Материалдар / "Көктем Ару-2018жыл" байқау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көктем Ару-2018жыл" байқау

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көктем Ару-2018жыл" байқау ағылшын тобында оқитын тыңдармандар және қазақ тілі тобынан қатысқан тыңдармандар арасындағы байқау.Бұл байқаудың мақсаты тіл дамыту әрі инабаттылық,шығармашылыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2018
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ісшара сценарийі

Өткізілетін жері: Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана (жоба)

Өткізілетін күні: 06.03.2018

Өткізілетін уақыты: 15:00



Ісшара барысы


Шынар Жанасовна

Армысыздар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!


Перизат

Алмасқызы

На пороге весна – самая красивая и долгожданная пора года. Весна приносит нам такой же красивый праздник, а красивый он потому, что это праздник самой красивой половины человечества. Добрый день, дорогие гости! Сегодня мы отмечаем самый удивительный, нежный праздник – праздник 8 Марта.

Шынар Жанасовна

Dear guests, we are glad to see you in our competition! As we know this is the most beautiful spring holiday. The holiday of all pretty girls and women.

Құттықтау сөз «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Маулетова Қымбат Мақұлжановнаға беріледі.


Қымбат Мақұлжанқызы өзінің сөзін айтады, қатысушыларға сәттілік тілейді.

Перизат

Алмасқызы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


Шынар Жанасовна

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

Перизат

Алмасқызы

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

Шынар Жанасовна

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған өр халайық,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!


Перизат

Алмасқызы

Қарсы алыңыздар _____________________
Бойға өнер жиған қыз.

Шынар Жанасовна

Ақша бетті Шынар

Ұқсайды хор қызына

Перизат

Алмасқызы

Ботагөз келді үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Шынар Жанасовна

Сандуғаш қыз шығады

Бұрымдары желбіреп.

Перизат

Алмасқызы

Асем қыз ең көркем

Ағылшын тілін меңгерген

Шынар Жанасовна

Адамдықты жаны сүйген қашаннан,

Ару _______________ қатарынан қалмаған.


Перизат

Алмасқызы

_________________ ару білімді

Меңгерген бар ілімді

Шынар Жанасовна

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Еркеайым деген арудың
Әдемі ғой көзі де.

Перизат

Алмасқызы

Лаура бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды.

Шынар Жанасовна

Валерия біздің өнерлі

Көңілді өмір сүреді

Бүгінгі  біздің сайысқа

Алып келді өнерін


Перизат

Алмасқызы

Құлпырған  дала  гүліндей,

Жүресің әр  кез күлімдей.

Арманыңа  аңсаған  Айгерим

Ақниетпен  жет, сүрінбей.


Шынар Жанасовна

Қуантады білімімен бізді __________
Қол соғып қарсы алайық біз оны

Перизат

Алмасқызы

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Шынар Жанасовна

Әділқазылар алқасы:

1.____________________________________________________

2. ___________________________________________________

3. ___________________________________________________


Шынар Жанасовна

Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

1. «Мені танып біліңіз» - Таныстыру

2. «Қыз сұлу көрінеді шығармашылығымен» – алдарыңызға берілген қағаз бетіне жылы тілек лебіздеріңізді білдіріп

8-наурызға арналған ашық хат дайындайсыздар

3. «Аруға қай өнер де жарасады»- Өз өнерін көрсету сайысы

4. «Он саусақтан өнер тамған» - Шығармашылық қолөнер сайысы


Перизат

Алмасқызы

Конкурс состоит из 4 туров:

  1. Визитная карточка

  2. Сделать открытку с пожеланиями на праздник 8-марта

  3. Творческий конкурс

  4. Рукоделие

Шынар Жанасовна

Кел, достар, бастайық,

Қызықтан қалмайық.

Тамаша көрейік

Қыздарға сөз берейік.


Перизат

Алмасқызы

Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Шынар Жанасовна

Бірінші бөлім –таныстыру

Перизат

Алмасқызы

Первый тур - представление


Қыздар өздерін слайд, өлең т.б арқылы таныстырады.


Перизат

Алмасқызы

Бәрекелді! Рахмет!


Қиындықтан қыздарымыз қашпайды,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштайды.
Қияларға самғап ұшқан құстай боп,
Шегінбейді, жеңістерге бастайды.

Шынар Жанасовна

Ал ендеше, келесі – «Қыз сұлу көрінеді шығармашылығымен» атты бөлімі (қатысушылар алдарыңызда тұрған құралдарды қолдана отырып , 8-наурыз мерекесіне арнаған тілектеріңізді қағаз бетіне әшекейлеп өз қиялдарыңызда тұрған ойды әсемдеу

Перизат

Алмасқызы

В следующем туре участницам нужно сделать открытку с пожеланиями на 8-марта, использую предметы расположенные перед ними



Қыздар реті бойынша ашық хат дайындайды


Перизат

Алмасқызы

Рахмет! Қошеметтеп отырыңыздар!


Шынар Жанасовна

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Дауысы бұлбұл құспен санасады,
Күй тартып, би де билеп, өлең оқып
Аруға қай өнер де жарасады - дей отырып, үшінші, «Аруға қай өнер де жарасады» атты өнер көрсету бөлімін бастаймыз.


Қыздар рет-ретімен көрермендерге өз өнерлерін көрсетеді


Шынар Жанасовна

«Өнерліге өріс кең» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Бұл сайысты қыздар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді.

                                                    Шығармашылық қолөнер сайысы.


Перизат

Алмасқызы

Настал момент проверить,  какие  наши красавицы мастерицы и творческие личности. В этом туре участницы покажут свои подделки

Қатысушылар рет-ретімен шығып

қолмен жасаған заттарын қорғайды


Шынар Жанасовна

Әділқазы баға берер қыздарға,
Әділ сынға шыдамаған ару ма?

Қазыларды шығарып біз салайық

Көктем ару қызын таңдап алуға!


Шынар Жанасовна

Енді сөзді төрешілерімізге берейік.

Қорытынды. Марапаттау рәсімі

Перизат

Алмасқызы

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді асуға.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

Шынар Жанасовна

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін.


Перизат

Алмасқызы

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!


Шынар Жанасовна

Қош-сау болыңыздар, келесі кездескенше күн жақсы!


Номинациялар:

  1. Өнерлі ару

  2. Сымбатты ару

  3. Шебер ару

  4. Дарынды ару

  5. Көркем ару

  6. Сәнді ару

  7. Көрермен көзайымы

  8. Шығармашыл ару

  9. Сүйкімді ару

  10. Тапқыр ару

  11. Жарқын ару



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!