Материалдар / "Кинезиологиялық жаттығулардың маңызы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кинезиологиялық жаттығулардың маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кинезиологиялық жаттығулар арқылы есте сақтау қабілетін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2020
1552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күйзеліссіз мектеп, кинезиологиялық жаттығуларды оқу үрдісінде қолдану.

Мақсаты: Психологиялық денсаулықты сақтауға септігін тигізетін білімдерді, дағдылар мен машықтарды меңгеру және кинезиологиялық жаттығуларды оқу үрдісінде қолдану.

Өткізілу түрі: психопрофилактикалық алдын-алу жұмыстары.

1. Кіріспе:

Жүргізуші сәлемдесіп, қатысушыларды семинар тақырыбымен, мақсатымен таныстырады.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Мектебімізде психологтар тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қолдау көрсетіп, мақсатына жетуде сүйемелдеу қажеттілігін білеміз. Өздеріңіз білетіндей мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру болса, психологтың міндеті мұғалім мен оқушыларға оқу үрдісінде жетістікке бағытталған жаттығулар мен психологиялық ойындарды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сүйемелдеу болып табылады.

Педагог-психологтардың жүргізетін іс-шаралары:

  • Сергіту жаттығулары мен тренингтер өткізу (бейнебаян, ойын)

  • Психологиялық ағарту жұмыстары мен психодиагностикалық жұмыстар

  • Буктрейлер

  • Коучинг жоспар

  • Коллаж

Психолог психодиагностикалық зерттеу нәтижесінде оқушының ой-өріс қабілетін, ойлау типін, зейін тұрақтылығы мен ақпарат қабылдау түрін анықтап, мұғалімге береді. Анықталған нәтиже арқылы аудиал оқушыларды артқы парталарға, визуал оқушыларды алдыңғы қатарға, кинестетиктерге жоба беру арқылы ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыруға болады. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру, жағымды психологиялық орта қалыптастыру болып табылады.

1.   «Бинго» сергіту ойыны. Тақырыпқа сай бейнебаян.

2.   «Ғажайып әлем» әдістемесі.

3.   Кинезиология жаттығулары.

4.   «Айналма шеңбер» жаттығуы. Кері байланыс.

1.   Сергіту жаттығуы «Бинго» немесе «есімдерді жинау» деп аталады.

Жүргізуші: «Сіздердің алдарыңызда берілген парақшада, әр бөлікке адамның ерекше қасиеті мен хоббиі жазылған. Бөлікке сол қасиеті бар адамның есімін жазуыңыз керек. Тікесінен және көлденеңнен есімдерді жинасаңыздар «Бинго» деп айқайлау керек. Айқайлаған кезде ойын тоқтатылады»

2.   «Ғажайып әлем» әдістемесі

Нұсқау:

1. Үйлерді боя.

2. Тұрғындарға сезімдерден тұратын түрлі-түсті жеке үй салу.

3. Картаны бояңыз.

Силуэт 5 бөлікке бөлініп қарастырады:
Бас пен мойын (менталдық іс-әрекетті бейнелейді);
Белге дейін (эмоциялық іс-әрекетті бейнелейді);
Иыққа дейін (коммуникативтік іс-әрекеттердің функциясы)
Бөксе (жыныстық және шығармашылық әсерленулерді бейнелейді);
Аяқ (“тірек сезімін, сенімділікті, сондай-ақ жағымсыз әсерленулердің бетін қайтару мүмкіндігін бейнелейді).
3. Кинесиология жаттығулары
Мақсаты: Оқушының физикалық дамуына, тілдік қалыптасуы мен оқу үрдісіндегі жетістігі үшін бағытталған.

·      Тыныс аламыз;

·      Су ішеміз;

·      Дене бұлшықеттерін созамыз;

·      Босаңсу жаттығулары;

·      Белсендіру жаттығулары.

Енді осы жаттығуларды бірге орындасақ. Тыныс алу жаттығуының түрлері өте көп. Соның ішінде мұрынмен кезек дем алу жаттығуы.

Мақсаты: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері.

Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз. Тыныс алу жаттығуын орындай отырып, өз бойыңыздағы жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығарып тастауға көмектеседі.

Су тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер ағзада судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады. Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек.

Бұл жаттығуларды топтық немесе жеке сабақтарда қолдану керек.
1.
Дененің орта бөлігін қиылыстыратын қимылдар. Бұл жаттығулар мидың 2 жақ бөліктерінің қатар жұмыс істеуін жақсартады.
1. 1.
Қиылысқан адымдар мен секірулер (музыка ырғағымен немесе әнмен жасауға болады). Оң қол мен сол аяқтың, сол қол мен оң аяқтың қимылы қатар келетіндей секіру керек. Алға, артқа секіріп, жан-жаққа көз жүгірту керек. Ал жүргенде оң қолды сол тізеге, сол қолды оң тізеге тигізіп жүру керек.
1. 2. «Жалқау сегіздіктер» жаттығуы. Оң қолмен қарындашты алып, қағазға ширектік белгісін салу. Сосын сол қолмен салу. Содан кейін екі қолмен қатар салу. Одан соң ауаға салу.
1. 3. «Қос сурет». Екі қолға қатарынан екі қалам немесе қарындаш алып қағазға қандай сурет болса да салу керек. Екі қол қатар қимылдау керек:
— бір-біріне қарама-қарсы,
— жоғары — төмен, оң қолмен жоғары, сол қолмен төмен немесе керісінше.
— қарама-қарсы бағыттарға.
1. 4. «Сегіздіктегі әліпби».
Мынадай тәртіппен әріптерді ширектік белгісінің ішіне орналастырып жазу:
— симметриялы, ұқсас әріптерді сегіздіктің ортасының оң жағына, сол жағына мысалы: х, ф.
— ассимметриялы, солға қарай дөңгеленген әріптерді сегіздіктің сол жағына, мысалы: а, ә, э.
— ассимметриялы, оңға қарай дөңгеленген әріптерді сегіздіктің оң жағына қарай, мысалы: р.

1. 5. «Піл» жаттығуы
Тізені бүгіп, басты иығымызға тақап, жазатын қолымызды алға созамыз. Ауаға «жалқау сегіздік» белгісін жазамыз (кеуденің жоғарғы бөлігі, қабырғалар қолмен бірге қимылдау керек). Екі қолмен алма — кезек жазу керек.
1. 6. «Мойынды айналдыру». Терең тыныс алып, иықты бос ұстау, басты тура төмен қарату. Жаймен басты айналдырып, тынысты шығарғанда денені босату. Иекті аздап айналдыру. Бұл жаттығу баланың дауысының жақсы шығуына әсер етеді.
1. 7. «Рокер» жаттығуы (көп отырғаннан кейін жасалады). Кілемше үстіне отырып, қолды тіреп, соған сүйену. Алға, артқа қапталға аяқпен қимылдар жасау арқылы жамбасқа массаж.
1. 8. «Тыныс алу» жаттығуы
Түскі ас ішер алдында жасалады. Бұл жаттығу асты дұрыс қорытуға септігін тигізеді. Өкпедегі барлық ауаны жайлап шығару, қолды кіндік үстіне қою, Ішті шар тәрізді үріп, терең тыныс алу, жайлап тынысты шығару. Өкпеге ауа тереңірек жету үшін арқаны бүгу керек.
1. 9. «Отырып қиылысқан адымдар». Кілемшеге отырыңыз да велосипед теуіп бара жатқаныңызды елестетіңіз. Оң шынтақ сол тізеге, сол шынтақ оң тізеге тию керек.
1. 10. «Энергизатор». Үстелге отырыңыз. Қолды үстелге қою, басты қолдардың ортасына қою, тыныс шығару, жаймен терең тыныс алу, жаймен басты көтеру маңдайдан бастап, сосын мойынды, сосын дененің жоғарғы бөлігін, содан төменгі бөлікті көтеру. Иекті төмен түсіріп, тыныс шығару. Арқа бұлшықеттері созылғанша басты төмен түсіру. Денені бос ұстап, терең тыныс алу.
2. Дене бұлшықеттерін созу жаттығулары дененің тік қалпын сақтауға көмектеседі, ұзақ отырғандағы және кітап оқығаннан кейінгі шаршауды басады.
2. 1. «Үкі» жаттығуы. Оң жақ иықты сол қолмен ұстап, артқа қараймыз. Терең тыныс алып, иықты бұру. Сол жақ иықтан артқа қарап, иықты түзеу. Денені босатып, иекті кеудеге тигізіп, терең тыныс алу. Келесі сол жақ иықпен қайталау.
2. 2. «Қол белсенділігі» жаттығуы. Тынысты жаймен шығару. Оң қолды құлаққа тигізіп жоғары көтеру. Сол қолмен оң қолды ұстап, алға — артқа, төмен — жоғары қозғау.
2. 3. «Аяқ басын бүгу». Оң аяқты сол тізеге қойып, массаж жасау. Аяқты созып, аяқтың басын алға, артқа созу. Келесі аяқпен қайталау.
2. 4. «Помпа» Қолды созып, орындықтың арқа бөлігін ұстау. Тыныс шығару, оң аяқты артқа созып, терең тыныс алып, табанды көтеру, тынысты шығарғанда табанды түсіру. 3 рет жасау. Күш сол аяққа түседі. Келесі сол аяқты созып қайталау.
2. 5. Орындыққа отыру, аяқты айқастыру, тізелерді бос ұстау, алдыға иілу, қолды жаймен түсіріп, тыныс шығару. Қолды көтеріп, денені тіктеп терең тыныс алу.
2. 6. Қолды белге қойып, аяқ араларын ашып, оң аяқты оңға қарай бұрып, сол аяқ алдыға қарайды. Оң тізені бүгіп, тынысты шығару, Тізені түзулегенде тыныс алу. Келесі аяқпен қайталау.
3. Миллиондаған жүйке жасушалары, яғни нейрондардың қызметін жақсартатын жаттығулар түрлері.
3. 1. «Ми тетіктері». Ыңғайланып отыру, оң қолды кіндік үстіне қою, сол қолмен сегізкөзге массаж жасау. Қолдарды кезектестіріп, жаттығуды қайталау.

3. 2. «Жер тетіктері». Оң жақ 2 саусақпен еріннің астындағы ойшықты басып, сол қолмен маңдайдағы ойшықты басу. Терең тыныс алып, тынысты шығару.
3. 3. «Баланс тетіктері». Оң саусақпен оң құлақ артындағы ойшықты басып, сол қолды кіндікті басу. Терең тыныс алу. Сол жақ саусақпен сол құлақ артындағы ойшықты басып, оң қолмен оң кіндікті басып, тынысты шығару.
3. 4. «Ғарыш тетіктері». Оң қолдың 2 саусағымен үстіңгі ерінді, сол қолымызбен құйымшақты басамыз. Осылайша терең тыныс алып, омыртқа бойына энергия сіңіру.
3. 5. «Энергетикалық есінеу». Есінеп тұрғандай сезініп, саусақ ұштарымен екі жақты басу, терең тыныстап есінегендей дыбыс шығару.
4. 1. «Ілгіштер». Бұл жақсы қарым-қатынасты тереңдетіп, көңіл-күйдің жақсаруына әсер ететін қимыл. Ыңғайланып отыру, сол алақанымызды оң алақанымыздың үстіне қоямыз. Қолдарымызды кеуде тұсында айқастырамыз, саусақтарымызды бір-біріне құлып тәрізді байластырамыз. Көзімізді жұмып, тілімізді таңдайымызға тигізіп, бірер минут терең тыныстаймыз.
Жоғарыда келтірілген жаттығулар белгілі бір дағдыларды қалыптастыру мен дамыту мақсатында қолданылады.

1.   «Айналма шеңбер» жаттығуы. Әр қатысушы берілген параққа қатысушылардың есімдерін жазып шығады. Есімдерді жазып болғаннан кейін, төмендегідей әртүрлі нұсқауларды орындайды:

·      Қолмен амандасу

·      Өзін таныстыру

·      Мұрынмен амандасу

·      Арқасына табиғат құбылыстарын салу (жаңбыр, дауыл, жел, бұршақ т.с.с.)

·      Жақсы қасиетін айту

·      Күлдіру

·      Алғыс айту

2.   Кері байланыс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!