Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған. Оқушылар компьютермен жұмыс жасағандағы техника қауіпсіздігі ережесімен танысады, алғашқы көмек көрсету жайлы ақпарат алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


1

Информатика


5 сынып


Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Жалпы мақсаты:

Сабақтың мақсатын түсіндіру, басты міндетті ажырата білу және өз пікірін дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Жаңа тақырып туралы түсініктерін қалыптастыру. Тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттар беру.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларға техника қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат беру. Алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді. Оқушылар топпен және өз бетінше жұмыс жасап үйренеді.

Негізгі идеялар:

Қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтау жүйесін меңгереді.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:


  1. Үлестірмелі материалдар

  2. АКТ, маркерлер, карталар, глобус

  3. Стикерлер

  4. Электронды оқулық

  5. Бейне фильм

Оқулыққа қосымша көрнекіліктер:

1) презентация «Бізді қоршаған ақпарат»;

2) презентация «Қауіпсіздік ережесі»;

3) плакат «Қауіпсіздік ережесі».


Сабақта қолданатын модульдер

«АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Оқыту әдістері:

Миға шабуыл

Интерактивті оқыту әдістері, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан оқыту.


  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздер:

Карталар, электрондық оқулық, интернет.


Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Сыныпты 3 топқа бөлу


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы тренинг жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шеңбер құру. Мұғалім және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстары мен тілектерін білдіреді.

  2. ГDrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 еометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлу ( , , )

Оқушылардың мақсаты жақсы тілектер айтады. Геометриялық фигураларды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қауіпсіздік ережелері туралы тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалог құру. Топпен өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау.

Мұғалім берген тапсырманы орындау. Оқушылар үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, өз ойларын жеткізу.

Үй тапсырмасына берілген сұрақтар:
1. Күнделікті өмірде кездесетін қауіпсіздік шаралары

2. Компьютердің зияны мен пайдасы

3. Компьютерде орындалатын жаттығулар


II.Ой қозғау. Жаңа сабаққа дайындық.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қою арқылы диалог құру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мағынасын ашу.

Оқушылардың мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ойларын ортаға салады.

«Техника қауіпсіздігі ережелері» туралы білімдерін тексеру және әртүрлі жағдайда қалай сақтану керектігі туралы жұмыс жасау (8 мин). Аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын ортаға салып жұмыс атқарады.


III.Мағынаны ашу: (10 мин) «Қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында бейнефильм көрсету және жұмыс жасау.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.

Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлау, яғни «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріледі, тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді.

IV.Топпен жұмыс Кітаппен жұмыс. (7 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру.


Берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен бірігіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.


V.Сергіту сәті: (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру, қадағалау.

Берілген тапсырманы орындау.



VI.Шығармашылық тапсырма

(Тақтамен жұмыс, сұра- жауапты талдау, бағалау) (8 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағаздарды әр топқа таратады және қосымша материалдар үлестіріледі.

  2. Жарақат алған жағдайдағы алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру.

  1. Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын табиғаттағы қызықты сурет арқылы жеткізу.

  2. Әр топқа бірнеше жарақат түрлері беріледі, топпен ақылдасып алғашқы көмек көрсету.



VII.Қорытындылау:

(сұрақ-жауап) (4 мин)

  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

  3. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

  4. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

VIII.Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.

(2 мин)

, ,

IX.Бағалау:

Өзін-өзі бағалау (3 мин)

: - )

Тақырыпты өте жақсы меңгердім

: - ?

Сабақты жақсы меңгердім, әлі де жұмыс жасауым қажет

: - (

Бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет


X.Үй тапсырмасы:

Оқулық бойынша тапсырма беру, «Компьютердегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында флипчарт жасау.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.04.2018
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі