400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітапханаға кітап сыйла тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Кітапханаға кітап сыйла

Мақсаттары


Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

А.Байтұрсынұлының мына өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі әдеби кешіміз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітапқа арналады.

Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.

Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ал М.Горький болса «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін алдымен кітапқа борыштымын» деген. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.


Оқушылар үйден әкелген кітаптарын таныстырады


презентация







Сабақтың ортасы


Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Лаура: Кітабың – сенің құралың
Жағар білім шырағың
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Зүлфина: Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты
Бәрін - бәрін көріпті
Оқи берген кітапты.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан,
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан


Кітап арабтың   “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.



1.Оқу  — білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.
2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
3.Кітап-ақыл ойдың айдыны
4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
7. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
8.Кітап — алтын қазына.
9.Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім





Интербелсенді тақта/ компьютер



қыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол
кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз
ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс
бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
**Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.
**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
**-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.
**-

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
03.12.2023
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі