400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кластан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен кластан тыс шара. Оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы білімдерін шыңдау, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кластан тыс шара

Тақырыбы: Цифрлық әлемге – кемел біліммен

Мақсаты: цифрлық сауаттылыққа баули отырып, оқушылардың бойында білімге қызығушылықтарын ояту

Шара барысы:

Ұйымдастыру:

6 кластар бойынша 3 оқушыдан жинақталған команда құрау. Командалармен амандасып, бүгінгі шараға, қатысушыларға сәттілік тілеу. «Өзіме не тілесім...» тренингі. Экранда көрсетілген әріппен басталатын сөздер арқылы қатысушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Шараға қатысушыларды шара мақсатымен тапсырмалар ретімен таныстыру. Тапсырмалардың барлығы ноутбуктағы сілтемеден өту арқылы цифрлық технология әдістерін қолдану бойынша жасалады. Әрбір команданың жинаған балдары экранда көрсетіліп, жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.

1-тапсырма: Сәйкестендіру. https://learningapps.org/watch?v=pqqstrpit24

Білім бастауы тәрбиеде дей отырып, қатысушылардың бойында еліміздегі мерекелер туралы мәліметтерді сәйкестендіруді орындау арқылы елге деген сүйіспеншілік құндылығын қалыптастыру. (5 мин)

2-тапсырма: Сыңарын тап! https://learningapps.org/watch?v=pgqer648t24 Математикада орындалатын амалдардың программалау тілінде қолданылуы бойынша орналастыру арқылы стандарттық білімдерін жетілдіру (5 мин)


3-тапсырма: Программалауды үйренгім келеді.

https://learningapps.org/watch?v=ptpdqofmc24

Берілген әріптерден программалау тілдерінің операторын табыңыз.(8 мин)

4-тапсырма: Жан-жақты болғым келеді. (12 мин)

https://learningapps.org/watch?v=pk209uesk24


5-тапсырма. Мақал – мәтел орталығы. Бұл    кезеңде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған  мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын  нұсқаларын  табу қажет.

 1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

   2. Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

   3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

  (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

 4. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

     (Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)

5. Білмесең, «анықтама»- дан сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

 6. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  7. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды

(Досы күштіні - жау алмайды)

    8.  Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)



6-тапсырма. Кім жылдам. Бұл кезеңде екі  топқа  М, Д, П   әріптері  таңдау  арқылы    беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық  сөздер  жазу  керек. Қайсы  топтан көп  жазады, сол жеңіске  жетеді.

Модем, монитор, маркер, меню, микропроцессор, микрофон, масштаб, меңзер, мәтін т.б.

Диск,  дискжетек, дискета, драйвер, дисковод, диспетчер, диаграмма,  документтер, деректер т.б.

Процессор, программа, принтер, пернетақта, перне, пиксель, паскаль, процедура,пайдаланушы  т.б.


Рефлексия: https://padlet.com/mira_0905_m/padlet-q6fjnuoox66ht7jo


Қорытынды: Марапаттау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.02.2025
207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі