2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Колледждердегі үздік тәжірибелер білім сапасын арттыру жолдары

Колледждердегі үздік тәжірибелер білім сапасын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледждердегі үздік тәжірибелер білім сапасын арттыру жолдары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Колледждердегі үздік тәжірибелер :білім сапасын арттыру жолдары

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын арттыру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, жан-жақты дамыған, рухани бай тұлға тәрбиелей білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамытуымыз қажет.Сол себепті білім сапасын арттыру мәселесі әсіресе мектепте бірінші деңгейдегі орын алады. Аталған мәселені шешудің негізгі жолдарын үш бағытта бөліп қарастырсақ.

Бірінші бағытта - мектептегі педагогтармен жұмысты жолға қою. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде оқытылуы, олардың семинарларға, ғылыми-теоретикалық және әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқуларға қатысуы өз бетінше білім алуы, шығармашылық есептер және бір –бірімен іс-тәжірибе алмасу педагогтардың кәсіби шеберлігін айтарлықтай көтеруге жағдай жасайды, бұл түп қорытындысында оқушыларды оқыту сапасына әсерін тигізеді.

Оқушылардың білім сапасын арттыруы үшін, ең біріншіден пәнге деген қызығушылығын ояту қажет. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші. Ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім әрбір сабағын түрлендіріп, жүйелі ұйымдастыра білуі керек. Дұрыс ұйымдастырылған сабақтың нәтижесі болады. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде берілмей, мұғалім шеберлігі арқылы оқушының білімді игеруге, сабаққа қызығушылығын оятуы қажет. Оқулық мазмұны оқушының өз біліміне сын көзбен қарап, қатесін анықтап, өзіне баға беруге үйрететін рефлекциялық жаттығулар мен проблемалық жағдаяттарға толықтырылған. Баланың өз бетімен ізденуіне ықпал ететін тапсырмалардың көп берілген. Мұның себебі, оқушы қосымша материал, деректер табуға үйрену арқылы белгілі бір мақсатпен жұмыс істеуді, білім алудың қыр-сырын аздап болса да ұғына бастайды.

Екіншіден әр пәннің мазмұнынан, оның мәнін ашатын, түсінуге мүмкіндік беретін мәліметтерді беру. Тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндерді оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлген жөн.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының бір ерекшелігі оқушылар топпен жұмыс жасауға үйренеді. Сабақтарда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып көзделген мақсаттарға жетудеміз. Ең басты мақсат баланы сөйлету, өз ойын жеткізе алатын жағдайға жеткізу.

Үшіншіден оқушылардың материалды меңгергенін үнемі бақылап отыру және оны жүзеге асыру үшін критериялды бағалау әдісін қолданған жөн.

Екінші бағытта – оқушылармен жұмысты жүйелі жүргізу. Сынып және пән бойынша білім сапасына мониторинг жүргізу, кеткен кемшіліктермен жұмыстану. Әр пән мұғалімі оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу. Тоқсан қорытындысымен әр сыныптардағы пәндер бойынша оқушылардың үлгеріміне анализ жасап, бір пәннен және екі, үш пәннен «3» -ке шығып отырған оқушылармен әр пән мұғалімдері жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болады.

Оқушылардың бос уақытын жүйелі ұйымдастыру. Колледжде түрлі пәндік үйірмелерге оқушыларды көбірек қамту. Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады. Бастысы бізге білімді тек жаттау емес, оны өмірде пайдалану керек. Ұлы ғұлама Сағди айтпақшы: «Білімді игеріп, оны өмірге қолданбаған адам жерін айдап, дәнін сеппеген дихан секілді». Білімді көкірегіне тоқып, миына сақтап ғана үйренген, оны өмір тәжірибесінде қолданбаған адамнан не пайда, не қайыр?

Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қызығушылығын және білім сапасын арттыру мақсатында мектепте түрлі пәндік сайыстар, олимпиадалар,байқауларды ұйымдастыру. Сайыс қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттап отыру.

Үшінші бағытта - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез - құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.

Колледж пен сынып жетекшілерінің жұмысында ата-аналарды ақпараттандырудың алатын маңызы зор. Ол ата-аналардың ата-аналар жиналыстарына, жеке және топтық консультацияларға қатысуы арқылы жүзеге асады. Көбіне оң нәтиже беретіні ата-аналардың білім беру процесіне белсенді қатысуына байланысты, оның негізінде маман мен ата-аналар ынтымақтастығы ұйымдастырылады. Колледжде кездесулер, ата-аналармен танысу, сауалнама алу, жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстары, практикум сабақтар, тренингтер, лекторийлер, конференциялар, әлеуметтік роликтерді қарау, балалар мен ата-аналардың бірлескен мерекелерін ұйымдастыру тиімді әдіс.Жаңа әдістерді тиімді пайдалана білсек, оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс орнатуына, яғни білім сапасының артуына толық қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар.

Әдебиет:

1. Темиргалиева Қ.Қ. «Функционалдық сауаттылықты арттыру» Оқыту-тәрбиелеу технологиясы - 2015ж, № 1. Б-29-30.

2. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім

беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқыту



09 Сәуір 2025
91
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі