400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап біздің рухани досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап бұл байлық ,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап – рухани досымыз



Адам жаратылысынан білімге, ізгілікке, көрегенділікке жаны құмар болып өсіп, жетіледі. Бұл жолда оның сенімді серігі, шынайы досы кітап екені анық. Кітаппен достасқан адамның бойындағы парасаттылық пен ақылдылық сынды қасиеттері жақсарып, адам өз ойын нақты әрі ашық айта алатындай болады. Кітапты көп оқу ойлау жүйеміздің жақсаруына, қиялымыздың дамуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік ықпалын тигізеді. Барлық білім кітапта. Кітаптың өзіндік түрлері де болады. Әуелгіде, кішкентай балаларға оқылуы жеңіл ертегі кітаптарын, кейіннен қысқа әңгімелер жинақтарын оқу дұрыс. Уақыт өте ойлау қабілеті мен қиялы артқан сайын көлемді шығармалар мен қомақты романдарды оқу жеңілдене түседі. Өмірдегі кез келген құбылыстар мен мәселелердің жауабын кітаптан табамыз. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. Бүл сөздің астарында терең білімділікпен қоса рухани байлықтың өзегі жатыр. Рухани бай болғымыз келсе кітапты үзбей оқып, түйген ойымызды өмірде қолданып, әрбір айтып жатқан сөздерімізге аса мән бере қарасақ өмірдегі өз орнымызды табуға септігін тигізері анық. Барлық ұлттың тарихы мен өнерін өз бойына жазып жүрген кітап қашанда қымбат дүние. Кітапты аяқасты етуге, оған құрметсіздікпен қарауға мүлдем болмайды. Әркез қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің көрегенділігіміздің көрінісі болмақ. Ендеше, ойымыз бен өмірімізді жақсартқымыз келсе кітапты үзбей оқып, жаратылыс пен табиғаттын сырын ашуға ұмтылайық.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.05.2023
341
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі