Кім? Қашан??

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кім? Қашан??

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі пәндер бойынша сайыс. 3-4 топқа арналған сұрақтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кім? Қайда?Қашан?

Білім басы бейнет, соңы зейнет.

Білек сүріндіре алмағанда,

Білім сүріндіреді.



Баршаға сәлем

Адамға ақыл-ой керек

Біліммен көңіл жайнеп еді,

Зияткерлікті танытар

Кім? Қайда? Қашан? атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер.

Баптары мен бақтарын сынауға келген топтармен таныс болыңыздар.

  1. Топ. Сұңқарлар

  2. Топ. Ынтымақ

  3. Топ. Зеректер

Сайыс 4- айналымнан құралған.

1) «Құпия сандық». Топ басшылары сайысады.

2) «Зерек болсаң озып көр». Топ арасынан бір оқушыдан қатысады.

3) «Тапқырлық». 3 топ толық қатысады

4) «Білгенге маржан». топ толық қатысады

Ұпай берілер сөзіне,

Сенімді 3 жан өзіне

Ортада қалса бастайық

Алғашқы кезең құпия немене?

1)Айналым. «Құпия сандық». Топ басшылар ғана қатысады.

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ басшыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.

1-о: Қолы менен қаламы жоқ,

        Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

 


2-о: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

 

3-о: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

 

4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

 

5-о: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

 

6-о: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

 

7-о: Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

 

8-о: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

 

9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,

       Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

 

2) айналым. «Зерек болсаң озып көр». Бұл айналымда әр топтан 1 оқушыдан шығу керек. Бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр оқушыға 2  сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.  Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады..

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

 

1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

 

1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)

 

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

 

1.Таяқ тастам  жер (жақын)

2.Жүрегі тас төбесіне шықты      (қорықты

 

1.Қас пен көздің арасында        (тез, жылдам, лезде)

2.Ат құлағында ойнайды       (шабандоз)


3) «Тапқырлық». 3 түсті 9 шар. Шарды жарып ішіндегі тапсырманы орындау керек.

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

Топпен би билеу

Хормен ән салу

7-нің көбейту кестесі

Олжа +20

Азайтудың компоненттері

Қыс сөзіне дыбыстың талдау.

Абайтың бір өлеңі

Байғазы деген не?

Нота сызығында неше дыбыс бар? Оларды ата.


4) Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады

Бұл айналымда 4 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.


Математика

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)

6. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?   (кесінді)


ДҮНИЕТАНУ

1. Қай құс өз атын қайталай береді?    (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар                (піл)

3. Сезім мүшелерін ата                   (көз, тері, мұрын)

4. Ұша алмайтын құс   (түйеқұс)

5. Өсімдік мүшелерін ата           (тамыр, сабақ, жапырақ)

6. Ауаның ластану себептері    (қоқыс қалдықтары)


Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі

1. Үш биді ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?( 42)

3. Мәтін түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

4. Ы. Алтынсарин не ашқан?( мектеп)

5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?( 5)

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім? (Абай)

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

8. Сөз таптарын ата. (зат есім сын есім сан есім етістік)

9. Ертегілердің қандай түрлері бар? (Қиял-ғажайып, Жануарлар, Тұрмыс-салт, шыншыл)

10. Ахмет Байтұрсынов кім?( Ақын, аудармашы, ұстаз)



Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Топтарды мақтау қағаздарымен марапаттау. Бүгінгі жеңімпазды анықтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2018
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі