Көктем сәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем сәні

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӨКТЕМ СӘНІ” ХАЛЫҚ АУЫЗ ЕРТЕГІСІ


Сабақтын тақырыбы:“Көктем сәні” халық ауыз ертегісі.

Қ.Мұқышев. Көктем.

М.Дулатов. Қош келдің, Наурыз.

Ер еңбекте сыналады.

Сабақтың  мақсаты: 
   
Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға ,еркін сөйлей білуге

үйрету.
      Сөздік қорын , логикалық ойын, актерлық қабілетін  дамыту.
    Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққ

тәрбиелеу.
 Міндеттері:
  –      үй тапсырмасына жауап беру;
–       ертегінің мазмұнын түсіп оқу ;
–        ертегідегі жануарларды ажырату;
–        ертегінің  мағынасын ашу ;
–        табиғаттың  аң – құстарына   қамқор  болуға  тәрбиелеу.
 
Көрнекілік: Аңдардың суреттері, сызба.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
 І Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды ахуал қалыптастыру үшін жаттығу орындау  арқылы оқушының зейінін,  назарын сабаққа аудару.
Мұғалімнің сөзі:
Ардак, сен енді зейінді сабаққа қарат !
«Бір- бірімізге жақсы тілек айтайық ! – деп Бір-бірімізге тілек айтамыз »

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: А.Құнанбаев.Жазғытұрым.

І.Жансүгіров.Жазғытұрым.

Құстар айтысы. Ертегі.

Ж.Кәрменов.Әке тәлімі.
Абай Құнанбаевтың өмір баянынан мәлімет «Жазғытұрым өлеңін» жатқа айту, мағынасын сұрау. «Көктем» тақырыбына жазған шығармасын оқыту.
Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған?Құстар ертегісінен қыскаша айтып берші?


ІІІ Білімдерін тексеру:
1. Саған көктем мезгілі ұнай ма?
2. Несімен ұнайды?

 ІҮ Мақсат қою кезеңі:

1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жаңа сабаққа даярлық:
Сен   қандай ертегіні  білесің?

Жылдың неше мезгіл бар?

Оқушының жауабын тыңдаймыз. Оқушыма көктем айының ерекшелігін айта отырып біргелесіп , суретпен безендіреміз .

Cергіту сәті.

Ү Жаңа сабақ.
Мұғалім  сөзі:
-Ардақ, жаңа сабақта сен жақсы көретін, жан-жануарлар туралы ертегіні оқимыз.


- Бұл ертегінің авторы жоқ, халық ауыз ертегісі.
-Халық ауыз ертегісі деген сөзді сіздер қалай түсінесің?
Оқушының жауабын тыңдау:
Мұғалімнің сөзі:
-Дұрыс айтасың Ардақ, бұл ауыздан-ауызға таралған, біздің күнімізге дейін жеткен ертегілер.

Ертегіні өз бастақ дауыстап оқып беремін.
Сол кезде осы ертегінің ішіндегі аңдардың суреті кезек –кезек көрсетіледі. 
Ертегіні түсініп рөльге бөліп оқу.



 Мұғалімнің сөзі:
- Ардақ, сен қазір осы ертегіні рөльге бөліп, оқып бергің келе ме?
Оқушының келісімін алғаннан кейін, мұғалім  оқушы екеуі алдын ала аңдардың сөздерін бөліп алады.
Мұғалімнің сөзі:
-Қазір, қай аңның сөзін алсаң, сол аңның оқулықтан сөзін оқып, жатқа айтуға даярланып отырамыз.
Оқушы даяр болған кезде мұғалім «Көктемнің сәні» тақырыбындағы ертегіні мұғалімдерге рөлге бөліп, оқып береді.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған?
2. Бұлғын  не деді?

3. Басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? 
Қорытынды
Оқушының білімін тексеру мақсатында  сызбаны толтыру.
 Мұғалім алдын-ала даярланған күлтелерді гүлдің айналасына орналастыруды сұрайды.
Бұл күлтелердегі  сөздер аңдардың көктем  сәні  деген  сұрақтарының  жауабы тағы нені ойтуымызға болады?

Мұғалімнің сөзі:
1.Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Ертегі саған ұнады ма?
 Венн диограммасы:
Ардақ сен көктем мезгілін жақсы көресің,өзің ақынжандысың, өзіңнің «Көктем туралы » өлеңінің бір шумағын оқып берші .

 Үйге тапсырма
1.Ертегіні оқу, әңгімелеу.
2. Көктем мезгіліне сурет салу.
3.Бағалау, мадақтау.
















«№121 ЖОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ашық сабақ

«Көктем сәні»






Ұйде оқыту 3 «Б» сынып








Дайындаған: Сейдикеримова А.Қ








2015 ж







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.12.2018
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі