Көктемгі эстафеталық
ойындар
Халықпыз ғой, шымыр келген,
бай үнді.
Қандай
ғажап!
Қол созсақ біз
қойнауға.
Көктем келсе эстафеталық
ойынды,
Асығамыз
ойнауға.
Иә, аппақ гүл қар астынан
қылтиып бой көрсеткен шағынан бастап әлденеге делебеміз қозып, таза
ауа, тамаша табиғаттың аясында әлдебір спорт түрімен айналысқымыз
келіп-ақ тұрады. Осындайда жанға демеу, көңілге медет болатыны
әрине мектепшілік көктемгі спорттық эстафеталық ойындар. Әсіресе
қазақ тілі, математика, тарих, география, химия және дене шынықтыру
пәндерінің ұстаздары эстафеталық спорттық ойындар бойынша жарысып,
бірінен бірі басып озғанда, көңілін күпті болмай
көр!
Ең әуелі біздің сүйікті
мектебімізде эстафеталық ойындар бастала салысымен
«Таныстыру» кезеңіне аяқ
басамыз. Бар ақындық шеберлігімізді қосып, топтың аты мен ұранын
ерекшелеп тұрып жер жаhанға жар саламыз. Келесі кезең
«Эстафета таяқшасын алып жүгіру» деп аталады.
Яғни діттеген межеге таяқшаны кім бірінші алып жетсе, сол осы
бөлімде жеңген болып саналады. Бұл жерде шапшаңдық пен жылдамдық
аса қажет. Әрине, топтың ең жел аяқ адамын қатыстырған жөн болады.
Келесі кезең «Кім
жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты
допты кедергілер арасымен алып
белгіленген жерге ұрып барып , қайтарында
жерге ұрып алып қайтып, әріптесіне беру. Былай
қарасан аса бір қиындығы жоқ
секілді.
Ал эстафеталық ойындардың
ішіндегі ең қызығы «Секіртпемен жүгіру».
Секіртпемен
секіріп жүріп , кейін қайтады да келесі ойыншыға
береді. Бұған көбіне аяқ қолы балғадай, болаттай берік, шойындай
шымырлы, темірдей төзімді ойыншының қатысқаны абзал. Одан
кейінгісі «Кім мерген?».
Топ басшысы допты
көтеріп алып жүріп, қабырғадағы шарды
жарып қайтып допты келесі
ойыншыға табыстайды. Қарап отырсан бәрі доппен тығыз
байланысты ойындар. Ал соңғы түйенің жүгі ауыр дейді. Соңғы
ойынға «шеңбердегі тілек» сергіту
сәтін жасасақ болады. Ол енді топ басшысының өз қалауы.
Дейтұрғанмен сергіту сәті өкінішке орай бұл кезеңде бағаланбайды.
Тек қана ойыншылардың қайнап тұрған қызу қаның бірқалыпқа келтіру
мақсатында, әрі ойыншыларға сергек көңіл-күй сыйлау мақсатында
ойнатылады. Жалпы бұдан бөлек көктемгі эстафеталық ойындардың
жүздеген түрі бар. Атап айтсақ,
Музыкалық ойындар, Құрылыс
материалдарымен ойындар, Қимылды ойындар, Дидактикалық ойындар, қол
еңбегі ойындары, достық қарым-қатынас орнату мақсатында ойнатылатын
ойындар. Мысалға, қимыл ойындарына
«Мысық пен торғайлар», «Ұстап
ал», «Жұбыңды тап», «Аттар», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар»,
«Бұрыштар», «Жұптасып жүгіру», «Тышқан аулаушы», «Аққу-қаздар»,
«Пішін жаса», «Табан мен шортан», «Жүгіріс», «Бос орын»,
«Жасырынбақ», «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аюдың
апаны», «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз»,
«Лақтырамын, ұстап ал», «Қоян мен аңшылар», «Допты сақинаға сал»,
«Кедергі жолдар» жатады.
Жалпы алғанда, көктемгі
эстафеталық ойындар кез-келген адамның
жарыстардағы шығармашылық
бастамасын көтермелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға
септігін тигізеді. Сондықтан сіз болып, біз болып эстафеталық
ойындарға өзімізді және қоршаған ортамызды баулиық. Шынықсаң шымыр
боласың деген осы.