400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кірістірілген функция

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Excel бағдарламасындағы функцияларды тиімді қолдануды үйретуге бағытталған практикалық және теориялық тапсырмаларды қамтиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Кірістірілген функциялар

Бөлім

3-бөлім. Электронды кестелердегі ақпаратты өңдеу

Педагогтің аты-жөні

Ахметбек Гүлназ

Күні:


Сынып: 8

Қатысушы саны:

Қатыспаған саны:

Сабақ тақырыбы:

Кірістірілген функциялар

Оқу бағдарламасына сәйкес мақсатты:

8.2.2.3 электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалану;

Сабақтың мақсаты:

  • Кірістілген функциялармен жұмыс істей алды;

  • Статистикалық функцияларды есептерде қолдануды біледі;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі, уақыты.

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Сабақта кім бар, кім жоқ екендігін түгендеп алайық.

Сіздерге өткен тақырып бойынша үй жұмысы берілді. Барлығымыз үй жұмысын тексеріп өтейік.

Үй жұмысы:

Жарайсыңдар! Барлығыңыз үй жұмысын орындап келдіңіздер.

Оқушылар, біз бүгін Excel бағдарламасының мүмкіндіктерімен әрі қарай танысатын боламыз. Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз – «Кірістірілген функциялар».

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді, өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.






Оқушылар үй тапсырмасын тексереді және нәтижелерін талқылайды.












Бүгінгі сабақта өтетін жаңа тақырыппен танысады.






























Сабақтың ортасы

Барлығыңыз оқулықтың 76-шы бетін ашып, тақырыпты дәптерге жазып алыңыздар. Сабақтың мазмұнымен танысу үшін барлығымыз тақтаға назар аударайық.

Презентация:

Тақырып баршаңызға түсінікті деп ойлаймын. Егер түсінбеген жерлеріңіз болса, бірге талқылайық.

Келесі кезекте таырыпты толық қамту үшін практикалық тапсырма орындаймыз. Сіздерге тапсырмалар берілген парақшалар беріледі.

Практикалық тапсырма:

1 тапсырма. Анықтаманы толықтыру

МАКС – Берілген диапазоннан ең __________ мәнді табады.

МИН – Берілген диапазоннан ең _______ мәнді табады.

СРЗНАЧ – Кестеде берілген ____________ есептейді.

2 тапсырма. Қателерді түзету. Төменде жазылған формулаларда қателер бар. Қателерді тауып, дұрыс формуланы жазыңыз.

=СРЗНАЧ(A1, B1, C1)

=МАКС A1:A10

=МИН(A1:A5 B1:B5)

3 тапсырма. Компьютерде орында. Кесте мәндері бойынша есептеулер

Төмендегі кестеге сүйене отырып, берілген функцияларды қолданып, қажетті мәндерді есептеңіз.

2. Ең үлкен мәндерді есептеңіз.B7 ұяшығына формуланы енгізіңіз:

=МАКС(B2:B6)

Содан кейін бұл формуланы C7 және D7 ұяшықтарына көшіріп, басқа пәндер үшін ең үлкен мәндерді табыңыз.

3. Ең кіші мәндерді есептеңіз. B8 ұяшығына мына формуланы енгізіңіз:

=МИН(B2:B6)

Бұл формуланы C8 және D8 ұяшықтарына көшіріңіз.

4. Орташа мәндерді табыңыз. B9 ұяшығына мына формуланы енгізіңіз:

=СРЗНАЧ(B2:B6)

Бұл формуланы C9 және D9 ұяшықтарына көшіріңіз.

Қосымша тапсырма:

Excel бағдарламасында төмендегі мәліметтермен жұмыс жасаңыз:

  1. Әр тауардың жалпы құнын есептеу үшін формула енгізіңіз: =Саны*Бағасы.

  2. Барлық тауардың орташа бағасын табыңыз. (СРЗНАЧ)

  3. Ең қымбат тауардың бағасын анықтаңыз. (МАКС)

  4. Ең арзан тауардың бағасын анықтаңыз. (МИН)


Тапсырманы орындауға сіздерге 20 минут беріледі. Аяқтағаннан кейін бәріміз бірге тапсырманы тексеретін боламыз.

Жарайсыңдар, оқушылар! Тапсырманы бәріміз аяқтадық және тексердік. Компьютер алдында бәріміз ортаға отырамыз.

Оқушылар дәптерлерін ашып, күнді және тақырыпты жазады. Тақырыппен танысу үшін мұғалімді мұқият тындайды. Презентациядан керкеті мәліметтерді алады.


Тақырып бойынша сұрақтарын қойып, мұғаліммен талқылайды.

Практикалық тапсырманы орындауға көшеді.
















Практикалық тапсырма:

1 атпсырма:

Жауабы:

  1. орташа мәнді

  2. үлкен

  3. кіші






2 тапсырма:

Жауаптар:

  1. =СРЗНАЧ(A1:C1)

  2. =МАКС(A1:A10)

  3. =МИН(A1:A5, B1:B5)



3 тапсырма:


  1. Диапазонның орташа мәнін есептейді.

  2. Диапазондағы ең үлкен мәнді табады.

  3. Диапазондағы ең кіші мәнді табады.














Тапсырманы аяқтаған жағдайда қосымша тапсырма орындайды.

Excel бағдарламасында төмендегі мәліметтермен жұмыс жасайды:

  1. Әр тауардың жалпы құнын есептеу үшін формула енгізеді: =Саны*Бағасы.

  2. Барлық тауардың орташа бағасын табады. (СРЗНАЧ)

  3. Ең қымбат тауардың бағасын анықтайды. (МАКС)

  4. Ең арзан тауардың бағасын анықтайды. (МИН)


Тапсырмаларды аяқтайды және тексереді.






































Анықтаманы толықтыру

- МАКС функциясының анықтамасын дұрыс толықтырды.1

- МИН функциясының анықтамасын дұрыс толықтырды.1

- СРЗНАЧ функциясының анықтамасын дұрыс толықтырды.1

Қателерді түзету

- Бірінші формуланың қатесін дұрыс анықтап, түзеткен. 1

- Екінші формуланың қатесін дұрыс анықтап, түзеткен. 1

- Үшінші формуланың қатесін дұрыс анықтап, түзеткен. 1

Компьютерде орындау

- Орташа мәнді есептеу үшін дұрыс формула енгізді (=СРЗНАЧ(A1:A5)) және дұрыс нәтижені алды. 1

- Ең үлкен мәнді табу үшін дұрыс формула енгізді (=МАКС(A1:A5)) және дұрыс нәтижені алды. 1

- Ең кіші мәнді табу үшін дұрыс формула енгізді (=МИН(A1:A5)) және дұрыс нәтижені алды. 1

Презентация

https://www.canva.com/design/DAGWnFpjhdE/KLOlJDfp2REARflOhae4EQ/edit?utm_content=DAGWnFpjhdE&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton
















Практикалық тапсырма парақшасы

Сабақтың соңы

Бекіту тапсырмасы:

Сабағымызды «Боулинг» әдісі арқылы бекітеміз. Ол үшін барлығыңыз тақтада берілген сұрақтарға бірге жауап берейік.

Cұрақтары:

1. Кірістірілген функцияның ағылшын тіліндегі аудармасы:

  1. Function wizard

  2. Built-in function

  3. Statistical function

2. Функцияны енгізу қандай белгіден басталады?

  1. +

  2. _

  3. =

3. Электронды кесте функциялары - бұл ...

  1. Нәтиже үшін қолданылатын мәліметтер:

  2. Сан, ұяшық, жазба

  3. Программа жадында сақталып тұратыған формулалар

4. Аргументтер дегеніміз не?

  1. Нәтиже үшін қолданылатын мәліметтер

  2. Сан, ұяшық, жазба

  3. Программа жадында сақталып тұратыған формулалар

5. =sin(A1), мұнда sin-?

  1. Функция аты

  2. Аргумент

  3. sin

6. СРЗНАЧ(), МИН(), МАКС() - бұл ... жатады.

  1. Математикалық функцияларға

  2. Статистикалық функцияларға

  3. Логикалық функцияларға

Кері байланыс:


Үй жұмысы: оқулықтың 80 бетіндегі 1 тапсырма.

Сау болыңыздар!

Бекіту тапсырмасы:

«Боулинг» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.




















Жауап:

1. B

2. C

3. C

4. A

5. A

6. B



































Кері байланыс:


Үй жұмысын алады.

Сау болыңыз!

Эмодзи әдісі

































Genially

https://view.genially.com/67372a2fc8f4fa0b8d79954c/interactive-content-bowling-quiz






















































https://a30762.webask.io/f44g6h373











Picture 2 Picture 2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі