Кітап - өмір ұстазы
Сабақтың мақсаты: Кітаптың сарқылмас қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын, тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, кітаптар суреті, плакаттар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе.
А)-Кітап – рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз. Кітапты шығару үшін көптеген адам еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз керек? Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдімей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсын атамыз.
-Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
-Қазір бейнетаспадан кітаптың шығу туралы көреміз.
Ә) кітап туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Орманшының аялы
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
Адамның досы кітап – өмір кілті.
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.
2. Мақал-мәтелдер айту.
Кітап – білім бұлағы.
Кітап - өмір ұстазы.
3. Көрініс.
Кітап: - Ух, шаршағаным-ай!
Бала: -Неге сонша мұңайдың достым?
Кітап: - Мұңаймасқа не шара менде, мен баспаханадан шыққанда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы еді?
Бала: - Енді не болды? Кім сені осы халге түсірген?
Кітап: -Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.
Бала: - Қой, достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын , ауруыңды емдетейін
Ондай жақсылығың болса рахмет. (дәрігерге келеді)
Дәрігер: -Иә, достар, қай жерлерің ауырады? Көріп жіберейін. Парақтарың жыртылыпты, түптеу керек, желімдеу керек. –деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай дейді:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
ІІІ. Қорытындылау.
-
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиеті мәңгілік. Ешқандай дүние, байлық оның орнын баса алмайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітап -өмір ұстазы 3сынып
Кітап -өмір ұстазы 3сынып
Кітап - өмір ұстазы
Сабақтың мақсаты: Кітаптың сарқылмас қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын, тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, кітаптар суреті, плакаттар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе.
А)-Кітап – рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз. Кітапты шығару үшін көптеген адам еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз керек? Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдімей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсын атамыз.
-Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
-Қазір бейнетаспадан кітаптың шығу туралы көреміз.
Ә) кітап туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Орманшының аялы
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
Адамның досы кітап – өмір кілті.
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.
2. Мақал-мәтелдер айту.
Кітап – білім бұлағы.
Кітап - өмір ұстазы.
3. Көрініс.
Кітап: - Ух, шаршағаным-ай!
Бала: -Неге сонша мұңайдың достым?
Кітап: - Мұңаймасқа не шара менде, мен баспаханадан шыққанда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы еді?
Бала: - Енді не болды? Кім сені осы халге түсірген?
Кітап: -Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.
Бала: - Қой, достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын , ауруыңды емдетейін
Ондай жақсылығың болса рахмет. (дәрігерге келеді)
Дәрігер: -Иә, достар, қай жерлерің ауырады? Көріп жіберейін. Парақтарың жыртылыпты, түптеу керек, желімдеу керек. –деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай дейді:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
ІІІ. Қорытындылау.
-
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиеті мәңгілік. Ешқандай дүние, байлық оның орнын баса алмайды.
шағым қалдыра аласыз













