Материалдар / кітапханада өткізілетін іс-шаралар жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

кітапханада өткізілетін іс-шаралар жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашылар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
1685
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітапханалық сабақтың тақырыбы: Кітап және оның құрылымы 2 сынып
Мақсаты:
1. Оқушыларға кітаптың қоғамдағы орнын, барлық білімнің кітап
арқылы берілетіндігін ұғындыру.
2. Оқушылардың кітапты қадірлеуге ұқыпты ұстауға деген
сезімін оята отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
3. Кітап құрылысының жаңа элементтерімен таныстыру.
Көрнекілік - құрал жабдықтар: Компьютер, слайдтар,
электрондық көрме, кітаптар, кітап макеті, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: 1. Кіріспе сөз.
Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымыз дәстүрлі емес, ерекше сабағын өткіземіз.
Кәнекей балалар, жұмбақ шешіп көрейік.Жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Экранға назар аударамыз (Слайд)
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде,
Керекпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де
Жауабын үш тілде айтады /*Кітап * Книга * Book/
Кітапханашы: Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің сабағымыз кітап туралы болады. Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін бір бірімізге жылы лебіз сөздер айтайық. Ол ұшін бәріміз орнымыздан турып бір бірімізді құшақтап жылы лебіздерімізді білдірейік.
Кітапханашы:Рахмет. Енді балалар кітап қалай пайда болғанын және кітаптің құрылымы туралы айтып бергім келеді.
Кітап-араб сөзі-жазба, ал түрікше дәптер, мерзімді баспасөз басылымы дегенді білдіреді.
Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Кітапханашы:Балалар біз кішкентай кезімізден бастап кітаппен таныспыз. Кітаптың түріне біз үйреніп кеттік. Ал, сендер білесіңдерме алғашқы кітаптар қандай болған?
Балалардың жауптары: Жоқ.
Кітапханашы: Алғашқы адамдар тастарға әртүрлі жануарлардың,адамдардың суреттерін салған. Бырақта тастарта өте ауыр, ыңғайсыз болған. Кейіннен адамдар жіпті түйіншектеп кітаптар жасаған.(узелковая книга).
Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған
Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.
Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.(Слайд)
Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады. Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған Ондай кітаптардың ұзындығы 10 м жеткен
Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда Перғам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген.
Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған
ХІІІ ғасырда Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз пайда болды.
Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.
Кітапханашы:Осылай, кітап қазірғі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған. Ал, қазіргі кітап қайдан келді.
Кітапты жасау үшін адам баласы көп еңбек етеді. Алдымен, адамдар орманнан ағаш кеседі, оны фабрикаға апарады, фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан адамдар оған өз шығармаларын, еңбектерін жазады, сурет салады. Баспаханалар болса, шығармалар мен суреттерді кітап, журнал, газет түрінде басып шығарады. Оны жұмысшылар машиналармен қалаларға, ауылдарға апарады.
Кітапханашы:Балалар, кітаптың шығу тарихын білдік, енді кітаптің құрылымен танысайық. (Слайд)
Кітапханашы: Балалар, бәріміз өзміздің үстімізге қарайық. Не көріп турсыңдар?
Балалардың жауптары: Киім
Дұрыс айтасыңдар, кітаптыңда сыртқы киімі болады. Ол мұқаба деп аталады.
Мұқаба дегеніміз – ол кітаптың ең сыртқы беті, былайша айтқанда үстіне киген киімі, сендердің де үстілеріңде киім бар ғой , сол сияқты кітап та киім киеді. Ол кітапты жыртылудан, кірленуден қорғаумен қатар кітапты әдемі етіп көрсетіп тұрады.
Кітапханашы:Кітапты ашсақ не көреміз? Кітаптың беттері, яғни парақтары. Ең бірінші беті титул беті деп аталады.
Мұқабада жазылғандар Титул бетінде де қайталанады.
Кітапты жазған адамның аты – жөні, кітаптың аты, ал Титул бетінің соңында кітаптың қай жылы, қай баспадан, қай қалада шыққаны жөнінде мәлімет беріледі. (Слайд)
Авантитул дегеніміз – Титул бетіне дейінгі орналасқан бет. Бұған көбінесе баспа өзінің баспалық белгісін, ерекше б ір тақырып цитата немесе кімге арналғандығын немесе нақыл сөздерді орналастырады. Немесе кітап авторының суреті де орналасады.
Аннотацияда кітаптың не туралы жазылғандығы жайлы қысқаша ғана жазылған мағлұмат
Алғы сөзден кітап туралы, оның бас кейіпкерлері туралы, кітап авторының өмірбаяны т.б мәліметтер алуға болады.
Иллюстрация дегеніміз кітаптың суреті. Кей кітаптың суретіне қарап мазмұнын түсінуге болады.
Мазмұны.Кейбір кітаптың ішінде бірнеше әңгіме, ертегі, повесть т.б сол сияқты түрлері болады.
Солардың ішінен өзіңе керектіңді тауып алу үшін немесе кітап ішінде қандай шығармалар бар екендігін білу үшін мазмұнына қараймыз. Мазмұнында бәрі жазылып көрсетілген.
Форзац – Мұқаба мен негізгі беттерді жалғастыру үшін, қосу үшін қажет немесе негізгі бөлім мен мұқабаны жалғастырушы. Баспаның безендіру элементі ретінде қолданылады. Оқулықта форзацта негізінен формулалар, таблицалар, ережелер сендердің естеріңде жақсырақ сақтау үшін қажет.
Кітапханашы: Кітап – адам санасын қуаттандыратын, біздің адал досымыз, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз. Ол үшін кітапты көп оқу қажет екендігін жадымызда сақтай білуге, қастерлеуге, құрметтеуге ұмтылдыратын- кітап екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, - деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі «Кітап және оның құрылымы» кітапханалық сабағымызды аяқтаймыз.


































Білім кілті - кітапхана.Кітапханаға саяхат жасау 1 сынып

Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер: білім, кітап туралы жазылған плакаттар, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем», жазушылар суреттері.

«Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» (Максим Горький, ұлы орыс жазушысы)

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» (Ғабит Мүсірепов, жазушы, көсемсөзші, драматург)

«Білімнің бас құралы - кітап» (Ахмет Байтұрсынов, ақын, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері)

«Оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» (Дени Дидро, француз ойшысы, жазушысы)

Сабақтың барысы:
Кітапханашы: Армысыздар оқушылар! Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Бұл кітапхана сабағы. «Білім кілті – кітапхана» атты кітапхана сабағына қош келдіңіздер! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:
Балалар, бұл жол басы жаңалыққа.
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?
Кітапханашы:
Балалар! «Кітап»деген сөз арапша «жазба», ал түрікше «дәптер»деген мағынаны білдіреді. Қазақ кітап баспасында 1800 жылы «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы деп аталатын тұңғыш қазақша кітаптар шыға бастады. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Кітап әлемі – кітапхана. Ал, енді кітаптар мекені – кітапханамен танысайық.
Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынада
Балалар, кітапханада«Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдар бар.
«оқу залында» оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз?(Жауап)
- Дұрыс. Кітапханада кітапты кітапханашы апайдың көмегімен таба аламыз.
Сондай - ақ, балалар кітапханада «Абонемент» залы да бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады.
Ал, оқырман формуляры – ол әр оқырманның куәлігі, оқушы алған кітапты кітапханашы оқырман формулярына жазады.

Ал жұмбақ шешейік. (Оқушылар жұмбақты шешеді).
I. 1. Бірінші әріп - көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп - тісте бар, бұрымда жоқ,
Үшінші әріп - бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп – құлақта бар жүректе жоқ.
Бесіншісі –«П»әрпі ақырғысы
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (Кітап)
2. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды оқи берсең кіргізеді. (Кітап)
3. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
4. Қабат – қабат қаттама,
Қаптамадан аттама.
Ақылын оның алабер,
Айытқан сөзін жатта да. (Кітап)

Білімнің атасы кітап. Сондықтан кітап, балаларға ақыл, кеңес береді.
– Кітап – ел мен жерді сүю, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
Кітапханашы: Балалар, кітап қалай жасалатынын сендер білесіңдер. Кітап жасаған кезде адам көп еңбектенеді: редактор, автор, жазушы, суретші, содан кейін кітап баспаханадан басылып шығады,
Ал, балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін»есте сақтап жүріңдер
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау - бәріміздің міндетіміз.
Кітаптың беттеріне сурет салмаймыз және суреттерін қиюға болмайды!
Тамақ ішкен кезде кітапты оқуға болмайды!

II. «Шежіре» кезеңі.
Кітапханашы: Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей «Мақал - мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы,...(білім өмір шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз...(күнің жоқ)
• Кітапсыз үй -...(жансыз дене).
• Күш – білімде, ал білім –...( кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей...( оқып көруге).
• Наданмен дос болғанша,
….(Кітаппен) дос бол.
• Оқысаң озарсың...(оқымасаң тозарсың)


Кітапханашы:
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ислам Шұғаев

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар сендер кітаптарды оқып кітаптар мен дос боласыңдар деп ойлаймын. Осы мен балалар енді кітапхана қай жерде орналасқан және осында көп кітаптар бар екенің енді білесіңдер.
Біз сендерді күтеміз!













Тақырыбы: Кітап-біздің досымыз. Кітапты ұстау мәдениеті 1-4 сынып


Мақсаты: 1) Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу 2)Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 3)Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы, күту ережелерімен таныстыру

Көрнекілік: Жұмбақтар,дәптер,жырлар жинағы,тақта,нақыл сөздер.

Әдістер: түсініктеме,оқу, тыңдау, шешу.

Түрі: түсініктеме-ереже.

Барысы:

Жоспар:1.Кіріспе.(жұмбақ шешу)

* Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап сыры бар неше.

Алуан тұрсаң шындап жүрмейтін жеріде жоқ  әлемде оның,

Қадірлі мейлінше зор,ол кеткен зат?

Ізіне іздегендер жол табады,

олжаны аздап емес мол табады.

 

*   Тіл бар да үні жоқ.,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар,қаны жоқ

Сөйлей туған ішінен.

(Кітап)

2) Кітап қалай жасалады.

3) Кітап-рухани байлығымыз

4) Кітап-адам досы  

5) Кітапты күту ережесі

Кіріспе: Кітап та алма ағашы ,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін- деп

мазмұндар аталарың жырлағандай,әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,

рухани қазына.Кітапты оқи отырып адамның еңбегімен, құрбы-құрдастары мен танысып,жақсы болуға, жақсылық істерге құштарландыратын осы-құрал кітап.

Кітап білімізді молайтады,кітаптар көп үлгі-өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз.Оқыған,тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау алынбайтын қамал жоқ.. «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз.

  1. Кітап қалай жасалады? Кітапты жасау үшін адам көп еңбек етеді. Алдымен орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан кейін оған авторлар жазады, сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады.

Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.

Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады.

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім,ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

  1. Кітап-рухани байлығымыз. Халқымыз кітапты аса құрметтейді.Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» дейді.

Оқулықты мектебің

Берер саған теп-тегін

Білмейсің-ау сен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін

Оқулығың құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.Ол елді,жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.Кітап-жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

  1. Кітап-адамның досы

  2. Адамның досы- кітап өмір кілті.

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден

Басталған білім басы әліппеден

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысақ кітап сырын ашып неден

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын салып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнде маған

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп

Өседі  сол кітаптан бұтақ көктеп

Молайтып ақылыңды сан еселеп

Береді білім нәрін кітап көптеп

 

  1. Кітап күту, ұстау ережесі

5.1. Кітап-адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы,ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.

5.2. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін күнде кітап оқуға 3-4 сағ бөлуді жоспарла.

5.3. Кітапты қалай болса солай оқымай,, белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.

5.4. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.

5.5. Кітапты  оқығанда ойға сақтауға жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға әдеттен.

5.6. Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып,сөйлемнің мәні де өткір, ойлау қабілетің терең болады.

5.7. Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау - бәріміздің міндетіміз.
5.8. Кітап-адал пейіл, асыл дос.кітап шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылги дос боп өтер ем.

Жыртылған кітапты жөндеу дағдысына үйрету. 

Бөбектерім оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда

Кітабыңның шетін жыртып

Сияменен бояп қойма

Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа

Таза ұстап, оқы мені, қастерле!

Бар білімді мен егемін санаңа!













Тақырыбы: «Мен қандай оқушымын ол туралы менің кітабым айтады» 5-9 сыныптармен әңгімелесу
Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер. слайдтар
Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
Сәлеметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе, жер!
Сәлеметпіз біз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
-Бұл кімнің өлеңі?

Кітапханашы:  Балалар, ең әуелі жұмбақ шешуден бастайық.
1. Үндемес серік, ақылы берік. ( кітап)
2. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. ( кітап)
3. Бір ғажап бар, тілі жоқ, сөйлесем десең міні жоқ. ( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)
Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ. Кім біледі, балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан. Қандай мағына береді?
Кітап туралы не білеміз?

Жауаптары:

 Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.


Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде — ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек

Кітап бізге

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!