Көктем аруы-2018

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем аруы-2018

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек бүр жарғанда - 2017

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер,слайд.

Барысы1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

               2-жүргізуші. Бүгінгі „Бәйшешек бүр жарғанда - 2017 " атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

               1-жүргізуші. Бүгінгі кеш арулардың сайысы,
Сіздердікі тамашалау, бағалау.

2-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                                      Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                                      „Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

                                       Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

                 

                1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

                                       Еңбектегі әріптестер мақтаны.

                                       Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

                                        Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

 

                2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

                                        Келеді міне ортаға толқып тасып.

                                        Аруларын сыйлаған халқым менің,

                                        Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!


1-жүргізуші: Дүрсілдеп бара жатыр жүрек құрғыр, 

Жайдары болғанымен көңіл дүлдүл,

Ару боп сынға түсіп сыналмақшы

Маңдайы жарқыраған Аяжан қыз!

2-жүргізуші: Қыздардың білсеңіз таң қалдырған,

Жүректің алау отын жандырғанын.

Ағайын, қошеметтеп қарсы алайық,

Ару қыз – Анелді!

1-жүргізуші: Бұралған тал шыбықтай ол бір гүлің,

Шіркін-ай тыңдар болсаң нәзік үнін.

Биімен көрерменді тәнті еткен,

Қарсы алайық,Айнұрды!

2-жүргізуші: Ал, халайық аруға, тамсанайық,

Қыз қылықты дегенде ән салайық.


Гаухар деген ару.

Келе жатыр, қол соғып, қарсы алайық.

1- жүргізуші: Мөлдір адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда әдемі қыз!


2- жүргізуші: Әке ақылы-өсиет,

Ана сүті-қасиет.

Ана үмітін ақтайтын,

Алуа қызыңыз үшін ,рахмет!

                

1-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,

                                        Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

                                        Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

                                        Әділқазы алқасымен танысайық.

2-жүргізуші:

1.

2.

3.

4.  

   

               1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 6 турдан тұрады.

                                        
1.Тегін білу тектілік.
 (таныстыру)

2.Өнерлі - өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)


3.Ана көрген тон пішер(шаш өру)


4. Анама сыйлық жасаймын. (қолөнер)

5.Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

6.Талаптыға нұр жауар. (үй тапсырмасы. фантазия)


                  2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,

                                           Бастайық той кешін.

                                           Қызықтан еш адам,

                                           Қалмасын құр қалып.


                    1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.

                                           Көңілге түй сен мұны,

                                           Әр бүлдіршін –ел гүлі.

                                           Бақытты елде туғаның

                                           Есіміңнен белгілі.

                    

                     2-жүргізуші. Екінші сайыс-өнерліге өріс кең.

                                             Өнерсізден қашып жүр,

                                             Өнермен үлгі шашып жүр.

                                             Өнерді көп білетін дана болар,

                                             Өнерсіздің ісі шала болар.

                    1-жүргізуші. Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.


2-жүргізуші. Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата - ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп алдарыңызда өз өнерін көрсетеді.



1-жүргізуші. Өнері өрге жүзер талаптының,

Таланты талмай ұшар қанаттының.

Әлди әуен әлемі өнер аты,

Шарпып өтсін лебімен қанатының-дей отырып қызымыздың өнерін тамашалайық.


2-жүргізуші. Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.

орындауында қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші. Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Биін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер-деп өнерін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші. Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған –дей отырып қыздың өнерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші. Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым
Би билеп ән салып бер енді, - ендеше биімен ортаға шақырайық.


2-жүргізуші Бұрымды қыз сайысы,

Тәрбиелі мәні бар.

Шашты күтіп өсіру,

Қыз баланың сәні де.

                                 Шаш өру сайысы          


1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

                       Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

                       Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

                       Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

                                                                                      Қолөнер сайысы

2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,

                       Аспандағы айменен таласатын.

                       Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

                       Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

                                                                                             Сән үлгі сайысы.

    

     1-жүргізуші.  Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.

                                           Ендеше, алтыншы сайысымыз-ас мәзірін дайындау.

                     

   2-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

  1-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

                   Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

                    2-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,

                                           Жетелейді алысқа.

                                           Бүгінгі күннің жеңісі,

                                           Достық болып қалуда.

                    1-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.  














Жүргізуші: Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Балабақша әдіскері Сапарова Айгүл
2.
3.

Сайыс бағдарламасы 7- бөлімнен тұрады:
1.Тегін білу тектілік.
 (таныстыру)
2. Ойлан тап (дид ойын)

3. Анама сыйлық жасаймын. (Қолөнер)
4.Өнерлі - өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)

5.Ана көрген тон пішер(тігіс тігу)

6.Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

7.Талаптыға нұр жауар. (үй тапсырмасы. фантазия)





Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы - әдепті де әдемі

Қазақ қызы - ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі

1-Бөлім «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.





2 бөлім.Ойлан тап. (дидактикалық ойын)




3.бөлім. Анама сыйлық жасаймын.(қолөнер)

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан







4 бөлім.Өз өнері.



Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы







5 бөлім «Шеше көрген тон пішер»

5.«Өнерліге өріс кең» немесе «Шеше көрген тон пішер» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Бұл сайысты. Ендеше іске сәт. әр сайысқа 2 минуттан беріледі.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық!





6 бөлім «Сән үлгісі»



Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың, - дей келе, сайысымыздың сән үлгісі кезеңін тамашалайық.



1.)Спорттық киім

2)Кешкі киім

3.) Қазақша ұлттық киім

Жүзден – жүйрік,
Мыңнан – тұлпар. демекші сайыстың соңғы бөліміне де келіп жеттік.


7 бөлім «Талаптыға нұр жауар»

«Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.


   

Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды

.
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым





Жүргізуші: Әділ - қазылардың қорытындысын тыңдаймыз.
Марапаттау





Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну




р.

Техникалық құрал: 

Байқау барысы мына төмендегідей.

1-жүргізуші: Сары майдай салтымның, Арулары алдында – 

Дауылпаздай даңқымның, Қазақ деген халқымның.

2-жүргізуші: Қызғалдағы жерімнің, Өнері бар, әні бар 

Ізгі арманы сенімнің, Бойжеткені елімнің.

1-жүргізуші: Білім құйған бойына, Салт-дәстүрдің әр сөзін 

Қанық өмір жайына. Сақтап жүрген ойына.

2-жүргізуші: Ән бастайық, көрермен, Бастайық біз «Қыз сынын»

Өлең-өрнек дегенмен. Қадірменді көрермен.

ӘН: «Қыз сыны»

1-жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға, Әділқазы алқаларын сайлайық,

Әділдікпен қара қылды жаруға, Ақ аруды таңдап бүгін алуға.

ӘН: «Қыздар-ай » 

Ару қыздар ортаға шақырылады. («Қыз сыны» әуені ойнап тұрады.)

2-жүргізуші: Ақ тілеуі ата–ананың аялаған,

Баласын шапағаты саялаған.

Ежелден қыз өсіреген қайран қазақ,

Ақ батасын арудан аямаған.

Ақ жаулықты ана қыздарға ақ батасын беріп, ақ жол тілейді.

Тұмар тағу арқылы арулардың реттік нөмірлері анықталады.

















Айбар:
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.


Қадір:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!



Маржан:
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!

Сүндет: Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа анам, ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.

Ұлпан:

Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең!
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.


Дастан:
Сегізінші наурыз күнін,
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.

Еркеназ:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – жыр.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.

Жүрсін:Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

Әбдірахим:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Аяулым:
1. Ертегісі қандай көп,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Апам менің тамаша!

Дәулет:
2. Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Созақбай:
3. Ақылшы да қамқоршы,
Жақсы деуге тұрақты.
Әжем менің лайықты,
Бар істері тиянақты.


Айгүл:
4. Менің әжем, ақ әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.







































































Таныстыру

Армысыздар ағайын

Сәлемдесіп алайын

Таныстырсам өзімді

Немересі Төлегеннің

Қызымын мен Ерболдың

Ханшайым деп атымды

Апам менің қойыпты

Тақпақты да жаттаймын

Би-билеп ән де саламын

Ата-анамның үмітін

Ақ сенімін ақтаймын.



Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген, апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.



Отырмысың көрермен

Залға бүгін жиылып

Сөз анасы сәлем деп

Тізе бүгем иіліп.

Мен де шықтым ортаға

Қанатымды жаямын

Алдарыңа кеп тұрған

Мейрамханқызы Інжумін

Атамның жұлдызымын

Әжемнің құндызымын

Бес жасынан бәйге шапқан

Абыздың бір қызымын.





Армысыздар халайық амандасып алайық

Менің атым Гүлназ,мақтануға лайық

Руым сунақ ішінде Қабылқожа

Төлеген ата немересі боламын

Әкем аты Асылбек

Анам аты Сандуғаш

Қыз сынына келіп тұрмын

Гүлназ атты аруы мен боламын



Армысыздар қош келіпсіз халайық

Ашып өмір есігін

Тербетті әжем бесігін

Әдемі ақылды қыз болдым.

Базарбек Сезім есімім

Таныстырсам өзімді

Сұрасаңыз руым шашты

Атам аты Базарбек

Әжем аты Орынша

Жүзімнен күлкі төгіліп

Мен боламын ата-әжемнің ерке қызы Сезіммін.

Таныстыру

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



Ойлан тап

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



Анама сыйлық жасаймын

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



Өз өнері

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



«Шеше көрген тон пішер» тігіс тігу

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



Сән үлгісі

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



Фантазия

1 Ханшайым



2 Дельфуза



3 Сезім



4 Торғын



5 Гүлназ



6 Інжу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі