Кіріктірілген білім
бағдарламасы: нәтижеге бағытталған оқу
жүйесі (CLİL әдістемесі )
Аннотация:
Кіріктірілу – бұл бір оқу
мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен
тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға
әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы
біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа
сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Кілт
сөздер: CLİL, әдістеме, кіріктірілу,
технология
Бүгінгі таңда үш тілді оқыту
(CLIL әдісі) – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына
мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек,
оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи
ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет.
CLIL әдісін 1994 жылы көптілді
білім беруді зерттеуші Дэвид Марш Еуропадағы тілдік білім берудің
жағдайын үйлестіру бойынша жұмыс істеу барысында
енгізді.
Оқытудың жаңа педагогикалық
технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей
білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке
тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын
арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне
сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Осы орайда Зияткерлік
мектептері білім берудің жаңа бағдарламасын басшылыққа алып
отыр.
Ал жалпы кіріктірілген оқу
дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде?
Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрелік.
[1,
99б].
Кіріктірілу – бұл бір оқу
мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен
тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға
әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы
біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа
сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға
мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі
ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың
құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр
сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен,
материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. [1,
145б].
Оқу үрдісінде
пәндерді кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды
оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
-сабақ құрылымында проблемалық
жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
-жеке тұлғаның зерттеушілік
типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан
нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау
жасауға;
-білім берушілік, дамытушылық
және танымдық үш бірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы
тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық
сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін
арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары
мен қажуларын азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін
тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән
беруге;
-оқушылардың шығармашылық
ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін
өмірде қолдана білулеріне
көмектеседі.
[2, 356б
].
Кіріктірілген білім
бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады.
Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін
алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның
негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала
бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары
қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін
өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені
бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның
айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен
тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына
жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы
арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады.
Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту,
ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.
Критериалды бағалау жұмысы
қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау арқылы жүзеге асады. Оқушы
оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше
қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей «талпынған»
оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына «жетіп», ішкі жиынтық
бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий
тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін
көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау
оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жүйемен
есептеледі. [3,
45б]
Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай
білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін
оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін
өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып
отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда оқушылар
өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана
шектеліп жататыны белгілі. Осы орайда оқушы білімін критериалды
бағалау - педагогтарға нақтылық алып келетін бірден-бір
жүйе.
Қорыта айтқанда, кіріктірілген білім
бағдарламасы, ондағы оқушыларды критериалды бағалау - заман
талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін
бақылау жүйесі. [4,
5б]
Әлемдік өркениет жолындағы үздіксіз даму
кезеңінде білім мен ғылымға баса назар аудару өзекті
мәселелердің бірінен саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті
экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе бұл орынды
пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің
тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен
жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын
ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда үздік оқытудың
үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын
ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтатын Зияткерлік мектептердегі білім
бағдарламалары тиімді.
Қолданылған
әдебиеттер:
-
«Назарбаев Зияткерлік
мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін
критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы / nis.edu.kz
сайты, 145б.
-
Критериальное оценивание как
педагогическая технология /colligy.ucoz.ru, Хакимиова
Н.,
356б.
-
http://moluch.ru/conf/ped/archive/191/10645/
-
http://zkoipk.kz/ru/confnis1s/712-conf.html