Материалдар / Көбейту амалының компоненттері арасындағы өзара байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көбейту амалының компоненттері арасындағы өзара байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушылар оқу мақсатына сай көбейту амалының компоненттері арасындағы байланысты анықтайды. Сабақ барысында белсенді оқыту әдістерін пайдалана отырып есептерді талдап, шығарылу жолын анықтау кеізнде көбейтудің компоненттері арасындағы байланысты түсініп, тапсырма орындау кезінде қолдана алады. Оқыту әдістері және тапсырмалар оқушылардың жасерекшелігіне сай алынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Тамыз 2024
275
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Көбейту және бөлу. Есептер.

Педагогтің аты-жөні

Қайырғалиева Нұргүл Социализмқызы

Күні:

25.01.23

Сынып:

Қатысушылар саны: 19

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Көбейту амалының компоненттері арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.2.2. Көбейту және бөлу өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар көбейтудің компоненттері арасындағы өзара байланысты анықтайды.

Көптеген оқушылар көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, екінші көбейткіш шығатынын, көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейтінін түсінеді, есептеулерде қолданады.

Кейбір оқушылар көбейтіндінің мәні мен көбейткіштердің арасындағы байланыс, көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиетіне негізінде өрнек құрады. Көбейткіштер мен көбейтіндінің мәнін пайдаланып, бөлінді құрады.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру бөлімі:

Бір,екі , үш

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз

Ой ашар:

  • Математикада неше амал бар?

  • Математикалық амалдарды ата.

  • Қосудың компоненттерін ата.

  • Азайтудың компоненттерін ата

  • Көбейту дегеніміз не?

  • Көбейтудің компоненттерін ата.

  • Көбейтудің таңбасы қандай?

  • Бөлудің компоненттерін ата.

  • Қосуға кері амал қайсысы?

  • Азайту амалына берілген өрнекті қай амалмен тексереді?

Үй тапсырмасын тексеру: Өзара бағалау.

6 (23 бет)

а) 27 - 9 - 9 – 9 = 0 18 – 6 – 6 – 6 = 0

27 : 9 = 3 18 : 6 = 3 Қызығушылықты  ояту. Видеотүсіндіру

5*3=15                                                                               

- Өрнек қандай амалға құрылған?                        

- Өрнектің компоненттерін атап жіберіңдер?

15:3=5

- 2-мысалда өрнек қандай амалға құралған?

- Өрнектің компоненттерін атап жіберіңдер?


Мақсат қою. Бүгінгі сабағымызда көбейтудің

компоненттері арасындағы өзара байланыс жайлы білетін боласың.



Оқушылар өлеңді жатқа айтып қимылдар жасайды








Сұрақтарға жауап беріп,ұпай сандарын бағалау парағына жазады





Өзара дәптер алмасып, дескриптор бойынша жұбына балл қояды


Оқушылардың жауабы: 

- 5-көбейткіш                               

- 3-көбейткіш                   

- 15-көбейтіндінің мәні                

Оқушылардың жауабы:

- 15-бөлінгіш

-  3-бөлгіш

- 5-бөліндінің мәні









Мадақтау сөздер;

Жарайсың! Керемет! Ақылдым! Өте жақсы! Керемет жауап!













Дескриптор:

  • Азайтуға берілген мысалдарды бөлу амалымен алмастырып жазады - 1 балл

  • Бөлуге берілген мысалдарды азайту амалымен алмастырып жазады - 1 балл

  • 45, 40,, 35, 30 сандарын 0 саны шыққанға дейін бес-бестен азайтып жазады - 1 балл

«Арқадан қағу»


Көбейту және бөлуге берілген жай есептер бойынша амалды таңдауда және оны негіздеп беруде сәйкес көрнекіліктер (сызба, кесте, суреттер, тірек сызбалар).


Оқулықпен жұмыс

Жаңа білімді меңгертуге бағытталған 1-тапсырма.

а) Суретті зерттейді, суретке лайық көбейтінді құрады, мәнін табады: 5 · 2 = 10

Оқушының өзі орындаған жұмысты түсінгені, теңдіктегі сандар нені білдіретінін түсіндіре алуы маңызды.

ә) Көбейтіндіні қосумен алмастырып жазады. Көбейтіндінің мәнін табады, әр жолдағы, әр бағандағы көбейтіндінің мәндерін салыстырады. Әр бағандағы көбейткіштер мен көбейтіндінің мәндерін салыстырады.

3 · 6 = 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 = 18

4 · 5 = 4 + 4 + 4 + 4 + 4 = 20

3 · 8 = 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 = 24

10 · 3 = 10 + 10 + 10 = 30

40 · 2 = 40 + 40 = 80

Тұжырым жасайды:

Мысалы, 3 · 6 көбейтіндісі 3 санын қосылғыш ретінде 6 рет

алуды білдіреді. 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3, демек 3 · 6. Мұндағы 3 – көбейткіш, 6 – көбейткіш, 18 – көбейтіндінің мәні.

3-тапсырма оқушыларды көбейту амалының компоненттері жайлы тұжырым жасауға жетелейді.

Теңдікті оқиды: 4 · 2 = 8.

«4 пен 2 сандарының көбейіндісінің мәні 8-ге тең»;

«4-тен 2 рет алса, 8 шығады»;

«4-ті 2-ге көбейткенде, 8 шығады». Көбейтудің компоненттерін атайды.

а) Көбейтіндінің мәні 8-ді бірінші көбейткіш 4-ке бөледі:

8 : 4 = 2.

Нәтижесін 8 санынан төрт-төрттен азайта отырып табады:

8 – 4 – 4 = 0, 8 : 4 = 2.

ә) Көбейтіндінің мәні 8-ді екінші көбейткіш 2-ге бөледі:

8 : 2 = 4.

Нәтижесін 8 санынан екі-екіден азайта отырып табады. 8 – 2 – 2 – 2 – 2 = 0, 8 : 2 = 4.

Қорытынды жасайды.

Көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, екінші көбейткіш шығатынын, көбейткіштер мен көбейтінді мәнінің арасында тәуелділіктің бар екеніне, ал көбейтінді мәнінің көбейткіштердің орындарын ауыстырғанға тәуелді еместігіне оқушылар назарын аударамын

Сергіту сәті: Графиктер биі

Бекіту тапсырмасы:

Берілген өрнектерге 4 теңдік құрастыр

1 топ: 3*2 2 топ; 3*5 3 топ: 5*2 4 топ: 6*2



13-тапсырмаларда суретке лайық көбейтінді құрады, көбейтуді қосумен алмастырады, салыстырады, қорытындылайды, кестемен жұмыс жасайды, көбейтудің компоненттері арасындағы тәуелділікті тағайындайды.















Қорытынды жасап, компоненттер арасындағы байланысты түсіндіреді






Бейнежазбадағы қимылдарды қайталап, бой сергітеді


Топта бірлесіп көбейту мен бөлуге байланысты 4 теңдік құрады


Дескриптор:

- Фигуралар бойынша көбейтінді құрады -1 балл

- Көбейтуді қосумен алмастырып, өрнектің мәнін табады -1 балл


Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор:

  • көбейту амалының компоненттерін атайды;

  • көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөліп, теңдік құрады;

  • көбейтіндінің мәнін екінші көбейткішке бөліп, теңдік құрады;

өзіндік пікір ұсынады.

«Бағдаршам» әдісі

Дескриптор:

  • Өрнектегі көбейткіштердің орнын ауыстырып көбейтінді құрып мәнін табады – 1 балл

  • Өрнектегі сандарды пайдалып бөлінді құрып, мәнін табады – 1 балл

Өрнектегі сандарды пайдаланып екінші бөлінді құрып, мәнін табады – 1 балл

«2 жұлдыз,1 ұсыныс» арқылы өзара бағалау


Оқулық





Сабақ мазмұнына

қатысты суреттер, слайд үлгілері.

Сабақтың соңы

Жетістік баспалдағы бойынша кері байланыс

Әр оқушы өзінің аты жазылған стикерін тиісті баспалдаққа жапсырады



Жетістік баспалдағы













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!