400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көлдердің атауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр (таблицаны қара).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сабақ


Сынып:

Қатысушылар саны: -

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көлдердің атауы

Сабақтың мақсаты

Көл мен бөген дегеніміз не екенін білу,олардың ерекшеліктерін түсіну және шаруашылықта қолдану

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің оқу іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,санамақ арқылы топтастыру

І.Үй тапсырмасы: «Кім жылдам?»

1.Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендері

2.Каспий теңізі алабының өзендері

3.Арал теңізі алабының өзендері

4.Балқаш-Алакөл алабының өзендері

Жұлдызша арқылы бағалау

ІІ.Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар .Мадақтау арқылы бағалау

1.Жердің ойық жеріне жиналған суды не деп атаймыз?

2.Неліктен өзен бойларын бөгеп,бөгеттер салынады?

3.Көл мен бөгеннің қандай айырмашылығы бар?

Мадақтау арқылы бағалау


  1. Ширату жаттығуын орындайды.

Смайликтер арқылы бағалау

Интерактивті тақта, стикер , смайликтер, көрнекіліктер

Сабақтың ортасы

ІІІ. Жаңа сабақ: Топтастыру,постер қорғау

Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр (таблицаны қара).Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте ормандыдала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.

Тектоникалық көлдер.Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.), бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі, т.б. су айдындары осы топқа жатады. Реликті (қалдық) көлдер.Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер калдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты. Мұздың көлдер типі.Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады. Қар көлдері.Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер.Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп. Ескі арна көлдері.Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нөтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.

Бөгендер.Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км²-ге дейін - кіші, 250 км²- ге дейін - орта, 1000 км ге дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бөгендер.Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км². Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір - ірі және алты орта бөгендер бар, калғандары кіші бөгендер . Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен, т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км²-ді (барлық бөгендердің 87%) құрайды, ал су көлемі 86 км3- ден (барлық бөгендердің 95%) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланады

Оқушыларды топтастыру арқылы постер қорғату

1 топ:Көлдерге жалпы шолу

2 топ:Көлдердің түрлері

3 топ:Бөгендер


Жаңа сабақты меңгереді, сабақты қорғайды, постер








Смайликтер арқылы бағалау























Смайликтер арқылы бағалау















Смайликтер арқылы бағалау






Сабақтың соңы

5 мин




Бағалау. Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау

ІV.Сабақты бекіту:

1)1.Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерің білесіңдер?

2.Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар?

3.Көлдердің су деңгейінің көтерілуі неге байланысты?

4.Көлдер қазаңшұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?

5.Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді,олардың қандай маңызы бар?

6.Өздерің тұратын жерлеріңдегі көлдер мен бөгендерді атаңдар.

Топтардың бірін – бірі бағалауы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі