жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көлдер мен мұздықтар 8 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім 3.3 Гидросфера Мектеп: Жаңажол ОЖББМ Күні: 11.12.18. Мұғалімнің аты-жөні: Оразаева А Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Көлдер мен мұздықтар |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес |
8.3.3.5- көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды |
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Көлдер мен мұздықтардың түрлерін жіктейді, түсіндіреді. Көпшілігі орындай алады: Көлдер мен мұздықтарды картадан көрсетеді, ажыратады , талдайды , кескін картаға белгілейді. Кейбір оқушылар орындай алады:Көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша тұжырымдайды , кесте құрастырады, пайда болу жолдарын анықтайды. |
Бағалау критерийлері |
Қолдану: көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша жіктейді,көлдер мен мұздықтар туралы түсіндіреді. Талдау: Көлдер мен мұздықтарды картадан көрсетеді, ажыратады ,кескін картаға түсіреді Жинақтау: Көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша тұжырымдайды , кесте құрастырады |
Тілдік мақсаттар
|
Оқылым:оқушылар сабақ барысында деректерді оқып, танысады Айтылым: топтық жұмыста бір-бірлерімен пікір алмасады. Тыңдалым:оқушылар сабақ барысында бір- бірінің пікірін тыңдайды. Жазылым: тақырып бойынша терминдерді және кесте құрып, ақпараттарды дәптерге жазады, кескін картаға көлдер мен мұздықтарды түсіреді. Пәнге қатысты ұғымдар, сөз тіркестері мен терминдер: Көлділік деңгейі,көлдің шығу тегі,тектоникалық, мұздық, мұздық – тектоникалық, қалдық, ағынды , ағынсыз, жанартаулық, рифтілік көлдер, грабен, фирн,глетчер, жамылғы , тау мұздықтары, аңғарлық мұздықтар, айсберг, нунатак, трог, морена, альбедо құбылысы |
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы аясында оқушыларды жұптық және топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа, ашықтыққа,ұқыптылыққа , қоршаған ортаға азаматтық жауапкершілікпен қарауға,шығармашылыққа тәрбиелейді. |
Пәнаралық байланыс |
Физика пәнімен : көлдер мен мұздықтардың шығу тегі мен қалыптасу жолдарын талдаған кезде; Химия пәнімен: Көл суындағы тұздылық көрсеткіші мен мұздықтардың пішіндерінің өзгерісі туралы білім ұштасқан кезде; Бейнелеу пәнімен: Көлдер мен мұздықтарды кескін картаға түсірген кезде; |
Алдыңғы білім |
8.3.3.3 8.3.3.3-өзен аңғарының құрылысын түсіндірілді. 8.3.3.4 – Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режимін түсіндірілді. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин |
Ұйымдастыру. (2 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып оқушыларын сурет арқылы топқа бөлу.
Тұсаукесер. (3 мин) Оқушыларға көлдер мен мұздықтар туралы бейнежазба көрсетіліп, жаңа сабақ тақырыбы айқындалады. ҚБ: ынталандыру Сабақтың мақсаты анықталады. |
Үлестірме суреттер https://www.уоutube.com/watch?v=DRPJeQrcins Еліміздегі көлдер мен мұздықтар 4 мин 28 сек |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Қолдану 10 мин Талдау 10 мин |
І тапсырма: топтық жұмыс «Еркін талқылау» әдісі 10 мин Оқулықты және үлестірмелік ресурстарды пайдалана отырып, постер қорғайды. І топ: Көлдердің қалыптасу ерекшеліктері мен таралуы ІІ топ: Көлдердің түрлері ІІІ топ: Мұздықтар түрлері. ІҮ топ:Мұздықтардың қалыптасу жолы
Қ/Б:«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін- бірі бағалау(әр топтың түсіну дәрежесін бағдаршам түстерін көтеру арқылы анықтау)
Тиімділігі:Оқушы бірін- бірі немесе өзін өзі бағалауда оқу деңгейінің нәтижесін анықтауда, әділ бағалауда, оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтауда тиімді.
ІІ тапсырма: Кескін картамен жұмыс . ( жеке жұмыс, жұптық бағалау) « Түртіп алу» әдісі.(оқушылар оқулықтан географиялық нысандарды жазып алады да, атласты пайдаланып кескін картаға түсіреді.) І топ: Дүние жүзінің кескін картасына Каспий теңізі, ,Титикака , Жоғарғы көлдерді түсіріңіз; ІІ топ: Кескін картаға Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Марқакөл тектоникалық көлдерді белгілеңіз ; ІІІ топ: Кескін картаға Гренландия аралын, Аляскадағы Хабборд мұздығын, Іле Алатауындағы Корженевский мұздығының атауын жазыңыз; ІҮ топ: Норвегиядағы Батыс Шпицберген, Ресейдегі Жаңа Жер, Тәжікстандағы Федченко мұздығын белгілеңіз.
Қ/Б жұп бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды Тиімділігі: оқытуда оқушыны алға жетелеуге, жақсы сезінуге, қуануға, ынталандыруға жағдай жасайды. |
Оқулық мәтіні, үлестірме ресурстар, маркер,ватман
Оқулық мәтіні, §22 104-108 бет,
§
Оқулық мәтіні, §22 104-108 бет, 8 сынып атлас, кескін карта.
|
||||||||||||||||||||||
Жинақтау
10 мин
|
III-тапсырма: Жұптық жұмыс«Түсіндірме кесте» әдісі.( оқушылар өз қалаулары бойынша бір көл немесе бір мұздықта таңдап алады.)1 жұп- көлдер мен мұздықтардың географиялық орнын қайта анықтайды; 2- жұп- пайдалануы мен маңызы туралы ұсыныс енгізеді ; 3- жұп кесте құрастырады. Атласты пайдаланып, Қазақстанның бір көліне жоспар бойынша кесте құрастырыңыз.
Қазақстанда орналасқан ірі мұздықтардың біріне жоспар бойынша кесте құрастырыңыз
Қ/Б: «Театрдағы әрекет» әдісі арқылы өзара бағалау (оқушылар жақсы айтылған сипаттамаларға орындарынан тұрып, қол шапалақтап «Verry good» деп қолдау көрсетіп шапалақтайды) Тиімділігі:қолпаштау , мадақтау арқылы өздерін жақсы сезінеді |
Оқулық мәтіні 109- 113бет, жұмыс дәптері, интернет ресурстары
|
||||||||||||||||||||||
Кері байланыс
3 мин
Рефлексия 2 мин
|
Кері байланыс : «Көз», «Құлақ», «Жүрек» Оқушылар бүгінгі сабақта не көргендерін стикерге жазып көзге жапсырады. Оқушылар бүгінгі сабақта не естігенін стикерге жазып құлаққа жапсырады. Оқушылар бүгінгі сабақта нені жүрегіне түйді стикерге жазып жүрекке жапсырады.
«Тазалық ойыны» 1 мин
Құрметті оқушылар,
бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға
салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық
дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні
ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері
болса, еттартқышқа салыңызда (
|
|
||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуниккациялық технологияларды қолдану |
||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар сабақты меңгеруге, оқу мақсатына жетуге бағытталған «Еркін талқылау» әдісі арқылы көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша жіктейді, жоспар негізінде көлдер мен мұздықтар туралы баяндайды. Оқушылардың көпшілігі « Түртіп алу» әдісі бойынша көлдер мен мұздықтарды картадан көрсетеді, кескін картаға түсіреді, ажыратады. кейбіреулері «Түсіндірме кесте»әдісі арқылы Көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша тұжырымдайды,кесте құрастырады
|
«Бағдаршам», «Басбармақ» «Театрдағы әрекет» әдістері арқылы, оқушыны мадақтау, қолдау. Топтар бір-бірін тыңдап, жұмыстарына баға беру үшін және мұғалім оқушыларды қолдау және оқушылар өзін-өзі бағалау мақсатында жүргізіледі.
|
Сыныпта санитарлық-гигеналық,қимыл-қозғалыс кезіндегі ережелерді сақтайды. АКТ-мен байланыс-интерактивті тақта жұмыстарын пайдалану ережесін сақтайды.Сыныпты топтық жұмысқа дайындау, жағдай жасайды. Пәнаралық байланыс сабақ барысында көлдер мен мұздықтардың шығу тегі мен қалыптасу жолдары ,көл суындағы тұздылық көрсеткіші мен мұздықтардың пішіндерінің өзгерісі туралы білімді меңгергенде, көлдер мен мұздықтарды кескін картаға түсірген кезде;бейнелеу пәндерімен байланысады. |
Тапсырмалар
І топ:
1 тапсырма: Көлдердің қалыптасу ерекшеліктері мен таралуы
2 тапсырма: Кескін картамен жұмыс . ( жеке жұмыс, жұптық бағалау)
Дүние жүзінің кескін картасына Каспий теңізі, ,Титикака , Жоғарғы көлдерді түсіріңіз;
3-тапсырма: Жұптық жұмыс«Түсіндірме кесте» әдісі.( оқушылар өз қалаулары бойынша бір мұздықта таңдап алады.)1 жұп- мұздықтың географиялық орнын қайта анықтайды; 2- жұп- пайдалануы мен маңызы туралы ұсыныс енгізеді ; 3- жұп кесте
Қазақстанда орналасқан ірі мұздықтардың біріне жоспар бойынша кесте құрастырыңыз
Мұздықтың атауы |
Орны |
Ауданы |
Көлемі |
Маңызы |
|
|
|
|
|
Тапсырмалар
ІІ топ:
1 тапсырма Көлдердің түрлері
2 тапсырма: Кескін картамен жұмыс . ( жеке жұмыс, жұптық бағалау)
Кескін картаға Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Марқакөл тектоникалық көлдерді белгілеңіз ;
3-тапсырма:
Жұптық жұмыс«Түсіндірме кесте» әдісі.( оқушылар өз қалаулары бойынша бір мұздықта таңдап алады.)1 жұп- мұздықтың географиялық орнын қайта анықтайды; 2- жұп- пайдалануы мен маңызы туралы ұсыныс енгізеді ; 3- жұп кесте
Қазақстанда орналасқан ірі мұздықтардың біріне жоспар бойынша кесте құрастырыңыз
Мұздықтың атауы |
Орны |
Ауданы |
Көлемі |
Маңызы |
|
|
|
|
|
Тапсырмалар
ІІІ топ:
1 тапсырма Мұздықтар түрлері.
2 тапсырма: Кескін картамен жұмыс . ( жеке жұмыс, жұптық бағалау)
Кескін картаға Гренландия аралын, Аляскадағы Хабборд мұздығын, Іле Алатауындағы Корженевский мұздығының атауын жазыңыз;
3-тапсырма: Жұптық жұмыс«Түсіндірме кесте» әдісі.( оқушылар өз қалаулары бойынша бір көл таңдап алады.)1 жұп- көлдің географиялық орнын қайта анықтайды; 2- жұп- пайдалануы мен маңызы туралы ұсыныс енгізеді ; 3- жұп кесте
Атласты пайдаланып, Қазақстанның бір көліне жоспар бойынша кесте құрастырыңыз.
Көлдің атауы |
Ауданы |
Шығу тегі |
Пайдалануы мен маңызы |
|
|
|
|
Тапсырмалар
ІҮ топ :
1- тапсырма: Мұздықтардың қалыптасу жолы
2 -тапсырма: Кескін картамен жұмыс . ( жеке жұмыс, жұптық бағалау)
Кескін картаға Норвегиядағы Батыс Шпицберген, Ресейдегі Жаңа Жер, Тәжікстандағы Федченко мұздығын белгілеңіз
3-тапсырма: Жұптық жұмыс«Түсіндірме кесте» әдісі.( оқушылар өз қалаулары бойынша бір көл таңдап алады.)1 жұп- көлдің географиялық орнын қайта анықтайды; 2- жұп- пайдалануы мен маңызы туралы ұсыныс енгізеді ; 3- жұп кесте
Атласты пайдаланып, Қазақстанның бір көліне жоспар бойынша кесте құрастырыңыз.
Көлдің атауы |
Ауданы |
Шығу тегі |
Пайдалануы мен маңызы |
|
|
|
|
Алтай тауындағы мұздық:
Мұзтау Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан.
Басын қар шалған, мәңгі мұздықтар мекені Мұзтау Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Қытай мен Моңғолия қол созым жерде тұр. Шығыс және Батыс Мұзтау мен Делоне шыңдарын қосатын тау массиві Мұзтаудың негізін құрайды. Мұздықтың ұзындығы 8 км, ауданы 28 км2 мұздың қалындығы 200 м-дей.ені 500-700 м аралығында.
Қойнауы аңыз бен тарихқа толы Мұзтау киелі орындардың бірі.
Ал Алтайдың теріскейін мекендейтін ежелгі славяндар Мұзтауды «Белуха» деп атайды. Бұл «Белый» сөзінен шыққан, басындағы мұздықтар мен ерімейтін қарларға қарай қойылған деген қате ұғым бар. Негізі Белуха атауы таудан ағатын мөлдір суларға байланысты «Беловодье» сөзінің қысқартуынан шыққан-мыс. Алтайға қоныс аударған алғашқы ортодоксальды христиан өкілдері (староверы) жұмақтың жердегі бөлшегі – «Беловодье» осы Мұзтаудың ішінде жасырылған деп сенген. Бажовтың ертегілерінде жазылған «таудан аққан сүт тәрізді өзендер» осы Мұзтаудың тау бұлақтарына қарап шыққан екен.
Азияның бұл бөлігіне ислам келгенге дейін Көк Тәңгірге табыну кезеңінде Мұзтау «Ұмай ананың отаны» саналған. Ұмай ана – өмірдің бастауы, Тәңірі жаратқан тіршілік иелерінің жарылқаушысы бейнесінде. Ананың сүтін басқадан жоғары қойған түркілер Ұмай ана бейнесін Құдайдың өкілі санаған. Мұзтаудың әппақ шыңдары ана кеудесі, одан аққан мөлдір су тіршілік сыйлаушы ана сүті деп есептеген. Тәңір – өмірдің бастауы болса, Мұзтау Тәңірінің жерге тіршілік берген бастауы болып саналған.
Іле Алатауындағы мұздық: Корженевский мұздығы
Корженевский мұздығы толығымен Іле Алатауының оңтүстік беткейінде. Мұздықтың жоғарғы жағы төрт аумаққа бөлінеді. Оның үшеуінен мұздықтың аса ірі және ұзын тармақтары таралады. Айналасындағы зәулім таулармен бір көріністе алғанда бұл мұздықтың барша Іле Алатауындағы ең ірі мұздық екені байқауға болады.
Мұздықтың ұзындығы 12 км, ауданы 38 км2 мұздың қалындығы 300 м-дей.ені 600-800 м аралығындағы сол тармағы Негізгі жотадан басталып Иньтау, Копр және Металлург шыңдарының арасынан өтеді. Оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған бұлар Көкбұлақ асуының етегінде негізгі мұздықпен тоқайласады.
Мұздықтың жоғарғы жағында Ақтау шыңы мен Суровый асуының арасында «Долина гнева» деп аталатын жер бар. Күн жарқырап шыққан кезде, жарық сәуле аппақ шыңдарға шағылысып сәуленің радиациясын айтарлықтай көбейтеді, сондықтан бұл жерде жүру қолайсыз ғана емес, қауіпті де. Жел болмағандықтан сәуле радициясының күшейетіні соншалық адам пешке түскендей қуырылып, күйіп қалуы мүмкін, бұл алқаптың биіктігін ескерсек, онда адам өміріне өте қауіпті екенін аңғару қиын емес.

