400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Классикалық Battement tendu»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға бидің негізі классика екенін түсіндіріп, дәріптеу. Қимылдарды классикалық қалыптармен, ережелермен үйрету. Би өнеріне деген жаңа қабілетін ашу, жан-жақты дамуына ықпал ету. Өткен экзерсис қимылдарының тура орындалуына қол жеткізу және жаңа элементті теориалық әдіс-тәсілмен нақты үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«ҚҰРЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ» ЖБҚ МКҚК












Ашық сабақ





Тақырыбы: «Классикалық Battement tendu»








Орындаған: Хореография мамандығының

мұғалімі Жақсылық А.Б.










Құрық 2022




Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.А.Тоқбаева

«__»___________2022 жыл




Пәннің аты: хореография

Сынып: 2 сынып

Оқытушы: Жақсылық А.Б.

Сабақтың күні:15.11



Тақырып: «Классикалық Battement tendu»


Мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға бидің негізі классика екенін түсіндіріп, дәріптеу. Қимылдарды классикалық қалыптармен, ережелермен үйрету.

  • Тәрбиелік: музыкаларды тыңдау арқылы, классикалық билерге қызығушылығын арттырып, өнерге тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: би өнеріне деген жаңа қабілетін ашу, жан-жақты дамуына ықпал ету. Өткен экзерсис қимылдарының тура орындалуына қол жеткізу және жаңа элементті теориалық әдіс-тәсілмен нақты үйрену.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап.



Пайдаланған әдебиеттер:

1) Основы классическова танца Ваганова А.Я

2) Balletida.ru








Жоспар:

1.Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)

2.Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

3.Жаңа тақырып (17 мин)

4.Қорытынды (3 мин)

Сабақтың жүру барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: би формасы, шаштың жинақылығы, оқушының назарын сабаққа аудару, дене қыздыру жаттығулары.


2.Үй тапсырмасын тексеру: Станок жанында экзерсиз.



3. Жаңа сабақ:

Battement tendu – керіп, созылған қозғалыстар-аяқтың түгел тартылып, созылуын жаттықтырады; тізеде, аяқ алқымында және башпайларды, аяқтардың күшін дамытады.

Battement tendu шетке қарай. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып – станокқа қарай тұрған сәттегі аяқтардың I позициясы. «Бір және екі және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшені алға қарап шығарып, еденде табанмен II позицияға сырғып, еденнен біртіндеп өкшесін көтеріп, аяқтың ұшымен сырғи отырып, шеткі нүктеге жетеді және аяқтың толық созылып, тартылуына қол жеткізеді (тірек аяғының жағдайы сол күйінде қалады, дене салмағы тірек аяғына түседі, иықтар мен сандардың бірдейлігі сақталады). Екінші екі ширекке – «үш және төрт және» сөздерінде жағдай бекітіледі. Екінші тактінің «бір және екі және» деген сөздерінде жұмыс істеп тұрған аяқ сырғыған қозғалыспен I позицияға қайта оралады, сөйтіп, келесі екі ширек бойында жағдайды бекітіп отырады.

Даярлық тобында қозғалысты I позицияда жай жылдамдықпен үйреніп, орындауды ұсынады. 4/4 мөлшерінде әуелі екі такт, содан кейін қозғалысқа бір такт орындалады. Battement tenduді меңгергеннен кейін оны 2/4 мөлшерінде ширектер бойынша бір қалыпты орындап отырған жөн. Қозғалысты алға қарай өкше бастайды, артқа қарай аяқтың ұшы. Battement tenduді оқытудың барлық сатыларында неғұрлым күрделі комбинацияларды үйреніп, бекітеді. Осы қозғалыстағы жаттыққан дағдыларды бекіту тек классикалық билерде ғана емес, халықтық-сахналық би қозғалыстарында да көрініс табады. Battement tenduдің комбинациялары әртүрлі. Әрбір педагог оқу бағдарламаларын балалардың жас ерекшеліктерін, олардың үлгерімдерін есепке ала отырып, бұл қозғалыстарға нұсқалар енгізуі мүмкін. Басында battement tendu біржаттығудағы бір қалыпта сегіз қозғалыспен үйретіледі. Содан кейін бағыттарды алғы жаққа, артқы жаққа «айқыштап» үйлестіріп жасайды. Оқу жылының соңында балалар қозғалыстарды ширектер бойынша жиі жылдамдықпен орындай алады


1) алға 2) жанына 3) артқа




4. Сабақты бекіту:

Сабақты бекіту сұрақтары:

1) Үйренген классикалық жаттығуымыз қалай аталады?

2) Аяғымыз қандай қалыпта болуы керек?



5. Үйге тапсырма:

1) Станок жанындағы экзерсизді қайталау.

6. Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
02.11.2023
347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі