Материалдар / Кластан тыс шара: Химия кереметтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кластан тыс шара: Химия кереметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен кластан шараның үлгісі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия










«Химия кереметтері»

интеллектуалды тапқырлар сайысы


























Тақырыбы: «Химия кереметтері» интеллектуалды тапқырлар сайысы

Мақсаты:

білімділік: оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, шындау, бекіту және интеллектуалды деңгейін анықтау;

дамытушылық: оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін аттыра отырып, нақты және нүктелі қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуге дамыту;

тәрбиелік : оқушылардың пәнге деген қазығушылығын арттырып, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сайыс түрі: интеллектуалды, зияткерлік.

Көрнекілігі: безендірілген слайдтар.

І-жүргізуші: «Тәуелсіздіктің туы- білімді ұрпақ қолында» дегендей, алдымызда тұрған дені сау, рухы биік, ой-өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаларды білім шыңына шығару барша ұстаздың қолында. Ол үшін оқушылар да аянбай, яғни, өз бетімен ізденіп, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға тырысып бағу керек. Бүгінгі сайысымызда біз оқушылырымыздың бойынан осындай жақсы қасиеттерді көргіміз келеді.


ІІ-жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық!

Жас ғалымдар тобында:

Алхимиктер тобында:

І-жүргізуші:Сайысымыздың сарапшыларымен таныстыра өтейік!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Химия білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Әбдірахимова Ақтілек,Құлымжан Айгерім және Жәнібекқызы Ботакөз.


ІІ-жүргізуші:Ал ендеше оқушылар сіздерге бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілей отырып,сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.Сайыс V кезеннен тұрады:

І кезең «Бәйге»

ІІ кезең «Тұлғаны тани біл»

ІІІ кезең «Білімді мыңды жығар»

ІV кезең «Қызық екен» және

V кезең «Полиглот» капитандар сайысы.

Әр топ оқушылары өз араларынан капитандарын сайласын!


І кезең «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Сайыскерге қошеметті беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге,бәйге, бәйгелерді көріңіз,- дей келе біз келесі кезең- бәйгені бастайық.

Сайыс шарттарымен таныстырып өтсек:

1.Бұл кезеңде топтарға алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.

2. Қатысушылар дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді,

3.Ойлануға әр сұраққа 30 сек уақыт беріледі.

1-топ

1. Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ? (Оттек)

2. Теріс және оң зарядталған атомдар? ( Иондар)

3. Алюминийдің валенттігі нешеге тең? ( 3 )

4. Қанның құрамындағы элемент (Темір )

5. Ең жеңіл металл? (Литий)

6. Теріс иондарды қалай атайды? (Анион)

7. Судың агрегаттық күйі? (Сұйық)

8. Қанттың химиялық аталуы? (Сахароза)

9. Оттегі қай топта орналасқан? (Алты)

10. Оң зарядталған ион ( Катион)

2-топ

1. Сүйектің құрамындағы басты элемент. (Са)

2. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденен қатары? (Период)

3. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? ( Тұз қышқылы)

4.Адам алақанында балқитын металл? ( Цезий)

5. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды? (Фтор)

6. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? ( Хлор)

7. Теріні ультракүлгін сәулесінен қорғайды. Өзін оттектің үш атомы құрайды?(Озон)

8. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)

9. Оттек жай зат түрінде қайда кезлеседі: (Атмосферада)

10. «Марганцовканың» формуласы ?(KMnO4)


І кезең «Бәйге» өз мәресіне жетті!


І-жүргізуші:

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,

Тапқыр болу кезеңі де келіп тұр


Алдарыңызда ұяшықтар көрсетілген. Ұяшық 10 мен 40 ұпай арасында нөмірленген, оның өзі екі бөлімнен тұрады:«Тұлғаны тани біл» және «Білімді мыңды жығар». Топ мүшелері ақылдасып, ұяшықтарды таңдау арқылы, сұрақтарға жауап береді, немесе есептер шығарады. Сіздерге «Тұлғаны тани біл» ұяшығы бойынша әр сұраққа 1 минут және «Білімді мыңды жығар» ұяшығы бойынша 2 минут уақыт беріледі.


II кезең «Тұлғаны тани біл»

10 ұпай. Химиялық элементтердің таңбасын енгізген ғалым? Ол барлық элементтерді металдар мен бейметалдарға бөлді, металдар негізгі оксидтер мен негіздерге, ал бейметалдар қышқыл оксидтері мен қышқылдарға сәйкес келетінін анықтады. (Берцелиус) 


20 ұпай. Химияның негізгі заңы болып табылатын «Зат массасының сақталу заңын» ашты, атом-молекулалық ілімінің негізін қалады (М.В. Ломоносов)

30 ұпай. Радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімніңнегізін салушы. Оның негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Ол 1911 жылы атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынған ағылшын физигі  (Эрнест Резерфорд)


40 ұпай.1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше 

атомдардан тұрады деген жорамал жасап,осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп аталды. Итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)


ІІІ кезең «Білімді мыңды жығар»


10 ұпай.Массасы 8 г  көмірқышқыл газының  (қ.ж.)  көлемін тап. (Ж:4,032л)

20 ұпай. 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)

30 ұпай. 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

40 ұпай. 6,2 кг фосфор жанғанда  неше грамм  фосфор  (Ү) оксиді түзіледі?(Ж:14,2 г)


IV кезең «Қызық екен»


Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған.


Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін химия таңғажайыптарына назар аударсақ. Экранда 2 ұяшық белгілі тақырыпта көрсетілген. Әр топ бір-бір ұяшықты таңдау арқылы, қызықты эксперименттің шешімін табу қажет. Ал оның дұрыс бұрыстың анықтау үшін, көз алдарыңызда тәжірибе жасалатын болады. Әр топқа дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.


Берілген блок бойынша бірінші таңдау кезегі ойыншының алдыңғы кезеңдер де жинаған ұпайларына сәйкес ең көп жинаған ойыншыға беріледі.


10 ұпай. Мәссаған.

Фольга қағазды кішкене бөлшектерге бөліп, алдын ала дайындап аламыз.Тұз қышқылының 3 мл ерітіндісін пробиркаға құйып,үстіне фольга үгітінділерін саламыз.1-2 минуттан кейін ерітіндіміз көпіріп,газ бөлінеді және қара түске айналады.Фольга қағазының құрамыyдағы металды ата. Реакция теңдеуін жаз.

Жауабы:Метал алюминий

2Al+6HCl=2AlCl3+3H2


10 ұпай. Анық-қанық


Ерітілген барий хлориді немесе қорғасын нитратының сулы ерітіндісіне белгісіз ерітінді Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп аталды. Итальян физигi және химигі қосамыз. Сол кезде реакция жүріп, ақ тұнба түзіледі. Ол біртіндеп стақанның түбіне тұнады. Белгісіз ерітіндіні табыңыз және түзілген тұнба қалай аталады? Реакция теңдеуін жаз.

Жауабы: Калий сульфаты және барий сульфаты

Реакция теңдеуі: BaCl2 + K2SO4 = BaSO4↓ + 2KCl


Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде,әр тілде

Химияның оқыңдар әр бөлімін.

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз-химияны біліңдер! -дей келе оқушылар сіздерді келесі кезең шарттарымен таныстырайық. Бұл сайыста топтан оза шыққан, тапқыр да алғыр көшбасшы өз тобына 20 ұпайды қанжығалауы керек. Ереже бойынша ойыншыға жұмбақтар қойылады, ол оның шешімін тауып қана қоймай, жауабын үш тілде атауы керек.


V кезең капитандар сайысы «Полиглот»

топ капитаны:

1. «Тіршілік дегеніміз ақуыз дененің өмір сүру әдісі» десек, ақуыздың негізін қай элемент құрайды? (Азот-азот-nitrogen)

2. Ел іші-------------- бесік

( Алтын-золото-gold)

3.Газбын өткір иісті,

Салмағым ауыр ауадан.

Өткен талай соғысты,

Тұншыққан менен көп адам.

Суды микробтан тазартам,

Мақтаны қардай ғып ағартам.

Жап - жасыл газ боп алынам6

Адамға мен бағынам.

(Хлор-хлор-chlorine)

4.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге

(сувода-water)

топ капитаны:

1.От көмір жейді ,

Тот --------------- жейді. ( Темір – железо- iron)

2.Өзі ауыр металға жатады,

Емшілер қорықтық құюға қолданады (Қорғасын – свинец – lead)

3.Ақ түйір айналады тыныш таппай

Жүргендей су бетінен орын жақпай

Аздан соң суға сіңіп жоқ болады.

Оқушым ал ойланған қойма таппай

(Натрий-натрий-sodium)

4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(Ауа-воздух-air)


ІІ-жүргізуші:

Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз - нұр сәулет

Аялдама, алға ұмтыл

Құдіретті біздің ой

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой , - дей келе бүгінгі қызықта толы сайысымызды қорытындылай кетсек, сайыс кезеңдерінен сүрінбей өтіп, алғырлығымен алға шыққан топты анықтау үшін сөз кезегін сарапшыларға береміз.


Ал, құрметті көрермендер! Бүгінгі: «Химия кереметтері» интеллектуалды тапқырлар сайысы өз мәресіне жетті! Қатысқан 9-10 сынып оқушыларына алғысымызды білдіре отыра,шағын ғана сыйлығымызды табыстаймыз.Құттықтаймыз!


Ақын Шәміл Мұхаметжанов жас кезінде химияны оқуға мән бермей, өкінгенін былай жырлаған екен:

Химия қиын,

Ашиды миым,

Деуші едік оқып жүргенде,

Мұндайын оның білгенде

Оқитын едік дұрыстап,- деп келіп,

Мен білсем, іні- бауырым,

Химия сенің қалауың,

Жақсылап оқып жүріңдер

Келтіріп бірде орайын, деген екен.

Ендеше , мен де сендерге осыны айтқым келеді.Келесі кездескенше сау –саламатта болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!