Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап сарқылмас қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін және кітаптың жасалу жолы туралы түсіндіреді.Оқушылардың зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамытып кітап оқуға деген құштарлықтарын оятады.Оқулықты құрметтей білуге,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбелейді. Бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Донда Сенбин атындағы орта мектебі









Кітап – сарқылмас қазына


Тәрбие сағаты

4-сынып

Байгараева Г.К

2015-2016 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: Кітап –сарқылмас қазына

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға білімнің кітап арқылы  берілетінін

ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.
2.Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл

байлығын,  ой-өрісін дамыту, кітапқа қызығушылықтарын

арттыру. 
3.Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке,

тәрбиелеу. 

Түрі: театрландырылған аралас-танымдық сағат.

Көрнекілігі: кітап туралы нақыл сөздер, слайдтар, оқулық макеттері,

суреттер,жаднама, кітаптар көрмесі.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, рөлдік қойылым, монтаж,көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім сөзі: 
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,

Құнды байлық баға жетпес бұл өте

- деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.
Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті

4-сынып оқушыларының кітап туралы жиған-тергендеріне берейік.

Мұғалім: Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап – біздің ең жақын ақылшымыз.

1 – оқушыСаған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

2 – оқушы: Орманшының аялы

Алақаны өсірген

Сансыз ағаш саяла,

Қағаз үшін кесілген.

3 – оқушы: Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

4 – оқушы: Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағаштан тасыған,

Білер ме көп ағаны.

5 – оқушы: Заводтарда күні – түні,

Қағаз жасап бағалы

Қанша адамның кім үшін,

Маңдай тері тамады?

6 – оқушы: Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

7 – оқушы: Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

8 – оқушы: Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.



9 – оқушы: Оқулықты мектебің

Берер саған теп – тегін.

Білмейсің –ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

10 – оқушы: Оқулығың құралың,

Жоғары білім шырағың.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

11 – оқушы: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Балалар, ортамызға кітапты шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар суретс алады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.

Мұғалім:Кітап, ендеше сен, бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.

Шекспир. 

Наданмен қас болғанша,

Кітаппен дос бол.

Бауст.

Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.

Гюго.



Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Толстой.



Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.

Каменский.

Кітап — мұхит, сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

 

Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем. Горький

 

Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Горький

Мұғалім: Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп жүрген мектебіміздің кітапханашысы Ирина апайларыңа сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)
Кітапханашы:  Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласымыз, адал досымыз.Кітап – жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ақыл кеңес, тәлім –тәрбие, үлгі - өнеге береді. Елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке баулиды. Сондықтан кітапты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды.

Мен енді сендерді кітап туралы ережелермен таныстырайын:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.


Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім: Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз

басылымы” деген сөз. 
Кітап -өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Адам кітап басатын құралды ойлап  тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар

мазмұны жағынан  әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да,

безендірулеріне де қарай әртүрлі болады.

Мұғалім:-Оқушылар,ертеде болған  кітаптың түрлерін  тамашалайық. Слайд

көрсету:

*Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд) 
*“Папирус” кітабы.( слайд) 
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын

су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға

шиыршықтап оралды. 
*“ Пергамент” кітабы.( слайд) 
*Кітап басу цехы.( слайд) 
*Түптеу цехы.( слайд) 
Мұғалім: - Кітап жасау оңай ма?  Кітап жасауда қанша адам қатысады?  Кітаптың өмірі ұзақ па?  Ұзақ не қысқа болса ол неге байланысты? Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?

Оқушылар пікірлерін тыңдау.

Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
Көрініс: «Кітаптар мұңы

Ортаға Кітап-ханшайымы кіреді.

Кітап-ханшайымы: Сәлемсіздер ме, достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздердің достарыңмын. Достарың туралы көп білесіңдер ме? Менің әжем қандай болғанын білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар. Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар  мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.

Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.  Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. 

(Әліппе жылап кіреді.)

Кітап-ханшайымы: Ау әліппе, саған не болды? Неге жылайсың?

Әліппе: О, кітап ханшайымы, мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере жаздады, Бір әдепті бала көмек беріп, құтқарды.

Кітап ханшайымы: Қатты реніштісіз ғой.
Әліппе: Қалай ренжімейін?!

Бар білімнің көш басы, Әліппе едім салмақты.

Бүлдіршіндер менімен сауат ашып достасып,

Құрметтеп мені, қоштасқан.

Балаларға не істегенімді білмеймін, парағымды паршалап, қорғаныш мұқабамды қабырғасын күйретіп,  мені апарып сүйретті... (жылайды)
Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой. Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз. Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.

(Қатты әуен ойнайды)

Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?

Ана тілі: Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт

бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын

ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан

келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде - кем.
Математика: Менің де оңып тұрған жерім жоқ, әріптесім. Мен «Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасына аттағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей - ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып - бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.
Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес, бар. Алайда олардың бір кемшілігі - Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді.
Математика: Менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз - мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды.
Ана тілі: Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан фабрикада баяғыдай қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, ол жерден қайта кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен.

Екі кітап мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді)
Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.
Кітап ханшайымы: - балаларым, оқы, ойна,

Оқу, білім, саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма!

Кітапқа құрметпен қарап, оны таза, ұқыпты ұстаңдар,

балалар!

Мұғалім: Ал балалар, кітап туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме? Ортаға шақырамыз.

Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын алып неден.

Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көктеп.

Кітаптар-бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап ап,
Көтеріп күйін көңілдің.

Айдың шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Кетпейді ешбір жадымнан,
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жадымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы.

Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен.
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрдім әлі мен.

«Кітап күнтізбе емес»
Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.
- Берік, бері келші
- Не, аға?
- Ана тілі кітабыңның бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?
- Мен
- Неге?
- Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар.
- Е, сонда кітап күнтізбе болғаны ма?
- Ия, - деді Берік
- Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатысып кетемін.
Ағасы қабағын түйіп:
- Бұлай етуге болмайды, - деді.
Ал Берік нық түрде:
- Болады, - деді. - Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді.
Ағасының көзі атыздай болып кетті.
- Кітапты жыртуға болмайды. «Кітап - біздің досымыз» дегенді білесің бе?
- Білемін
- Сондықтан кітапты күтіп, ұқыпты ұстау керек.
Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды.

«Ескі кітап»
Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә үшінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:
- Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?
- Жоқ
- Енді не болды?
- Маған мұқабасын мыж - мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:
- Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні - сіңлілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.

Ойын «Иә мен жоқ».

-Кітап жаңбыр мен қардан қорқады.  Неге? (1 сурет) .

(балалардың жауабы)

-Дұрыс, себебі судан ол бүлінеді. Мұқабасы ісіп, беттері мыжым-мыжым болады. Оны ұстағың келмейді. Сен кітапханаға баруың керек. Далада жаңбыр, не қар жауып тұр. Не істеуге болады? 

Оқушылар. Кітапты су өткізбейтін  пакетке не сөмкеге салу керек.

Мұғалім:   -Кітап кір қолдан қорқады. (2-3 сурет). Неге?

Оқушылар. -Кір қолдан із қалады. Майдан қалған дақты кетіруге қиын.

Мұғалім. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға болмайды.

-Кітап нені ұнатады деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, оны күтіп,  ұқыпты ұстағанды  ұнатады.


 Жалғастыр”.  Ойынын ойнау.
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 
3.Кітап – ... (алтын қазына). 
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

5. Әліппенің ар жағы- (білім бағы)

6.Көп біл,  (аз сөйле)

7.Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.)
8. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

Мұғалім. Кітабың сенің, құралың, 

Жағар білім шырағын. 
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір қадам. 
Кітабыңды құрметте, 
Күтіп ұста кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Дақ түсірмей бір бетке.







К і т а п

К і т а п

х а н ш а й ы м ы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
3346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі