Материалдар / Кіші топ перспективалык жоспары 2024-2025
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кіші топ перспективалык жоспары 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025оқу жылына арналған кіші топ 9айлық перспективалык жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Тамыз 2024
657
0 рет жүктелген
9900 ₸
Бүгін алсаңыз
+495 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +495 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ....... бөбекжайы балабақшасы

Топ/сынып: Кіші топ (................)

Балалардың жасы: 2 жастағы балалар

Shape1 Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы 2024 жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

 Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып)

Негізгі қимылдар:

педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру

бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта жүгіру

Бір орында тұрып екі аяқтап секіру

Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу

Екі қолмен 1-1,23 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай)

доптарды домалату

Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-23 см, ұзындығы 2-2,3 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру

Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

      Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

      Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.

      Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

      Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;

Дербес қимыл белсенділігі.

      Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.

Спорттық жаттығулар:

велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару;


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеуді дамыту.

айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді

      Сөздік қор.

Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.

      Тілдің грамматикалық құрылымы.

      Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) құрауға үйрету.

      Байланыстырып сөйлеу.

      Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.


Көркем әдебиет

ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруді;

кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдауды;

ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық танытуды қалыптастыру

Сенсорика

заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;


Құрастыру

құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету;

әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары;

материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр);


Қоршаған ортамен таныстыру

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтау


Сурет салу

балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;

түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру;


Мүсіндеу

балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;

сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;


Жапсыру

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.

Фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.


Музыка

Музыка тыңдау:

      1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;

Ән айту:

      1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;

қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;





















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ....... бөбекжайы балабақшасы

Топ/сынып: Кіші топ (................)

Балалардың жасы: 2 жастағы балалар

Қазан айы 2024жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу,

саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып) алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу)


Негізгі қимылдар:

педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін), кедергілерден аттап жүру.

бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта жүгіру, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-20 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;

Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, 10-13 см биіктен секіру.

Кедергілі ,жазықтың бетімен, еңгіс тақтайдың үстімен еңбектеу, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.

Екі қолмен 1-1,23 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай)доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.

Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-23 см, ұзындығы 2-2,3 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық

орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу;


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту. Жолдасының киіміндегі ұқыпсыздықты көруге және оған өз көмегін ұсынуға үйрету.

Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру.

Жуыну туралы қысқа өлеңдерді немесе тақпақтарды үйрету, оларды ересектермен немесе өз бетінше қайталау.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;




Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.


Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару;

Сөйлеуді дамыту

Айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана

отырып дұрыс айтуды жетілдіру Сөздік қор.

Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) құрауға үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.

Көркем әдебиет

Ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруді;

кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдауды;

таныс тақпақтарды қайталауды;

ойыншықтарды қолданып, мазмұны күрделі емес ойындарға қатысуды үйрету.

Сенсорика

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

Көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды; Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету;

әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдарын қолдануды үйрету;

қарапайым түрде бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы білімдерін қалыптастыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

Ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдау.

Бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтауды дамыту

Сурет салу

Бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту мен көркемдік қабылдауларын дамыту;

Түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды

жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыруды жетілдіру;

Ашық түсті бояуларға деген эмоционалды - эстетикалық қатынасын тәрбиелеу

Мүсіндеу

Сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;

Техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу дағдыларын дамыту

Жапсыру

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.

Фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа заттарды орналастыруды менгерту.

Музыка

Музыка тыңдау:

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау мен әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;

Ән айту:

1) ән айтуға қызығушылықты дамыту, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік - ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасауды үйрету;

қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу дағдыларын жетілдіру;

музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру дағдыларын қалыптастыру;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «..............»

қараша айы 2024жыл


Ұйымдастырылған

іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру

Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау

Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.

Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.


Негізгі қимылдар:

Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру.

заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;

Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта жүгіру.

Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен

нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.

Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,3-1,3 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру;

Бір орында тұрып қос аяқпен секіру.


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:

нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

     

Спорттық жаттығулар: Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.



Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.


Тілдің грамматикалық құрылымы

сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.


Көркем әдебиет

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдауын дамыту.


Сенсорика

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.


Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинауын пысықтау.


Қоршаған ортамен таныстыру

Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тануды жетілдіру.

Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тануды.

Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.

Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру.

Басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу.

Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. «Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен таныстыру


Сурет салу

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салуды.

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізуді үйрету.


Мүсіндеу

Сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.


Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау:

Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.

Ән айту: Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «.........»

Желтоқсан айы 2024жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу

Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу.

Негізгі қимылдар:

шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып жүру.

құрсаудан құрсауға аттап өту;

әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен жүгіру.

доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан

нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.

отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,3-1,3 метр арақашықтыққа доптарды домалату

алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-13 сантиметр) секіру


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:

нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу. Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

     

Спорттық жаттығулар:

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.


Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп

артикуляциялық гимнастика жасау


Сөздік қорды қалыптастыру.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен

таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу


Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіруін үйрету.


Байланыстырып сөйлеу.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.


Көркем әдебиет

Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Сенсорика

Берілген заттардың 3-2 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атауын жетілдіру.

Құрастыру

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинауды.

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қоюды жетілдіру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару.

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тануын ұйымдастыру.


Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпауды, жұмысты ұқыпты жасауды.


Мүсіндеу

Қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табуды.

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Фланелеграфта геометриялық фигураларды орналастыруын дамыту.


Музыка

Музыка тыңдау: Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.

Ән айту: Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу; денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.
































Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «..........»

қаңтар айы 2025жыл


Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.

Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.

Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).

    

Негізгі қимылдар:

белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру

тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.

аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру;

әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.

доптарды бір-біріне домалату

10-13 сантиметр биіктіктен секіру


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:

нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.


Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.


Сөздік қорды қалыптастыру.

Балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.


Тілдің грамматикалық құрылымы

Сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру

Байланыстырып сөйлеу.

қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.



Көркем әдебиет

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.

Сенсорика

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және
салыстыруға мүмкіндік беру.


Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу.

Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару.

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.


Мүсіндеу

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіруді

Жапсыру

Балаларды бейнелерді қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау:

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.


Ән айту:

Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып айтуға ынталандыру.

     

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.


























Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «..........»

ақпан айы 2025жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу.

Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы допты беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею.     

Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).


Негізгі қимылдар:

Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүру.

Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-23 сантиметр, ұзындығы 2-2,3 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру,

заттардан (биіктігі 10-13 сантиметр) аттап жүру, орнында баяу айналу.

бағытты өзгертіп, шашырап, 30-20 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 30 х 30 сантиметр модульге өрмелеу.

еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.

Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,3-1,3 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:

нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

     

Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.


Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

қарапайым сөз тіркестерін (2-2 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету

Сөздік қорды қалыптастыру.

Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету.

Тілдің грамматикалық құрылымы

сөздердің дұрыс айтылуын жетілдіру

Байланыстырып сөйлеу.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атауын қалыптастыру


Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.

Сенсорика

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.


Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қоюды пысықтау.


Қоршаған ортамен таныстыру

Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атауды.

Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдануды.

Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; Жақын адамдарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға баулу.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел. Қарды домалату ойнау және эксперимент жасау. Маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылауды үйрету.


Сурет салу

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасауды.

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстауды, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізуді Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеуді, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу дағдыларын дамыту.


Мүсіндеу

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдануды, қолды дымқыл шүберекпен сүртуді, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыруды, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру


Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту. Жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Фланелеграфта машиналарды, үйлерді доптарды, шарларды орналастыру.


Музыка

Музыка тыңдау:

Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру.

Ән айту: әннің қайталанатын сөздерін айтуға ынталандыру.   

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту.







Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «........»

Наурыз айы 2025жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.

Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.


Негізгі қимылдар:

шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.

гимнастикалық скамейканың үстімен жүру

аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру

арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.

Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,3-1,3 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру

10-13 сантиметр биіктіктен секіру


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

     

Спорттық жаттығулар:

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.(спорт залда немесе алаңқайда)


Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.



Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөздік қорды қалыптастыру. ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен атау дағдыларын дамыту

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіруді үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беруге ынталандыру.


Көркем әдебиет

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу және

бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдауын дамыту.


Сенсорика

Берілген заттардың 3-2 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыруды заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атауды.

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.


Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, әр баланы басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.

Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету.

Балалардың жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік нормалар мен құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға)

Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін таныстыру. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.


Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыруға ынталандыру.


Мүсіндеу

Мүсіндеуде қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат), және басқа заттардың ұқсастықтарын таба білуді үйрету.


Жапсыру

Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу) үйрету.

Бейнелерді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау:

Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.

Ән айту: әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.



















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «......»

Сәуір айы 2025 жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.

Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу


Негізгі қимылдар:

бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру

заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;

шашырап, 30-20 секунд бойына тоқтамай жүгіру

Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 30 х 30 сантиметр модульге өрмелеу.

Түрлі заттардың астынан 0,3-1,3 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.

Еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.


Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.


Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:

нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

     

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.


Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-2 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету

Сөздік қорды қалыптастыру. заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

Оқып беруде ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдауын дамыту.

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.


Сенсорика

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Берілген заттардың 3-2 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атауын пысықтау.


Құрастыру

Табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинауды.

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қоуын қалыптастыру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Үй құстарын (тауық, қаз, үйрек), Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, , тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасауды ұйымдастыру.


Сурет салу

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білуді, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеуді, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салуды дамыту.


Мүсіндеу

Сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.

Пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдетуді, кесектерді біріктіруді

мүсіндеуге арналған материалдарды қолдануды жетілдіру


Жапсыру

Бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.

Фланелеграфта геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру дағдыларын пысықтау.


Музыка

Музыка тыңдау:

 Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.

Ән айту: Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.

Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту.

















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024-2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «........»

Мамыр айы 2025жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

Қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу. Солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта); аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан- жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта) Қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;


Негізгі қимылдар:

сапта бір- бірден, екеуден (жұппен) жүру;

алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура жүгіру.

аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,3–2 метр қашықтықтан допты бір- біріне домалату

доғаның астымен (биіктігі 20 сантиметр) еңбектеу.

13-20 сантиметр биіктіктен секіру

саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.


Қимылды ойындар

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.


Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу.


Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.


Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.


Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.

Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айтуды менгерту.

Сөздік қор.

тұсау кесу дәстүріне байланысты сөз тіркестерін меңгерту

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдануды және зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдануды үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

Көркем әдебиет

Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу

Сенсорика

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

жақындарына қамқорлық танытуға баулу.

Заттық әлем.

заттардың атқаратын қызметтерін түсінуін меңгерту

Көлік, байланыс құралдары.

жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру

Еңбекке баулу.

Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамытуды жетілдіру

Менің Отаным Қазақстан.

Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.

Өсімдіктер әлемі.

кейбір көгөністер мен жемістердің түрін тану және атау, қарапайым түсініктерді

қалыптастыру пысықтау.

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру дағдыларын пысықтау.


Сурет салу

Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды пысықтау.

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдануды дамыту.

Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.


Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіруді.

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.


Жапсыру

Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.

Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасауды үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау

Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру.

Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.

Ән айту.

Ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанды ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!