400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Колледж аруы -2021 "

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта - Азиялық колледжінде, 2021 жылы өткізілген "Колледж аруы -2021" атты байқау сценарий . Бұл сценарийді барлық колледж қыздары үшін қолдануға болады. Зулайхо Мен халқымның қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. Қыз өссе елдің көркі деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам Диана Қыз емес қыздың аты қызыл алтын Көрінер толған айдай жүзі жарқын Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес Халқының сақтай білген ізгі салтын Муниса Қайырлы күн қымбатты аяулы ұстаздар, қонақтар және білімгерлер Гулчехра Армысыздар бүгінгі байқауға келген көрермендер. Жыл сайын тұрақты түрде колледж қыздары арасында өткізілетін «Колледж аруы-2021» байқауына қош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зулайхо

Мен  халқымның   қыздарына қайран  қалам,

Жанары  жаны  жаздай жайраңдаған.

Қыз  өссе  елдің  көркі  деген  сөзді

Қапысыз  қалай  айтқан  қайран  бабам

 

Диана

Қыз  емес қыздың аты  қызыл  алтын

Көрінер  толған  айдай  жүзі  жарқын

Үлкеннің  алдын  орап  сөз  сөйлемес

Халқының  сақтай  білген  ізгі  салтын

 

Муниса

Қайырлы  күн қымбатты  аяулы  ұстаздар, қонақтар және  білімгерлер

 

Гулчехра

Армысыздар  бүгінгі  байқауға келген  көрермендер. Жыл  сайын  тұрақты  түрде  колледж  қыздары  арасында  өткізілетін «Колледж  аруы-2021»  байқауына  қош  келдіңіздер!

 

Зулайхо

Халқымыз қызды  қашанда құрмет тұтқан. « Қыз өссе  елдің  көркі»  деп  жас талдай құлпыра өскен  қызды  бақыт  құсына  балап,  әлпештеп,  аялаған. «Қызды төрге  отырғыз,  төреңдей  күт» дейтін халық  оған   қонақ  ретінде  қарап   ерекше  көңіл  бөлген.

 

Диана

Халқымыздың ұлттық салт  дәстүрін,  әдет-ғұрпын  берік ұстана  білген, ақылына  көркі  сай,  инабатты, ибалы  ару  қыздарымызды  сахна  төріне  шақырайық онда

 

Зулайхо

Диане неге асығасың? Колледж аруы -2021 жігіттерсіз өтедімекен? Оданда ортаға жігіттерімізді шақырайық! Музыка қойылады Жігіттер шығады.

Вальс

Фанфар

Зулайхо


Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп колледждің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші дей отырып

Бүгінгі байқауды ашу үшін сөз кезегін Колледжіміздің директоры Хасанова Дилдора Халматваевнаға береміз!


Ал ендіше ортаға ару қыздырымызды шақырамыз!


1-жүргізуші

Сахнада ФЛК 01 - 20 тобының  үкілеп  қосқан  ару  қызы  Илхамжанова Муниса Толкинжанқызы

 

2-жүргізуші

МБК 22-21 тобының  намысын  қорғап  келген   қыздарыңыз 

Расулметова Дурдона Алимжанова


1-жүргізуші

МБК 21-21 тобының  аруы  Тажибаева Лола Берганбаевна

 

2-жүргізуші

Байқаудың  тағы  бір   үміткер  қызы МБК 01-21   тобының  білімгері  Абдурасулова Гулчехра Элчивайқызы

 

1-жүргізуші

Қарсы  алыңыздар  сахнада  ФЛК 02-20 тобының  ару  қызы  Мираметова Диана Дәулетбайқызы

 

 

2-жүргізуші

Шалқытып бұл  байқауда ән  салайық,

Өнерпаз  аруларға  тамсанайық

Әділдік  пен  шындықты  арқа тұтқан

Әділқазы  алқасымен  танысайық

 

1-жүргізуші

Жасмина балабақшасының меңгерушісі Розметова Гулчехра Бахтияровна


2-жүргізуші Жан – Динара балабақшасының меңгерушісі Ташходжаева Хилола Ахмаджановна


1-жүргізуші

Хаят клиникасының врач кардиологі Рахметова Нилуфар Мирганиевна


2-жүргізуші

Шымкент қаласының бас стилисті «Севар – стилист » атағымен әйгілі Расулова Севара Шамажитовна


1-жүргізуші

Балалар психологы , коуч тренер Оразбаева Ширин Иранбековна


1-жүргізуші

Ару  қыздарымызға  сәттілік  тілеп  сахна  сыртына  шығарып  салайық

 

2-жүргізуші

Қырмызы қызыл  гүлсіңдер ме  екен,

Бақытты  іздеп  жүрсіңдер  ме  екен.

Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар

Жұмбақ  жансыңдар  бір сыр  бермеген


1-жүргізуші

Текті  білу  ұрпаққа  біздерге  сын,

Құрметте  ата-баба  салт  дәстүрін

Тыңдайық  кезекпенен  аруларды

Мың  бұралып  ортамызға  келген  бүгін



 

2-жүргізуші  

«Қыз өссе елдің көркі»  Таныстыру  кезеңі .  Бұл кезеңге ұзағымен 3 минут уақыт беріледі. Қыздар бұл кезеңде қыздарымыз сахна мәдениетімен, сөйлеу мәнерімен, киім үлгісімен сынға түседі. Сахнада

(Бірінші видео шыгады)

1 Илхамжанова Муниса Толкинжанқызы

2 Расулметова Дурдона Алимжанова

3 Тажибаева Лола Берганбаевна

4 Абдурасулова Гулчехра Элчивайқызы

5 Мираметова Диана Дәулетбайқызы

 



Таныстыру  бөліміне  қойған  ұпай  сандарыңыз

 

1-жүргізуші

Тұңғыш Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі  жастардың қолында. Олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек  біліммен ұштасқанда ғана биік белестерге жетеді деген болатын.


 Жахонгир биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай колледжімізде көптеген іс –шаралардың куәсі болып отырмыз. Айтулы мереке кезінде атқарылатын шаралардың дені жастарға арналуы – Президент қойған басты талаптың бірі. Себебі елде не жасалса да, бәрін болашақ ұрпақ үшін жасалуы тиіс.


2 жүргізуші: Қасым-Жомарт Тоқаев ізімізді басып келе жатқан буынның азаматтық белсенділігі өте жоғары, жастардың құлшынысы зор екенін айта келе, осы белсенділікті бәсеңдетпей, оларды жаңа мақсаттарға жұмылдыру қажеттігіне тоқталды.

Ендіше назарларыңызды экранға қаратуларыңызды сұранамыз!

Видео Тәуелсіздік


2-жүргізуші

 Қыздарымыз ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, ақылдылығымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс.

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.



Қазағымай би


Сен мўътабар она, меҳри ягона. 

Сен опам, синглимсан, гўзал дурдона. 

Сен гулдай нозиксан маъсума ҳаёл, 

Дунёнинг бешиги бу сенсан АЁЛ ! 


Сенсиз тонгим отмас, ёришмайди кун. 

Фарзандинг сенсиз гар қолади дилхун. 

Сен билан яшнайди билсанг дахри дун, 

Асли бахт эшиги бу сенсан АЁЛ ! 


Қувончдан қувнайсан бағримга боссам, 

Жимгина йиғлайсан дилинг оғритсам, 

Дунёнинг ташвишин елканга оссам, 

Қирқ жони ормуғон бу сенсан АЁЛ ! 


Қалбимнинг чироғи, ёнар нурисан, 

Юрагим малҳами, ўчмас қўрисан, 

Сен жаннатдан келган малак, парисан, 

Ҳа ўша фаришта бу сенсан АЁЛ !


Колледжіміздің ФЛК 21-21 тобының студенті Гафуров Тохир «Лазги» әнімен



1 жүр: Ендіше кезекті «Білгенге маржан» Сұрақ - жауап кезеңімізге берейік.

Бұл кезеңде қыздарымыз сахнада өзін ұстау мәдениетімен, өз білімімен сынға түседі. Ойлануға қыздарға 1 минут уақыт беріледі.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

 Дей отырып екінші кезеңге берілген ұпайларға берсек


1-жүргізуші

Байқаудың келесі бөлімі «Мен аспазбын» салат дайындау . Қыздарымыз бұл кезеңде тазалығымен, шапшаңдығымын, салатты әдемі сәндеуімен сынға түседі. Бұл кезеңге 10- 15 мин уақыт беріледі Қыздарымызды ортаға шақырамыз.  


Музыка

Қазылар  алқасы  үшінші кезеңге   қойған  ұпайларыңыз

 

1-жүргізуші

Қыз баланың тәрбиесі – ата-анаға үлкен сын. «Қыз – ұлт болашағы» деп  тегін айтпаған. Сол себептен  ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың  бойына дарыту – басты мақсатымыз. Сондықтан аналары кесте тігу, құрақ құрау,  жүн түту, жіп иіру, көрпе көктеу сынды қолөнер түрлерін қыздарына үйреткен.

 

 

2-жүргізуші

Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да, азары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Байқауды «Анаға қарап қыз өсер» бөлімімен жалғастырамыз. Бұл кезеңде қыздарымыз  өздері тіккен көйлектерін көрсетеді. Көйлектердің тазалығы, сәні, идеясымен сынға түседі. Тігілген көулек медицина және күз мезгіліне сай болуы керек. Аруларды  сахна  төріне  шақырамыз!


 1-жүргізуші

Бұл бөлімде қыздардың жүріс-тұрысы, қимыл қозғалысы сарапқа салынады


1-жүргізуші 

Құйылған ақ  сезімнен дара шыңдай

Жүрегі  арулардың  ақылға  бай

«Ана  көрген  тон  пішер»  деген  қазақ

Шеберлігі  бұл  қыздардың  таң  қылардай 


  

2-жүргізуші

Қазылар алқасы 4 бөлімге қойған ұпай сандарыңыз. Бірінші  кезекте  өнер  көрсеткен аруымызға қойған бағаларыңыз


2-жүргізуші

Екінші  болып  өнер  көрсеткен  қызымыз __________________________________________________________


1- жүргізуші 

Қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілікпен бірге өнер де табылуы керек.

 

2-жүргізуші

Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата–ананың қызынан қапы  қалма», - деп өсиет айтқан болатын. Сондықтан ертеңгі ана бүгінгі қыздарымызды  тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.

 

1-жүргізуші

         Байқаудың келесі бөлімі «Өнерлі өрге жүзер»  яғни еркін тақырып деп аталады. Қыздарымыз өз  өнерлерін ортаға салады. Бұл кезеңде қыздарымыз сахна мәдениеті, киім үлгісімен сынға түседі. Қыздарымызға 8-10 минут уақыт беріледі

 

2-жүргізуші

Ендеше  қарсы алыңыздар сахнада ибалы да инабатты қыздарыңыз

1 Илхамжанова Муниса Толкинжанқызы

2 Расулметова Дурдона Алимжанова

3 Тажибаева Лола Берганбаевна

4 Абдурасулова Гулчехра Элчивайқызы

5 Мираметова Диана Дәулетбайқызы



 Бойчечагим


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі