1 –
жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! 1 – желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған
салтанатты тізіліс ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
(Гимн)
2 – жүргізуші: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың
өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура
мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл
отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және
соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін
қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді,
адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін
жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп,
азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық
қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш
Президенті болды.
2 – жүргізуші: Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан
шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі
болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын -
соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп
жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап
берді.
1 – жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі,
барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі
үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі
жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың
өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік
бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер
өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев
үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады.
Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын
назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді
мәселелері туралы біледі.
2 – жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен
сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік
жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең
құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан
Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының
95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.
1 – жүргізуші Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында
Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері
және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына
шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып
келеді.
1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан
бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние
жүзіне қазақстан елін таныты десе болады. Н. Ә. Назарбаевқа арнап
шығарған өз өлендерін арнайды.
1 – оқушы
Елбасы сен Қазақстанның
Барлық елмен дос болған
Болмаған дұшпан ешқашан
Қазақ елін гүлдендірген
Тірі жүрші елбасы аға
2 – оқушы
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан
3 – оқушы
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
4 – оқушы
Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған
байлыққа.
5 – оқушы
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті

шағым қалдыра аласыз