«Тәуелсіздік-тұғырым» мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты: Педагогтердің әлеуетін кеңейту, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Бүгін, біз сіздерді балабақшамыздың жылдық жоспарына сәйкес, тәрбие жұмысы негізінде «Тәуелсіздік -тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырып отырмыз.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
деп, сайысқа қатысушы педагогтерімізді ортаға
шақырсақ.
1.Тургунова Гульчехра Абдурасуловна - мектепалды топ тәрбиешісі.
2. Кенжекараева Гульмира Анарбекқызы –Мектепалды топ тәрбиешісі.
3.Конысова Акнур Таубаевна – ересек топ тәрбиешісі
4. Алтынбекова Мадина – Ортаңғы топ тәрбиешісі
5.Нұрғали Ғалия – кіші топ тәрбиешісі.
Жүргізуші: Жүйрікпен жүйрік өзара жарысқанда,
Құрбылар бір-бірімен қалысқанба.
Әділқазы сіздерге сенеміз біз,
Әділін дұрыс шешсін жарысқанда.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпаздарын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
«Нұр Шуақ» балабақшасының меңгерушісі: Канбулатова Нағима Құдайқұлқызы және Ұлжан Құдайқұлқызы
«Нұр Шуақ» балабақшасының әдіскері: Бихондиева Айзада Шерниязовна
«Нұр Шуақ» балабақшасының медбикесі: Сүлей Жануя
Жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт біз боламыз,
Енді міне жетеді көпке үніміз – дей келе, сайысымыздың кезеңдеріне тоқталсақ.
1.«Сұрақ-жауап»
2.«Мәнерлеп оқу»
Жүргізуші:
Ал, келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Көркем сөзбен көмкеріп,
Сайысқа қатысып көріңдер- деп, мәнерлеп оқу кезеңімен жалғастырсақ.
3.Конысова Акнур Таубаевна – ересек топ тәрбиешісі
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
4. Алтынбекова Мадина – Ортаңғы топ тәрбиешісі
Біз
Туымызды мақтан етеміз.
Ардақтап мәңгі сақтап өтеміз.
Қазақтың туы асқақ болсын деп,
Ұран етеміз жаттап өтеміз.
Біз
Ту үшін барын беретін елміз,
Тек бір Аллаға сенетін елміз.
Бір Қазақ күні қиындап жатса,
Бар Қазақ болып келетін елміз.
Біз
Туды жанынан артық көреміз.
Ар үшін бәрін сарқып береміз.
Қазақтар жайлы абайлап сөйле,
Тап осылай деп айтып келеміз.
Біз
Отанымызды шын сүйеде аламыз.
Отан алдында бас иеде аламыз.
Отан деп суға түседе аламыз,
Отан деп отқа күйеде аламыз.
Біз
Байтақ даланың ұландарымыз,
Алаштың ақ иық қырандарымыз.
Қазақтың айтар жыр әндарымыз,
Бабадан мирас ұрандарымыз.
Біз
Қонақжайлығы жарасқан елміз,
Ұрпақ қамымен санасқан елміз.
Өле жегегше бөле жейік деп,
Көрші-қолаңға қарасқан елміз.
Біз
Тұлпар үстінде ойнаған елміз,
Күнде қуаныш тойлаған елміз.
Ия біз Қазақ ұлтымыз,
Ата дәстүрін жоймаған елміз.
Біз
Желтоқсанда от қойған елміз,
Жанды жерлерге дөп қойған елміз.
Тәуелсіздікті қолға келтіріп,
Жеке елдікті бек қойған елміз.
Біз
Мың өліп мың бір тірілген елміз.
Керегесі нық тігілген елміз.
Тәнім арымның садақасы деп,
Ары үшін білегі түрілген елміз.
Біз
Ұлы даланың балаларымыз,
Бөрілі байрақ бабаларымыз.
Абай, Мұқтар, Ахметтерден,
Көрінер асқақ саналарымыз.
Біз
Осындай елміз,жаттап алғайсың,
Жүрекке терең сақтап алғайсың.
. Кенжекараева Гульмира Анарбекқызы –Мектепалды топ тәрбиешісі
«Желтоқсан алаңы», Мұхтар Шаханов
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл
алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер…
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,
Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал бiреулер намысы жоқ, жiгер, қауқар, қары жоқ
Кемсiтпекшi “желтоқсанның жалаң аяқтары” деп.
Жоқ!!! Кешегi сын сағатта көкiрегiнде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттiң ары боп,
Дәуiрiнiң тауығына шашылмаған тары боп.
Тiрлiктегi әр iсiңнiң жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгерiссiз қалады,
Сол заңға сай сенi бақыт не сор iздеп табады.
…Дүниенi дүр сiлкiнткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкiм, ешкiм бүркей алмас.
Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
1.«Сұрақ-жауап»
1.Бес арыс пен үш бәйтеректі білесіз бе?
Бес арыс: Ахмет Байтұрсынов
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мағжан Жұмабаев
Жүсіпбек Аймауытов
Міржақып Дулатов
Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин
Ілияс Жансүгіров
Бейімбет Майлин
2.ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)
3.Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4.ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
5.2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.
5. Жұмбақтар:
1.-Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың? (Уақыт)
2.-Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
3.-Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен, Кітап)
4.Ақылы асқан көсем.
-Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде, (Отан)
5.Адам оны жоғалтқан.
-Мені жаксы түсінетін адам,
Сырымменен бөлісетін адам,
Жақын туысым болмасада
Құпиямды сенетін адам. (Дос)
Қорытынды:
Әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Құрметті бүгінгі «Тәуелсіздік-тұғырым» мәнерлеп оқу сайысына қатысқан әріптестер жеңістеріңіз құтты болсын. Әрдайым өз-өзімізді бағалап жүрейік. Шығармашылық табыс тілейміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көктем кереметі"

шағым қалдыра аласыз