"Көктемге саяхат" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көктемге саяхат" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әлеумет білім саласының экология негіздері бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айгөлек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған

ашық оқу қызметі


Тәрбиеші: Ниязова Самал Ерсайновна

Білім беру саласы:  «Әлеумет»( Коммуникация,таным,шығармашылық,дене шынықтыру)

Бөлімі:  Экология негіздері

Тақырыбы:  «Көктемге саяхат»

Мақсаты:

  • Жер,су,ауа қасиеттерімен таныстыру

  • Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу

  • Гүл және тұқым егуді үйрету

  • Есте сақтауын, қиялын дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер: Су құйғыш, бөлме гүлдері, қияр тұқымы, табиғат бұрышындағы бала еңбегіне қажет заттар.

Билингвалды компонент: бөлме гүлі – комнатный цветок – flower room, су құйғыш – лейка – watering can.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды

Барлық істі атқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.


Теледидардан көктемгі табиғатты тамашалау.

-Балалар осы гүлдерді,бау бақшаны қалай өсіретінін жалпы ол қалай бастау алғанын білгілерің келе ме?

Ғалымға қонаққа бару.

Шаттық шеңберін орындайды.

 

 

 

 

Назарын теледидарға аударады.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастыру-іздестіру

(Ғалым көмекшісі екеуі балалармен сәлемдеседі.)

Гүлдермен танысамыз

Бөлме гүлін таныстырып, әңгімелейді. Гүлдің сабағымен, жапырағымен таныстырып, иіскетіп, оның «герань» және хлорофитум т.б гүлдер атауларымен және оның пайдасымен таныстырады.

Гүл — өсімдік, ол табиғатқа жатады?
— Тірі табиғатқа жатады.
— Балалар, гүлдер не үшін керек?
— Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады, денсаулыққа пайдалы.
Гүлдер қайда өседі? (бейнетаспадан, гүлдердің түрін көрсету)
— Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдер, бөлме гүлдері.
— Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
— Гүлді балшыққа отырғызуға болама?
— Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?

Сонымен қатар көктем мезгілінде топыраққа көкөністер дәндерін отырғызамыз.

Сендер гүлдерді және дәндерді(тұқым) отырғызып үйренгілерің келеме?

Гүлді күтеміз

Алдарына алжапқыш байлап, гүлдерді күтіп баптау.

Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз.
Іс-тәжірбие: Стол үстіне бала санына жететін ыдыстар қойылады.

-Балалар біз не көріп тұрмыз?

Балалар топырақты қопсытады, 1 топ гүл отырғызады,2-топ қияр дәндерін отырғызып үйренеді. 

Сергіту сәті (Көктемге саяхат)

Қағазбен және музыкамен)

Ғалымдармен қоштасып топқа оралу.

Сөздік жұмысы: Гүл-цветок- flower

Дыбыстық жаттығу

Ыз-ыз-ыз – гүлдермен доспыз,


Ыш-ыш-ыш – мен әкелдім су құйғыш.

Үл-үл-үл – құмырада өсті гүл,

Ыз-ыз-ыз – гүлді жұлмаймыз.

Сурет салу: « Ыдыстарға гүл отырғызамыз»

Мақсаты: дәстүрлі емес сурет салу әдісі арқылы шығармашылығын дамыту.


Мақал – мәтел

Гүл – жердің көркі.

Мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.



Бөлме гүлін мұқият қарайды.

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 



Экраннан суретті тамашалау.

 



 







Алжапқышты киіп, бөлме гүлін күту жолдарын үйренеді.

Топырақ, күннің көзі, су қажет.

-сумен, ауамен.





балалар шығып топырақты қопсытты, су құйды, гүлді отырғызды.



Сергіту сәтін іс-қимыл мен қайталайды.

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.

 

Дыбыстарын дұрыс, анық айтады.

 

 

 



Сурет салу әдістерін үйренеді.

Мақалдың мағынасын талдайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Бөлме гүлдерін ата»

Мақсаты: Бөлме гүлдерін ажырата танып айта білуге үйрету.

Сұрақ қоя отырып, талдап, қорытындылау.

Балаларды мадақтап, ашық ұйымдастырылған ашық оқу қызметін аяқтау. Балаларға смайликтер беріледі.

 Карточкалармен жұмыс.



Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Марапатталады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көктем мезгілінің қасиеттерін.

Нені игереді: бөлме гүлдерін күтіп-баптау жолдарын және көкөністер дәндерін отырғызу жолдарын, денсаулыққа пайдалы екенін.

Істей білу керек: гүлдердің сұлулығын және оның күтіміне қажет заттарды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі