"Көктем" оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көктем" оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Көктем »

Мақсаты:  Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу. Балалардың тіл байлығын жетілдіру, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Шаттық шеңбері»
-Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз
Өлең жолдарын қайталату

Балалардың ойын тыңдау

Балалар, бүгін біз жыл мезгілдері туралы, оның ішінде Көктем мезгілі туралы әңгімелейміз. Қане көктем туралы кім не айтады?
Балалар:
Көктемде қар ериді, ағаштар бүршік жарады.
Сурет бойынша әңгіме:
Мына суреттен нені көріп тұрмыз?
- Көктемде жердің түсі қандай болады екен?
- Суретте тағы нені байқадыңдар?
- Балалар, құстарға қандай көмек көрсетуге болады?
- Ал енді, балалар, біз бүгін ақын Төлеген Айбергенов ағаның «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Тәрбиеші құстардың дыбысы жазылған кассетаны қосып, мәнеріне келтіріп баяу «Көктем» өлеңін оқып береді. Балалар тәрбиешіден соң өлеңді қайталап оқып отырады

Көктем
Көңілді көктем далаға
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала.
Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады.
Ойынның барысы:
Балалар парта үстіне бастарын қойып жатады, «күн» дегенде бастарын көтереді, «түн» дегенде бастарын партаға қойып көздерін жұмады. Қателескен бала ойыннан шығарылады.

С/сәті .

Ақ гүлдер,көк гүлдер,

Бәрі де гүлденер.

Көктемде алғашқы ,

Бәйшешек гүлденер.

Д/ойын : «Кім жылдам?»

Суреттер бойынша әңгімелеу

Қорытындылау

Сонымен, қандай жыл мезгілдерін білеміз?
- Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?
- Біз танысқан өлеңді кім жазған?
- Өлеңде не туралы айтылған?

Балаладың жауаптарын тыңдау

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалардың жыл мезгілдері туралы біледі, көктем айларын атай алады сурет бойынша әңгімелеп бере алады
Меңгеруі: көктем ерекшелігін біледі,түсінігін айта алу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2018
472
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі