Материалдар / Кіріс және табыс

Кіріс және табыс

Материал туралы қысқаша түсінік
студентке қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саламатсыздар ма құрметті студенттер!

Сабақтын тақырыбы:

Кіріс және табыс


Кірістың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады.


Экономикалық қөзқарас бойынша кіріс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан


қарастыратын болсақ, кіріс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде кіріс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі кірістарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді. Біз білетіндей, кәсіпорын кірістары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:


негізгі қызметтен алынған кіріс;


өзге де кірістар.


Негізі қызметтен алынған кіріс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат крістерін қамтиды. Өзге кірістарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған кіріс жатады. Кірістің кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады. Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі кірістілік болып табылады. Кірістілік – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының саласын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайда көлеміне қарамай кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек кірістіліктің деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Кірістіліктің көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен кірісті салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды. Кәсіпорындарда кірістілік деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:


-өндірілген өнім көлемінің өсуі;


-өндірістің өзіндік құнының төмендеуі;


-өндірістік негізгі қор мен айналым қаражаттарының уақытының қысқаруы;


-кіріс көлемінің өсуі;


-қорлардың дұрыс пайдалануы;


-құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;


-материалдық ресурстардың аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс , тиянақты ұстап тұру;


-жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен технологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;


-еңбек ресурстры мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.


Кірістіліктің экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үрдісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үрдісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қордың біраз мөлшері қатысады.


Кірістіліктің өсуінің басты көзі - өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету көбінесе, негізгі қордың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуі болады.



2. Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері



Кіріс – белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі. Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып саналады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз кәсіпорын да жоқ. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі негізгі мақсаты – табыс табу болып табылды. Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Яғни, кірістер (табыс) – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Алайда құрылтайшылардың салымдары кәсіпорынға табыс болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары:


1.Ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;


2.Ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;


Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:


1.Бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы;


2.Экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;


3.Кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуден алса, коммерциялық табысқа жету


үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады;


4.Кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;


5.Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;


6.Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;


Кіріс:


тауарлы материалды қорларды сатудан;


қызметтер көрсетуден


ұйымға жататын, сыйақы, роялти мен дивиденттерден әкелетін активтерді пайдалануға беруден алынады.


Алынған кірістерді есебі өз кезегінде әр түрлі әдістері: жеткізу бойынша есеп әдісі, келісім шартты (контрактіні) пайдалану кезеңдері бойынша есеп әдісі, өндіріс бойынша есеп әдісі, мерзімін ұзарту әдісі қолданылады.


Табыстарды өлшеу – операция нәтижесінде толық алынуы тиіс ақшаға берілген құқықтың дисконтталған ағымдағы құны немес ақшалай баламасы. Көптеген жағдайларда ақша баламасы шартпен белгіленеді. Ережелер бойынша қайтарып берулер, саудалық жеңілдіктер және басқа азаюлар шаруашылық операциялармен құрылған табыстан шегерілуі тиіс.


Табыс – капиталды көбейтуге әкелетін жарғылық қызмет барысында кәсіпорынның есеп беру кезеңіндегі экономикалық пайданың жалпы түсуі. Капиталдың көбеюі деп құрылтайшылар жарнасынан басқа оның кез келген көбеюі түсініледі.


Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер:


- кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатып алушыға аударып тастаса;


- егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;


- егер кірістер сенімді бағаланса; - егер жасалған делдалдықтан пайда алуына сенімді болса;


- егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса;


Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:


есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;


мәмілені жүргізу кезінде жұмсалатын шығыстары да, мәмлені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса;


Кәсіпорын барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.


Мәміленің сипатына қарап, оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланылады:


белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;


белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтердің пайыздық қатынасы;


орындалған жұмысты талдау


Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардын алынатын аванстар, табыс болып танылмайды. Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалатын шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.


Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.


Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар:


өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс;


жалпы табыс;


негізгі қызметтен алынатын табыс;


салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс;


салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс;


төтенше жағдайлардан алынған табыс;


кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.


Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді. Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.


Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:


мемлекеттік бюджет табысының көзі;


кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі

Бақылау сұрақтары


  1. Капитал дегеніміз не?

  2. Кәсіпорын фукцияларына не жатады?

  3. Кіріс дегеніміз не?

  4. Кірістіліктің өсуінің басты көзі неде

  5. Кәсіпорынның табыстылығы қандай көрсеткіштермен сипатталады?

  6. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл

  7. Табыстарды өлшеу дегеніміз не?


Пайдаланылған әдебиетер тізімі:


1. Базылева М. Н. Экономикалық теория. – Минск:

2. Борисов Е. Ф. Экономикалық теория. Лекциялар

3. Булатов А. С. Экономика. М., 1999, 786

4. Дискин И. Е. Өтпелі экономиканың әлеуметтік құрылымы

5. Иохин В. Я. Экономикалық теория: нарық және

6. Котлер Ф. Маркетинга негіздері. М., Прогресс 1990,







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ