400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап - рухан қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап адамзат баласының рухани кемелденуіндегі баға жетпес байлығы. Білімнің биік белесіне шығаратын құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Д. Қонаев «Рухани жетілудің «техникаланған»түрлі амалдары болса да, біз ақылды кітаптан артық дүние әлі ойлап таппадық ау» деп кітаптың маңызы туралы ерекше айтқан екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап – рухани қазына

Кітап адамзат баласының рухани кемелденуіндегі баға жетпес байлығы. Білімнің биік белесіне шығаратын құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Д. Қонаев «Рухани жетілудің «техникаланған»түрлі амалдары болса да, біз ақылды кітаптан артық дүние әлі ойлап таппадық ау» деп кітаптың маңызы туралы ерекше айтқан екен. Қазақта қара сөздің зергері, ақын Абай Құнанбаев атамыздың жас кезінен қаладан ауылға қатынаған адамдардан кітап алып оқуды әдетке айналдырғанын да көп жазбалардан білеміз. Абайдың оқыған кітаптары арасында батыс, шығыстың ең озық әдебиеттері де болған. Кітаппен дос болғаны соншалық, оның бүкіл пәлсапалық еңбектері Ислами дүниетанымға негізделгенінен де хабардармыз. Шәкәрім Құдайбердіұлы да Стамбул кітапханаларына барып, кітап іздеп шарқ ұрған. Шәкәрімнің халық танитын, құрмет тұтатын дәрежеге жеткені де – кітаппен дос болғандығында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Осы жобаға үлес қосу мақсатында сынып білім алушыларына каникул күндерін тиімді өткізу үшін бір кітап оқу тапсырмасы берілді. Білім алушылар каникул күндерінде кітаптарын таңдап оқып бастады. Оқылған кітаптарды талдау мақсатында сынып білім алушыларымен «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында білім алушылар өздерінің оқыған кітаптары бойынша бейнежазба, таныстырылымдарын ұсынды. Таныстырылымда «Автор нені айтқысы келді?», «Оның баяндау мәнері қандай?», «Қай тұстарын көңілге тоқуға болады?», «Мен бұл кітаптан не түйдім?» сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Ж. Акбаева кітап көрмесін ұйымдастырып, мектеп кітапханасының кітаптар қоры, білім алушыларға оқитын кітаптары туралы мәліметтер берді. Сынып сағаты соңында білім алушылардан, қатысушылардан кері байланыс алынып, осы жобаны дамытудың келесі қадамдары жоспарланды. «Білім таусылмайтын байлық» ал осы байлыққа жеткізетін құрал ол кітап. Қазіргі кезде жасөспірімдердің кітап оқуға құлшынысы аз десек, осындай іс-шаралардың олардың кітап оқуға құштарлығын арттыратын сөзсіз.



7 а сынып жетекшісі А. Курманбаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.03.2022
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі