Кітап пен тіл - рухани байлықтың қос қанаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап пен тіл - рухани байлықтың қос қанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапхана - бүгінде әлеуметтік қызметі арта түскен, жазба да, ауызша да кеңінен қолданыла бастаған қазақтың мемлекеттік ұлттық әдеби тілінің мәдениетін, әдеби сөздің гармониялық заңдылықтарын, философиялық қырларын, логикалық сипаттарын терең зерделей отырып, түпнұсқаның рухын, сырын жеткізуге төселген талантты жастарды, оқырмандарды тәрбиелейтін орта.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бақытжан

АЙДОСОВА,

«Салтанат» сарайы

жанындағы қалалық

үлгілі кітапхана

меңгерушісі,

Ақмола облысы,

Көкшетау қаласы




КІТАП ПЕН ТІЛ - РУХАНИ БАЙЛЫҚТЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ


Кітапхана - бүгінде әлеуметтік қызметі арта түскен, жазба да, ауызша да кеңінен қолданыла бастаған қазақтың мемлекеттік ұлттық әдеби тілінің мәдениетін, әдеби сөздің гармониялық заңдылықтарын, философиялық қырларын, логикалық сипаттарын терең зерделей отырып, түпнұсқаның рухын, сырын жеткізуге төселген талантты жастарды, оқырмандарды тәрбиелейтін ортаға айналғаны анық.

Олай дейтінім, осы салада қызмет ете жүріп бүгінгі ұрпақтың өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табатынына көз жеткізген оқырмандар саны да жылдан-жылға өсуде. Демек, бұл - тілге деген қоғамның мәдени-рухани сұраныстарының талабы туған кезең.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоға луына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» десе, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының» 4 бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», – делінген.

Әрине, ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге де, мемлекеттік тілді дамыта түсуге ешқандай кедергі жоқ. Кез келген тілді меңгеру мәселесіндегі басты шарт – адамның өзінің ішкі ой-ниеті мен қажеттілігі.

Ал мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы екені сөзсіз.

Менің еңбек өтілім 36 жыл. Осы жылдар аралығында білім, мәдениет, архив, партия, кітапхана салаларында қызмет атқардым. Қай салада, қай қызметте еңбек етсем де әрдайым «Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру» бағытын ұстану менің басты парызым болды. Сондықтан болар, қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген шығармашылықпен айналысатын азаматтар қатарында Ақмола облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы байқауының 10 түрінің біріншісі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Тіл майталманы» номинациясы бойынша үміткер ретінде қатысуды жөн көрдім.

Құжаттар соңғы үш жыл атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша тапсырылуы тиіс болғандықтан кітапхана саласындағы жұмысыма тоқталып, дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, парасаттылық пен білімділіктің нағыз киелі ордасы, оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі болып табылатын кітапхана жұмысында да мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында көптеген мәдени-бұқаралық шараларды атқаруға болатынын дәлелдегім келді.

2021 жылдың 1 шілде айынан бастап «Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалдым. Өскелең ұрпақтың рухани дамуына үлес қосу үшін кітапхана саласының жұмысына білек сыбана кірістім. Қала балабақшаларымен, мектептерімен ынтымақтастықта жұмыс жүргіздім. Балалар және жасөспірімдер кітапханасы кітапқұмар, көзі ашық, көкірегі ояу жасөспірімдердің сүйікті мекеніне айналды. Балабақшалармен меморандумға отырып, «Зерек», «Еркемай» тәрбиеленушілеріне барып ертегі оқып, балдырғандармен түрлі шаралар ұйымдастырылды. Кітапханада өткен әрбір шара өскелең ұрпақтың кітап оқуға ынтасын, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, туған тілінде өз ойын еркін жеткізуге баулуға бағытталды.

Бұған дәлел боларлық бірнеше шараға тоқталып өтейін.

-Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және «Балалар әдебиеті» жылына орай «Тарихы терең тәуелсіз ел» тақырыбында оқыған кітаптары бойынша сурет байқауында Көкшетау қаласының 11 мектебінің 65 оқушысы қамтылды. Балалар жалпы адамзаттық құндылықтарға және кітап оқуға тартылды. Балалардың тілдерін дамыту, ұлттық әдеби шығармаларды оқуға ынталандыру мақсатында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына балалар жазушысы, ҚР Мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайымның шығармашылығын насихаттап, «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» атты онлайн кездесу өткізілді. Балалар тақырыбында өнімді еңбек етіп жүрген қаламгермен кездесуден жас оқырмандар үлкен әсер алды. Себебі, кітапты оқыған бір бөлек те, автормен жолығып, пікір алмасу – бір бөлек;

- «Болашаққа – кітаппен» тақырыбындағы кітаптар апталығы аясында «Кітап - сарқылмас қазына» тақырыбында Көкшетау - Алматы - Нұрсұлтан - Қарағанды қалалары арасында телекөпір ұйымдастырылды. Ондағы мақсат- шығармашылық интеллегенция өкілдерін, мемлекет және қоғам қайраткерлерін тарта отырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігін арттыру болып табылды. ZOOM платформасында ұйымдастырылған кездесуге белгілі ақын-жырау, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжанов, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Ғалым Жайлыбай ағаларымыз қатысты. Әріптестік байланыста Алматы облысы Алакөл ауданының «Алакөл аудандық кітапханасы» КММ-нің директоры Гүлнар Сүйеубаева, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының меңгерушісі Әйгерім Асылхан қолдау танытып, шараға онлайн форматта өз оқырмандарымен бірге қатысты. Жергілікті балалар жазушылары Серік Жетпісқалиев пен Қайырбай Төреғожа ағаларымызбен де кездесулер өткізілді.

Жылдық жоспарға балалардың ой өрісін кеңейтетін, ана тіліне сүйіспеншіліктерін арттыратын, танымал тұлғалардың мерейлі жастарына орай түрлі форматтағы шаралар енгізіліп, тынымсыз еңбек өз жемісін беріп, оқырман саны арттыруға септігін тигізді.

-«Балалар және жасөпірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Big Dream» баспасынан шыққан «Балалығым – балдәуренім» кітабының материалдарын, өңіріміздің жергілікті ақын, жазушыларымен хабарласып, өлеңдері мен әңгімелерін жинақтап, редакторға тапсырдым. Осылайша, өңіріміздің кітап құмар балаларының тіл байлығын дамытуға өз үлесімді қосып, кітапта құрастырушы болым енгізілдім.

Бүгінгі таңда «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасына ауысып жасы он бестен жоғары көпшілік оқырман қауыммен жұмыс барысында осы бағытымнан тайған жоқпын.

- 2023 жылдың қараша айында белгілі ақын, қарымды қаламгер, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Қорғанбек Аманжолдың 70 жасына орай «Өмірін өрген өлеңмен» тақырыбында әдеби сағатқа Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, әдебиеттанушы, PhD философия докторы, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, ҚР Құрметті жуналисті Қалымбек Мұхамеджанов, Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов қатысып, есімі дүйім қазақ жұртына таныс жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы, өнер өресі жайлы тарқатып сыр шертілді, ақынның өлеңіне жазылған «Зеренді қарағайлары», «Ана тілі» әндері шырқалып, оқушылар ақынға арнаған өлеңдерді оқып, жырдан шашу шашты;

- 2024 жылы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай жас ұрпақ санасына туған тіліне деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, шешендік шеберлікке, сыни ойлауға баулу мақсатында «Тіл –татулық тірегі» тақырыбындағы дебат ойыны өткізілді. Онда Көкшетау қаласының №9, №16 жалпы орта білім беретін мектептерінің ж әне №21 мектеп-лицейінің, Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары қамтылып, тартымды өткен дебат турнирінде І-ші жүлделі орынды Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясы иеленді. Бұл шара туралы ақпарат «Мәдениет» республикалық мәдени-сараптамалық журналының 2024 жылғы №9 санының 30-31беттерінде жарыққа шықты;

-Қазақстан Республикасы күніне орай Қазақтанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, насихаттау, ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылығын қолдау мақсатында «Қазақстан – Республикам менің» атты патриоттық тақырыпқа өлең оқу байқауын ұйымдастырып, Көкшетау қаласының 12 мектебінен 14 үміткер қатысты. Әр үміткер туған еліне деген сүйіспеншіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін жыр арқылы жеткізді. Бас жүлдені Серік Қалиевтың «Оян,қазақ!» өлеңін оқыған Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «б» сынып оқушысы Мүбарак Мадина қанжығасына байлады.

Д әл осы жылы «Кітапхана және Жастар» жобасы аясында «Көкшетау - жыр құшағында» атты мәнерлеп оқу байқауын өткіздім. Тартымды және тартысты өткен жыр додасына Көкше еліне деген сүйіспеншіліктерін жергілікті ақындардың өлеңдері арқылы жеткізу үшін Көкшетау қаласының жеті орта арнаулы білім беретін білім мекемесінен 27 үміткер бақ сынады. Бас жүлдені Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Жанболат Шрайденов жеңіп алды. Бұл екі байқауда да қазылар алқасының төрағасы болған белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, мәдениет және тіл жанашыры Қаратай Байкенұлы Төлекеев.

Барлық іс-шараларды ұйымдастыруда ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға басымдық жасап, оқырмандардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағыттауды басты назарда ұстаймын. Бұндай байқауларды ұйымдастыруда жауапкершілік көп (демеушіні іздеп табу, марапаттарын басып шығару, безендіру т.б. қаражат қажет ететін мәселелер). Алайда, ұйымдастыруға қажетті жұмыстардың қиындығынан, одан шығатын нәтиже мені көп толғандырады. Басты мақсат, қатысушының патриоттық сезімін оятып, өз елін, өз ана тілін сүйетін тұлға қалыптастыру. Болашақ ұрпақты жан-жақты, рухани бай, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу.

Б ұдан басқа танымал тұлғалардың мерейлі жастарына орай өткізілген шаралар легі көп. Мысалы, 2024 жылы өзіндік ақпа ақындығымен Көкшетаудың асқарын аспандатып, айбатын асырған Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына орай өткізілген «Көкшенің көк нөсері Көкен ақын» атты тақырыптық кештің шымылдығын №21 мектеп-лицейінің, Красный Яр № 3 мектеп – гимназиясының оқушылары ақынның қаламынан шыққан және ақын туралы жазылған жырлар шашуымен ашты. Кеш қонақтары ақын, жазушы Серік Жетпісқалиев, Ш. Уәлиханов университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, мәдениет және тіл жанашыры Қаратай Төлекеев қазақы сөздің қадір-қасиетін жоғары бағалап, көркемдігін барынша пайдалана білуге үндеген халық ақыны Көкен Шәкейұлының шығармашылық жолын насихаттап, оқушылардың ой көкжиегін кеңейтті. (Мақала «Махамбет» журналының 2024 жылғы №3 саны 30-36 б.)

2 025 жылдың алғашқы шарасын белгілі қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, журналист, жерлесіміз Ғосман Төлеғұлдың 75 жылдығына орай «Аударма өнерінің хас шебері» тақырыбындағы еске алу кешімен бастадық. Еске алу кешіне келген зиялы қауым өкілдері Е.Б.Нұғыманов, Ш.Ш.Алиев, Қ.Б.Төлекеев, М.Қ.Жақыпова, Н.А.Ахат, С.Н.Жәмбек, М.Ғ.Есмағанбет, Б.Х.Смағұл, замандастары жастарға дарынды тұлғаның қай қияға салса да көтере самғататын адами қасиеттерін, білімі мен білігін, ақыл –парасатының молдылығын үлгі етіп, тілді дамыту, туған тілдің мәртебесін нығайту жолындағы атқарған ауқымды жұмыстарын еске алды. Бұл шарада тәржіме сынды аса қиын іске бар өмірін арнап, қазақ әдебиетінің қоржынына мол олжа салған абзал ағамыздың жанкешті еңбегі насихатталды. Шоқан Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің студенттері Ғосман Төлеғұлға арнаған Қорғанбек Аманжолдың «Азамат», «Ғосман ғибраттары», Ахмет Кендірбекұлының «Кемел», Сайлау Байбосынның «Өзіңе деген ізетімді аға!...» , Кемел Оспановтың «Ғибратты ғұмыр» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл шара туралы мақалам «Махамбет» халықаралық әдеби-мәдени танымдық журналының 2025 жылғы №1 нөмірінің 2-12 беттерінде жарияланды.

«Кітапхана және Жастар» жобасы аясында қазақ халқының ұлы перзенті аса көрнекті ойшыл, ағартушы – демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Аққан жұлдыз» тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді. Оқырмандар конференциясы жұмысы аясында қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстаннан шыққан демократ, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф ағартушы Ш.Уәлиханов туралы баяндамалар оқылды. Жастар туған елінің мәдениетін, әдебиетін тұңғыш зерттеген ғалымның көп қырлы шығармашылығы туралы өз пікірлерін ортаға салды. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері «Аққан жұлдыз» романынан үзінді қойды. Арманшыл әрі батыл, ержүрек Һәм сыршыл, сұлу да сарбаз, терең де білімдар, ұлтын сүйген Шоқанның образын керемет сомдап Шоқан Шыңғысұлының рухына құрмет көрсетті.

Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО педагогикалық ғылымдарының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай батыр атындағы №3 мектеп-гимназиясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға қатысқан өскелең ұрпақ батырды көзі көрген, өңірге танымал өлкетанушы, тарихшы, еңбек ардагері Қабыкен Қоңқаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушысы, доцент, азаматтық қорғау подполковнигі Гүлбану Мадинамен кездесіп баһадүр, білімпаз, ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігі, қайраткерлік, санаткерлік істері мен ұлттық әдебиеттану, фольклортану, педагогика ғылымдарын дамытуға қосқан зор үлесі, азаматтық келбеті туралы терең мағыналы ақпарат алды. Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Біржан Баймағанбет батырға арналған «Ғажайып өмір баспалдағы» атты жылжымалы көрмесімен, кітапханашылар «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырды. Шара туралы мақалам 2025 жылғы «Жұмекен» республикалық әдеби-танымдық журналының №1 санының 67-74 беттерінде және «Махамбет» халықаралық әдеби-мәдени танымдық журналының №1 басылымның 2-15 беттерінде жарыққа шықты.

Міне, осындай тағылымы мол шаралар арқылы кітапхана қызметкерлері де Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жолында шығармашылық танытып, еңбек ете алады. Бұл жерде тек бірнеше мәдени-бұқаралық маңызы бар шаралар арқылы дәлел келтірілді. Бұл атқарылған жұмыстардың барлығы қазақ тілінің аясын кеңейтіп, ана тілін еркін меңгерген, елжанды, кітап оқуға құштар ұрпақ қатарын мейлінше арттыру мәселесінде өзекті болып табылады деген ойдамын. «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана көпшілік оқырман және әдебиетсүйер қауым арасында 2024 жылы 65 шарада 2034 қатысушы қамтылып, 1510 оқырманға қызмет көрсетілді. Биылғы жылдың жарты жылдығында 31 шара ұйымдастырылып 939 қатысушы қамтылды. Ал оқырман саны бұл кезеңде 930 адамды құрайды.

Әрине, әр өткізген мәдени шараларда, белгілі тұлғалармен кездесулерде шарболаттай сеніммен нық сөйлейтін, өзіндік пікір өрбітетін жастарымызды көріп, тіл өнерінің мөлдір әлеміне құмарпаздықпен ұмтылуына іштей сүйсініп, тілектес болып жүремін. Барлық атқарылған жұмыстар фейсук, инстаграмм парақшаларында, ауқымды шаралар өңірдің «Арқа ажары», «Бұқпа», «Көкшетау» газеттерінің және «Үш қоңыр» халықаралық әдебиет, мәдениет және өнер газеттерінің беттерінде жарияланып тұрады. Байқауға құжаттарымды тапсырғанда үш жылда атқарылған мәдени – бұқаралық шаралар туралы жазылған кең көлемді барлық мақалаларымды , шара бағдарламаларын папкаға жинақтап салдым.

Е рекше алғысымды қалам қайраткері, «Болат медиа» мекемесінің директоры, «Үш қоңыр» Халықаралық әдебиет, мәдениет және өнер газетінің бас редакторы, «Махамбет», «Жұмекен» халықаралық әдеби-мәдени танымдық журналдарының құрылтайшысы, бас редакторы, белгілі журналист, баспагер, Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетнің Құрметті өкілі, рухани ағам Болат Батырға білдіргім келеді. Болат Батыр осынша лауазымы бола тұра өте қарапайым, кең пейілді, жомарт жан. Әрдайым, талапты жандарды шығармашылыққа жетелеп, дем беріп, қолдап жүреді. Барлық шаралар туралы мақалаларымыз үздіксіз халықаралық басылымдарда жарияланып отырады. Сондай ақ, кітапхана шараларының мазмұнды, мағыналы болып өтуіне зор үлесін қосып жүрген қарымды қаламгер, тіл және мәдениет жанашыры Қаратай Байкенұлы, Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Алиев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» директоры, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің, Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек ағаларымызға, Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов бауырымызға, көптеген шараларды ынтымақтастықта ұйымдастыруға келісім білдіріп, қолдау танытып жүрген «Аmanat» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов пен Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Қуаныш Шақшақовқа айтар алғысым шексіз.

Міне, осы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бесінші қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні марапаттау рәсімі өтті. Жасаған еңбегіміздің жемісін көріп қуандық.

Бұл күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл», деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланатын мереке.

Осы айтулы күнге орай Көкшетау қаласының Болашақ сарайы ғимаратында Ақмола облысы әкімдігі және «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қ ұттықтау сөз алған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Амренова тілдер саясаты мен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқтала келе, тіл жанашырларының қоғам тұрақтылығын сақтаудағы еңбектеріне алғысын айтып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының академигі, профессор Бердібай Шалабайға «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін табыстады.

Тіл саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Уразбаева Күнім Әбдісалыққызын марапаттады.

Тіл саясатының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарын иеленді. Марапатталушылар қатарында Алашқа аты мәлім адуынды ақын Алмас Темірбай бауырымыз болды.

Келесі кезекте тілге қатысты түрлі байқаулардың жеңімпаздары марапатталд ы. Маған Ақмола облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Тіл майталманы» номинациясының жеңімпазы атану бағы бұйырды. Екі жүз мың теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталдым.

Марапаттау рәсімінің жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Барлық марапат иелерін тілді дамытуға қосқан сүбелі үлестеріңіздің жетістігімен құттықтаймын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін! Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс пен игі бастамалар тілеймін.

Қасиеті терең, құнары мол қазақ тілін өз мәнінде қолданып, жат тілге тәуелді болмай, болашақ жас ұрпаққа жеткізу баршамыздың азаматтық парызымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек деп санайды. Ендігі мәселе – сол ана тіліміздің ұлы көшке ілесіп, қатардан қалмай, алға озуында.

Олай болса, ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты - тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етіп, жемісін көрейік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тіліміздің мәртебесі биік болсын.

 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі