Кіші құрылымды шығармалар (пьесалар)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіші құрылымды шығармалар (пьесалар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы фортепиано сыныбына арналған Кіші құрылымды шығармалар пьесалар тақырыбында арналған ашық сабаққа арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы: Кіші құрылымды шығармалар (пьесалар)
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың мақсаты:
 музыкалық шығармаларды эмоционалды, бейнелі орындау қабілетін
нығайту.
 композитордың өмірбаянынан қызықты деректермен танысу.
 музыкалық бейнені берудің техникасын іздеу,
Даму мақсаты;
 шығармашылық қабілетін дамыту.
 музыкалық естуге, есте сақтауға, дүниетанымды кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты;





музыкаға деген сүйіспеншілікті жоғарлату.
төзімділікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
мақсатқа жете білуге, еңбекке баулу.
мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, миға шабуыл, «Адасқан
әріптер».
Көрнекіліктер:көрнекі сурет,
Пәнаралық байланыс: сольфеджио, музыка әдебиеті, теория
Орындайтын шығармалар:
Алиби.Абдинуров «Дудар-ай»,Френсис Лей «История любви» 4 қолға
арналған шығарма
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа тақырып
IV.
Бекіту
V.Шығармамен жұмыс
Миға шабуыл. Дыбыстар үйлесімінің қатарын жазып, жасарын сөзді
анықтау. Ансамбль ( 4 қолға арналған шығарма)
Әріптердің орнын ауыстырып, музыкалық аспаптарды ата.
VI.
Сабақты қорытындылау
VII.
Үйге тапсырма беру
VIII.
Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Журнал толтыру. Білімгердің назарын сабаққа аудару, нота
басылымын дайындау.
Жалпы музыка адамды шаттыққа бөлейді .Мұң зарын сейілтеді. Оның
әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқы мен салтдәстүрінде өзгерте алады.
Бүгінгі жас ұрпақты жан-жақты дамыту, жаңаша дағдылармен тәрбиелеу
қажет. Әлемдік даму адамның ұшқыр ойлы, озық тәрбиелі болуын қажет етеді.
Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде
адамгершілік пен салауатты өмір салтын, жеке тұлғаны қалыптастыру және
дамыту қажет.
Музыка-рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан
нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
Оқытушы ретінде білімгерді мәдениетке, оның тілін ұғынуға, музыка арқылы
тұлға болып қалыптасуына септігімді тигізіп келемін.
II. Үй жұмысын тексеру
Әліби Әбдінұровтың өмірбаяны. Шығармашылық жолы.
Әліби Әбдінұров-композитор, дирижер, музыкатанушы, өнер
қайраткері. Қазақ ұлттық өнер университетінің Композиция кафедрасының аға
оқытушысы, Қазақстан Жастар одағының "Серпер" сыйлығының (2009), ҚР
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ильхом-ХХ" заманауи ән
байқауы (2002-2 орын, 2003-1 орын), "Omnibus laboratorium" байқауы (2005 1 орын), "Trans Art" International Festival of Contemporary Perfoming Arts (2006
– 1 орын), "Астана-Бәйтерек" ұлттық байқауы (2007 – 2 орын), "Елім менің"
республикалық патриоттық әндер байқауының лауреаты.
Ұлттық музыканың үздік дәстүрлерін бойына сіңірген автор өз
шығармашылығында заманауи композицияның техникалық дыбысын меңгеру
арқылы үйлесімділік табуға тырысып, қазақ халқының музыкалық өнерін
зерттейді.
"Мұқағали" операсының (2 акт), "Көкбөрі аңыздары" балетінің (2 акт),
"Отырар әні" ораториясының (3 бөлім), "Керей және Жәнібек" симфониялық
поэмасының, "сақтар", "Елорда" симфониялық күйлерінің, сондай-ақ 70-тен
астам әннің авторы. "Ильхом-ХХ" халықаралық заманауи ән байқауына (2002
– 2 орын, 2003 – 1 орын), "Omnibus laboratorium" (2005 - 1 орын), "Trans Art"
халықаралық Заманауи Өнер Фестиваліне (2006 – 1 орын), ұлттық байқауға
қатысып, ерекше талантымен танымал болды "Астана-Бәйтерек "(2007-2
орын),"Елім менің" республикалық патриоттық әндер байқауы сияқты
республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты.
А. Абдинуров-музыка әлемінде өз жолын іздейтін терең ой шебері.

Әліби Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын "композиция"
мамандығы бойынша және "Опера-симфониялық дирижер" мамандығы
бойынша,
Гнесиндер
атындағы
Ресей
музыка
Академиясының
аспирантурасын "музыкатанушы" мамандығы бойынша бітірген. АҚШ,
Ұлыбритания, Германия, Австрия, Жапония, Түркия, Италия, Польша,
Израиль және ТМД елдерінің музыкалық ұжымдарымен, дирижерларымен,
жеке орындаушыларымен және кәсіби басылымдарымен тығыз байланыста.
III.

Жаңа тақырып «Кіші құрылымды шығармалар-пьесалар»

Музыка-уақыт бойы ашылған өнер, музыкалық шығарманың нысаны
үлкен маңызға ие.
Музыкалық форма 2 аспектіде қарастырылады: күрделі және шағын.
Шағын формадағы пьесаларды орындаудың күрделілігі, бір бейнеге
назар аудара білу, оның өмірінің қысқа мерзімді сәтін көрсету.
Музыкалық шығармамен жұмыс- фортепианода ойнаудың негізгі
процессі болып табылады.
«Қанша пьеса бар , сонша және әр түрлі жұмыс тәсілдері болады»
К. Игумнов
Пьесалардың түрлері:







- жанрлық пьесалар;
- кантиленді пьесалар;
- бағдарламалық-тән пьесалар
– клавирлік пьесалар (көне композиторлардың пьесалары)
- виртуозды пьесалар;
- эстрадалық-джаз пьесалары.

Cantilena (итал. Cantilena «ән», латын тілінен аударғанда. Cantilena «ән
салу») - кең, еркін . Сонымен қатар музыканың әуезділігі немесе оны орындау
тәсілі, әнді әуенмен айту қабілеті дегенді білдіреді. Бұл ортағасырлық
музыкалық және поэтикалық жанрдың атауы.
Сондай-ақ, бұл ұғымды музыкалық аспаптар шығаратын шеберлер жиі
пайдаланады.
Кіші формадағы пьесалар педагогикалық репертуардың маңызды
бөлігін құрайды, онда оқушы – пианистті тәрбиелеу процесі құрылады.
Білімгер бір оқу жылы ішінде әр түрлі стильдегі, мінездегі және күрделілік
деңгейіндегі бірнеше пьесаларды оқиды.
Барлық сынып оқушылары шағын формадағы пьесалармен жұмыс
істейді. Себептері өте түсінікті:

 шағын көлем;
 педагог оқушының музыкалық қасиеттерін көрсетуге және өзін
орындаушы ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
 Осындай шығармаларды конкурстар мен концерттерге қатысу үшін
алуға болады.
Музыкалық шығарманы зерделеудегі басты және соңғы мақсаткомпозитордың ой-пікірін түсінуге қол жеткізу және оны жақсы
орындаушылық деңгейде көрсету.
IV.

Бекіту

Шығармамен жұмыс
Ә.Әбдінұров “Дудар-ай”

Сергіту сәті
«Миға шабуыл». Дыбыстар үйлесімінің қатарын жазып, жасырын сөзді
анықтау.

Жауабы; МИ-РЕ-ЛЯ-СОЛЬ-ДО-СИ-ЛЯ
«МЕЛОДИЯ» сөзі шығады.
Ансамбльмен орындау
Білімгерлер музицирлеумен көп айналысуы керек. Сондықтан
ансамбльде ойнау не береді?
Ансамбльдік музицирование үлкен дамыту қабілеттеріне ие:






Бір темпте орындауға үйретеді
Парақтан оқу қабілетін жетілдіреді
оқушыға техникалық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Бірлесіп орындау, серіктесті тыңдауға, серіктеспен диалог жүргізуге
септігін тигізеді.
 Белгілі бір жерлерде тыныс алуға, фразаларды аяғына дейін орындауға
 Паузаларды ұстап тұруға үйретеді.
“История любви”
«Адасқан әріптер» . Әріптердің орнын ауыстырып, музыкалық аспаптарды
ата.

Жауабы: Баян

Бубен

Гитара

Скрипка

Кларнет

Ксилофон

Литавры

Рожок

Арфа

Сабақты қорытындылау
Кіші құрылымды шығармалар деген не? Әліби Әбдінұровтың басқа
да шығармаларын ата.
Сабақта қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Білімгер сабақ
барысында дыбыс шығарудың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы көркем
бейнені жасауға еңбек етті. Шамасына қарай шығарманың мазмұнын аша
алды. Алынған білімді практикада қолдануға болады. Бұл одан әрі оқу
процессіне оң әсер етеді.
V. Бағалау.
VI.
Үйге тапсырма беру
Шығарманы соңына дейін екі қолмен орташа темпте орындау. Барлық
динамикалық белгілерге назар аудару.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
23.12.2022
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі