түссе,онда сол санға сәйкес келетін номерленген
қағазды алып ондағы берілген формуланы
табамыз.
Кубикте берілген номерлерге сәйкес келетін
формулалар:
-
Конверт
P=pgһ
-
Конверт
Ek=mv2/2
-
Конверт
E=mgh
-
Конверт
a=v/t
-
Конверт
F=kx
-
Конверт
F=
ma
5- кезең « Мәреге жету
» екі топтан екі оқушы шығып
плакатқа сызылған шамаларды тез әрі жылдам атап шығу тиіс,мәреге
кім бірінші қатесіз жетеді сол жеңеді.
1-топ.
2-топ.
-
Топ:6 км/сағ жылдамдықпен
жүгіріп келе жатқан массасы
60 кг адамның импульсі
қандай? (102 к*м/с)
-
Топ. Массасы 200 г дене 1,5
м/с2
үдеумен қозғалуы үшін оған қандай күш түсіру қажет? (0,3
Н)
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне
жетті, әділ қазылар алқасынан
топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың
жалпы қорытындысын әділ қазылар есептеуін
сұраймыз.
Ендігі сөз кезегін
әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс
кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау
болыңыздар!
Көрермендермен жұмыс логикалық
сұрақтар
1. Қандай жолмен
ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар
немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не
қалады? ( ауа)
4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа
жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? (
сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? (
алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып
сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны , ішкі қабаты бірдей
уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? (
жаңғырық)
9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? (
буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы
ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың.
Ол не? ( көлеңке)
12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не?
( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды ? (
құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші
немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15. Жазуға болатын химиялық элемент? (
Бор)
Конверт
№4
Конверт
№5
Конверт
№6
a=v/t
F=kx
F=
ma