Тақырыбы:
Көктем
аруы
Мақсаты:
Білімділік: Қыз
балалардың пәндік және салт-дәстүрге байланысты білімдерін тексеру,
толықтыру
Дамытушылық: Қыз балалардың бойындағы қабілеті мен дарынын танып
білу, жан-жақты екенін көрсетуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Өнерге деген құштарлығын арттыру, жауапкершілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу. Мәдени өресі зор азаматшалар болуына ықпал
жасау.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар. Тәрбие, білім, өнер жайлы нақыл сөздер
жазылған плакаттар.
Сайыстың барысы:
1.
Ашылуы
2. Бағдарламамен таныстыру
3. Әділқазылар алқасын сайлау
4. Сайыс
5. Қорытынды бөлім
Ашылуы:
Мұғалім:
Ана дейміз бәрімізде
аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде
жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.- дей
келе, құрметті аналар, ұстаздар, кішкентай құлпырған қыздар
сіздерді көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 - наурыз -
Халықаралық әйелдер күні мерекесімен
құттықтаймын.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке -
бірлік тілейміз.
Көктем мерекесіне орай сыныбымызда қыздар
арасында«Көктем аруы» сайысын өткізгелі
отырмыз.
Бағдарламамен таныстыру
1. Таныстыру
2. Өз өнерін көрсету (ән немесе би)
3. Білгенге маржан (Сұрақ-жауап)
4. «Ою
ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
5. Түйме қадау
6. Салат дайындау
7. Сән үлгісі
Әділқазылар алқасын сайлап алу
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,!
Көңілді қошеметпен қарсы алайық
Ортаға аруларды шақырамыз.
( «Қыз сыны» әуені орындалады.)
Ендеше осы байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға
шақырайық..
Аружан ару өнерлі Бойға өнер
жиған қыз.
Албина
ару
білімді
Меңгерген бар
ілімді
Бибиназ
ару
үлбіреп
Қос жанары
мөлдіреп
Айдана
ару
елгезек
Алады тез
тіліңді.
Ақбота
ару
шығады
Бұрымдары
желбіреп.
Нұрзия
ару
өнерлі,
Мінезі оның
жігерлі
Айгерим
ару
сымбатты,
Өнері оның
қымбатты.
Сайыстың барысы:
1.
Таныстыру
Сайысқа түсетін арулар өздерін өлең
шумақтарымен және видеоролик арқылы таныстыруға болады. Арулардың
өзін ұстауы, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы барлығы
бағаланады.
2. Өз өнерін көрсету
сайысы
- өнерліге өріс
кең.
Кел биле, кел биле,
бал дәурен,
Бағында базарлы өмірдің.
Көктемдей құлпырып жас дәурен,
Шалқытсын күйлерін көңілдің.
Өнерсізден қашып
жүр,
Өнермен үлгі шашып
жүр.
Өнерді көп білетін дана
болар,
Өнерсіздің ісі шала
болар.
(Қане, қыздардың өнерін
тамашалайық)
Білгенге маржан
(Сұрақ-жауап)
«Алғыр болсаң тауып көр»
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың
келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін
сынайық.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.2. Қазақтың ұлттық ойындарын
ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
5. Төрт түлік туралы не білесің?
6 Сүттен жасалатын тағамдар..
7. Қыз баланың ұлттық киімдерін ата
8. Қазақ халқының ұлттық ойындары. (Күрес, аударыспақ, бәйге, теңге
алу)
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою
ою)
« Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан
да кемде емес сияқты.
Түйме қадау
Түймем түсіп қалғанда,
Жалынбаймын жалғанда.
Ине, жіпті аламын,
Орнына әкеп тағамын-деп ендігі сайыс түрі түйме
қадау.
«Менің анам аспазшы»
үй тапсырмасы
«Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде
аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады және жасалу
жолдарын айтып береді.
6. Сән
үлгісі
«Адам көркі-шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ» демекші енді қыздарымыз шаш әсемдеп, соған
сай киім үлгісін көрсетеді. Бірге тамашалайық.
Қорытынды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жарысқанда,
Әрдайым бір-біріңнен қалыс қалма.
Береді әділқазы әділ баға
Құлақ салып тыңдап тұр алыстама.
Әділқазы алқасы өз бағасын беріп, сайыскерлерге әр түрлі
номинациялар беріп, марапаттайды.
Енді әділқазылар алқасына сөз
берейік
1 -«Көктем аруы» 6 - «Көрермен
көзайымы» 4.
Биші ару.
2 - «Инабатты ару» 7 -«Білімді
ару»
3 - «Өнерлі ару» 8 - «Тапқыр
ару»
4 - «Сымбатты
ару» 2. Өнерлі
ару
5 - «Ақылды ару»
3. Шебер
ару