Материалдар / Көгілдір отын-Елдің игілігі!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көгілдір отын-Елдің игілігі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал колледж оқушыларына, мұнай - газ саласындағы азаматтардың барлығына пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
285
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі











«Көгілдір отын-Елдің игілігі!»

тақырыбында баяндама





Баяндамашы: Батырхан А.С.


Жетекшісі: Сәтбергенова А.С











Қызылорда, 2020ж

Мақсаты: қазіргі таңда еліміздің экономикалық, экологиялық жағдайын көтеруде энергия көзінің бірден-бір тиімді көзі ол табиғи газды пайдалану . Табиғи газдың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра келе, тиімді екенін көрсету







Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиаттағы басқару  арқылы, жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдары айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар  тудыруда. Адам баласына кейінгі кезде  энергия жетпейді. Газет, журнал беттерінде энергетикалық кризис жайлы мақалаларды  жиі кездестіреміз. Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық  дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды екен.

  1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір 60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.

 Бүгін біздің пайдаланып  отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба қорларымұнай, көмір,  табиғи газ барлық энергоқорлардың  90% құрайды.

  Ел экономикасындағы   газ саласының ролін тұрақты нығайту қажеттілігі салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.

   Газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш  болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы  үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда  мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының  үлесі 20,8 %, ал 2008 ресми есеп бойынша  - 21,8% құрады.

2009 жылдан бастап енгізілген  салық жеңілдіктеріне қарамастан, газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі  2008 жылмен салыстырғанда  1,2  проценттік тармаққа ұлғайып,  1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4 млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі  36,3% құрады.

2009 жылы минералдық-шикізатық  кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.Жақын болашақта еліміздің газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.

 Газ өнеркәсібі мұнай өнеркәсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабынан басталады. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қарашығанақ республикамыздағы газ өнеркәсібінің өркендеуін жеделдетіп экспортқа шығаруға мүмкіншілік берді. Отынның ішінде газ – жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы түрде арзан және тасымалдауға қолайлы. Сонымен бірге химия өнеркәсібінің құнды шикізатының бірі. Оны – пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук, азот тыңайтқышын шығаруда қолданады. Халықтың үй тұрмысында отынмен қамтамасыз етуде рөлі жоғары.

Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңа жол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұна-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу- Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады.Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан – бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір, сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.

Мемлекетіміздегі өндірілген газдың көлемі тұтынылатын газдың көлемінен артық. Бірақ мемлекет ішінде газбен қамтамасыз етілу толық дамыған.

Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000км-ден де жоғары). Онгың негізгі бөлігі транзитті газ құбырлары Орта Азия – Орталық (ОАО) және Бұхара – Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украинаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара – Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Қазіргі кезде қазақстандық тұтнушыларға «ҚазТрансГаз А лматы» және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ры және компанияның еншілес кәсіпорындары жеткізіп береді.

Қазақстанның көршілері табиғи газды өндіру мен пайдалануда жоғары деңгейлі мемлекеттер болып табылады. Сондықтан географиялық орнына байланысты біздің еліміз арқылы газдың транзиттік бағыттары өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді әрі ұтымды пайдалану «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ тасымалдаау саласындағы стратегиялық міндеті болып саналады.

Табиғи  газ

Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.

Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.

    Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:

          1.Табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;

          2.Көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;

      3.Химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;

        4.Жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "таужыныс газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.

Табиғи  газ құрамы

Табиғи газдың негізгі  бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары  кіре алады.Оларға:

1.этан(C2H6),                                                                                                                             2.пропан(C3H8),                                                                                                                        3.бутан (C4H10).

Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:                                               1.сутек(),                                                                                                                     2.күкіртсутек(S),                                                                                                  3.көміртекдиоксиді(С),                                                                                             4.азот(),                                                                                                                          5.гелий (Не).

Табиғи  газдар жіктемесі.

Табиғи газдарды әр түрлі  белгілері тұрғысынан жіктеу. Әдетте хаттамалық, тектік және техникалық(өндірістік) жіктемелер болып үш топқа жіктеледі. Хаттамалық жіктемелер табиғи газдардың  геохимиясын зерттеу мақсатын көздей отырып, оларды ең айшықты өзіндік  белгілері тұрғысынан даралайды. Аталған  белгілердің ең маңыздылары - газдардың  көрініс беру орны, физикалық жағдайы  және құрамы. Алғашқы белгісіне қарай "атмосфера газдарын", "гидросфера газдарын", "литосфера газдарын" және олардың бір-біріне "ауысу  өңірі газдарын" даралауға болады: Газдар дербес болуы (жеке фаза түрінде  дараланган) немесе сорылған күйде  ұшырасуы (таужыныстар мен қойнауқаттық суларда - "суда еріген газдар", мұнайларда - "мұнай газдары") ықтимал. Құрамына карай табиғи газдар "көмірсутекті газдар", "азотты газдар", көмірқышқыл  газдары" және "күкіртсутекті  газдар" болып төрт түрге бөлінеді. Күрделі құрамды газдар сирек  кездеседі, бұлардың құрамындағы басты  құрамбөліктердің мөлшері 50 %-дан аспайды. Көмірсутекті газдар, өз кезегінде, құрғақ, жұтаң және қоңды газдарға жіктеледі.Тектік жіктемелерде газды қоспалар өзінің жаралу тегі тұрғысынан дараланатын болады. Жіктеу белгісі ретіңде газды құрайтын құрамбөлікгердің туындау көзі (органогендік, литогендік, т.с.с.), немесе олардың туындауын қамтамасыз ететін процестер (биогендік, метаморфогендік,т.с.с.),не болмаса солардың екеуі де алынады.Техникалық (өндірістік) жіктемелер табиғи газдарды тауарлық сапасы тұрғысынан, яғни олардың жылу бөлу қабілетіне (жанғыш газдар, төменкалориялы газдар, жанбайтын газдар) және өз құрамындағы пайдалы немесе зиянды газды құрамбөліктердің (гелийлі, күкіртсутекті, т.с.с.) мөлшеріне қарай жіктеуге мүмкіндік береді.

   Табиғи газдың салыстырмалы тығыздығы.Нақтылы температура мен қысым жағдайында белгілі бір көлемді иеленген газ массасы көлемі нақ сондай қалыпты жағдайдағы құрғақ ауа массасынан қаншалықты ауыр немесе жеңіл екендігін көрсететін сандық мөлшер. Табиғи газдың салыстырмалы тығыздығы сол газдың молекулалық массасына тікелей тәуелді бола отырып 0,5-1,2 аралығында өзгереді.

Газ өнеркәсібі

  Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.

      Газ- калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады. 

    Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игерген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашы- ғанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.

    Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.

      Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты.«Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнер- кәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.

  1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйыл- татын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.

  Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:

     - Қазақ газ өңдеу зауыты

     - Теңіз газ  өңдеу зауыты

     - Жаңажол газ  өңдеу зауыты

     - Қарашығанақ  өңдеу кешені.                              

   Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара– Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл»,т.б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006). Қазақстан газ өнеркәсі- бінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгаз -

өнеркәсіп» мемлекеттік  газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз»  ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры                1,2млрд.м3. Қазақстандық Каспий т.секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.

Газ өндірісі

Қазақстанның газ өнеркәсібінің  дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады.1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопе- диясында» былай делінген: табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор. КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұқар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара - Ташкен т- Фрунзе - Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде. Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн Өзбекстан газын Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды.Магистралды газ құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып, өткізілгендігін атап өткен жөн.                

   Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз» отандық мемлекеттік құрылымы айналысты . Алайда тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау және желілерді жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан жағдайға байланысты осы проблемаларды шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім қабылданды.1997 жылдың жазында бельгиялық «Трактебель С.А.» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелері концессиясы шартын жасасты. Шартта бастапқы мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің айтарлықтай бөлігі — 10 магистрал -дық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21 компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті.Әлеуетті инвестор әдейі шартқа арнап екі компания құрды - «Интергаз Орталық Азия» (газ құбырларының операторы) және монополист «Алматы Пауэр Консолидейтед». Сонымен бірге, концессионердің пайда болуымен елімізде газдың тұтынылуы күрт төмендеді, өйткені инвестор өздерінің ішкі резервтерінен газ жеткізілі -мімен емес, оны тасымалдаумен ғана айналысты. Тұтынушылар үшін бұл беріліп отырған газ бен электрэнергиясы бағасының көтерілуін білдірді.   Әлеуметтік қорғауға үйренген тұтынушылар жалақысын уақтылы алмағанына байланысты ақы төлемегені үшін, сондай-ақ жеткізушілермен соттық дау-дамайлар үшін жылу және элетр жабдықтауды өшіріп тастауға ұшырады. Үш жыл бойына оңтүстік қалалар газ бен жылудың жетіспеуінен айтарлықтай зардап шекті, осыған куә болғандардың айтуы бойынша, суықтан тоңған халық саябақтардағы ағаштарды шаба бастаған. Алматыда наразылық митингілері өтетін болды, әсіресе зейнеткерлердің «Ұрпақ» қозғалысы ерекше көзге түсті.Жағдайының тұрақсыз екенін сезінген «Трактебель» компаниясы бұл салаға қаражат салуға ұмтылмады , 1999 жылы компания басшылығы Қазақстаннан кету туралы ойлана бастады. Газ тасымалдау жүйесін басқару проблемасын шұғыл тәртіпте шешу керек болды, оның үстіне өзбекстандық жеткізушілер жиі-жиі газдың бағасын көтеруге тырысты.                              

    2000 жылдың ақпан айында «ҚазТрансОйл» ұлттық газ тасымалдау компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды , ол «Интергаз Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие. «ҚазТрансГаз»-ға еліміз бен әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған. Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.  


ТАБИҒИ ГАЗ

Қолдану кезінде толықтай жанып кететін бірегей қазба жағармай болып табылатын табиғи газ қорларын игеру арқылы біз энергия тасымалдаушыларға деген өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға және атмосфераға СО2 шығарындыларын азайтуға өз үлесімізді қосудамыз. Газ энергиямен қамтамасыз етіп, үйлерімізді, кәсіпорындарды және бүтін өнеркәсіп салаларын жылытады.

Ол жел қуаты мен күн энергиясы секілді жаңартылатын энергия көздеріне керемет қосымша бола алады. Сонымен бірге, табиғи газды атмосфераға көміртегі шығарындыларын азайта отырып, кемелер, автокөліктер, автобустар мен поездерге жағармай ретінде қолдануға болады.

Халықаралық энергетика агенттігі мәліметтеріне сәйкес, 2040 жылға қарай табиғи газға деген сұраныс 1,5 есеге жуық өсуі мүмкін.

Табиғи газ - қолдану кезінде толықтай жанып кететін жалғыз қазба жағармай болып табылады. Біз оның қорларын құрлық пен теңізде барлау мен игерумен айналысамыз. Қазіргі таңда «Шелл» концерні жалпы өндірісінің жартысының көбі табиғи газға тиесілі.

Табиғи газдың артықшылықтары

Табиғи газ кез-келген көмірсутегілермен салыстырғанда экологиялық жағынан әлдеқайда таза. Табиғи газды көмірмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру кезінде СО2 көлемдерінің жартысы және атмосфераны ластайтын басқа заттардың оннан бір бөлігі ғана пайда болады. Әлемдегі табиғи газдың қорлары мол. Егер оны тұтыну көлемі қазіргі деңгейде сақталса, табиғи газдың қазба қорлары 230 жылға жетер еді. Табиғи газ өзге табиғи жанармайларға қарағанда бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Газбен жұмыс істейтін электр станциясын көмірмен істейтін станцияға қарағанда іске қосу мен тоқтату әлдеқайда тезірек. Бұл ерекшеліктің себебінен табиғи газ тек қана күндіз және жел соғып тұрған кезде қол жетімді жаңартылатын энергия көздеріне тамаша қосымша болып табылады.

Табиғи газ несімен жақсы?

Сұйытылған табиғи газ (СТГ)

Табиғи газды -162 ºC температурасына дейін суыту арқылы сұйық күйге ауыстыру оның көлемін 600 есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шалғайда орналасқан және энергия тасымалдаушылар тапшылығын сезінетін тұтынушыларға газды қарапайым және тиімді түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Жеткізу бекетіне келгеннен кейін СТГ регазификация қондырғыларында қайтадан кәдімгі газға айналады. Осыдан кейін тұрмыстық және өндірістік тұтынушыларға жеткізу үшін газды құбырларға жіберуге болады.

СТГ-ны өндіру және тасымалдау бойынша «Шелл» ізашар болып табылады. 1964 жылы Алжирда біз СТГ өндіру бойынша тарихта тұңғыш зауытты салуға қатысып, дүние жүзінде СТГ-ның алғашқы коммерциялық көлемдерін жөнелттік. Осылайша СТГ-ның жаһандық саудасы басталды. Біз табиғи газды сұйықтандыру бойынша зауыттарды дүниенің түкпір-түкпірінде жабалап, салудамыз

СТГ бойынша көбірек ақпаратты біздің жаһандық сайттан біліңіздер!

Сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша су үстінде жүзетін кешен

Сұйытылған табиғи газды өндіру зауыттары негізінен құрлықта салынады. Алайда, «Шелл» концерні «Прелюд» (Prelude FLNG) атты сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша суда жүзетін алып кешен салуда. Бұл кешен адамзат тарихындағы ең ірі суда жүзетін өндірістік нысан болады — оның ұзындығы 488 метрге, ал ені 74 метрге жетеді.

«Шелл» теңізде газды өндіру, сұйықтандыру, сақтау және газ тасымалдайтын кемелерге тиеу мүмкіндігін беретін революциялық технологияны ойлап тапты. Бұл технология бір-бірінен қашықтықта орналасқан шағын кен орындардың бірнеше шағын топтарын игеру үшін СТГ өндіру бойынша суда жүзетін біртұтас кешенді қолдануға мүмкіндік береді. Қайраңдарда орналасқан ірі кен орындарға, керісінше, бірнеше суда жүзетін кешендер қызмет көрсете алады.

Суда жүзетін «Прелюд» кешені туралы біздің жаһандық сайттан толығырақ ақпарат ала аласыз!<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!