-
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП:
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақ мақсаттары
Білімнің кілті кітап арқылы берілетін ұғындыру, кітаптің адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Бағалау критерийі
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар
Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Сабақ барысы
-
Жоспарланған уақыт
Сабақ барысы
Ресурстар
Басталуы 3минут
Ұйымдастыру кезеңі:
1)Оқушылармен сәлемдесу.
2)Оқушыларды түгелдеу.
3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу
Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.
Топқа парта бойынша бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі сынып сағаты бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітапқа арналады.
Суреттер, слайд
Бағалау

Ортасы 20 минут
«Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» (Максим Горький, ұлы орыс жазушысы)
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» (Ғабит Мүсірепов, жазушы, көсемсөзші, драматург)1-тапсырма. Жұмбақ шешу
Оқушылар жұмбақты шешеді
I. 1. Бірінші әріп - көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп - тісте бар, бұрымда жоқ,
Үшінші әріп - бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп – құлақта бар жүректе жоқ.
Бесіншісі –«П»әрпі ақырғысы
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (Кітап)
2. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды оқи берсең кіргізеді. (Кітап)
3. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
4. Қабат – қабат қаттама,
Қаптамадан аттама.
Ақылын оның алабер,
Айытқан сөзін жатта да. (Кітап)Білімнің атасы кітап. Сондықтан кітап, балаларға ақыл, кеңес береді.
– Кітап – ел мен жерді сүю, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
Кітапханашы: Балалар, кітап қалай жасалатынын сендер білесіңдер. Кітап жасаған кезде адам көп еңбектенеді: редактор, автор, жазушы, суретші, содан кейін кітап баспаханадан басылып шығады,
Ал, балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін»есте сақтап жүріңдер
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау - бәріміздің міндетіміз.
Кітаптың беттеріне сурет салмаймыз және суреттерін қиюға болмайды!
Тамақ ішкен кезде кітапты оқуға болмайды!2-тапсырма «Шежіре»
Кітапханашы: Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей «Мақал - мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы,...(білім өмір шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз...(күнің жоқ)
• Кітапсыз үй -...(жансыз дене).
• Күш – білімде, ал білім –...( кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей...( оқып көруге).
• Наданмен дос болғанша,
….(Кітаппен) дос бол.
• Оқысаң озарсың...(оқымасаң тозарсың)Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Аяқталуы 10 минут
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ислам ШұғаевЗаманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, оқушылар сендер кітаптарды оқып кітаптар мен дос боласыңдар деп ойлаймын.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік
пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы
2 мин
Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:
- Мен бүгін ........білдім
- Маған .... қызықты болды
- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітапханаға саяхат

шағым қалдыра аласыз