Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көлсай табиғаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
_____________________ қаласының білім беру бөлімі
№_______________________ мектеп-лицей
Тақырыбы:
" Көлсай табиғаты – бизнеске бастау жол"
-сынып оқушысы
__________________
Ғылыми жетекшісі:
пәні мұғалімі
______________, 2 жылы
№****** мектеп-лицейінің *-сынып оқушысы *************дің
" Көлсай табиғаты – бизнеске бастау жол " тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына
Пікір:
ФАМИЛЛИЯ ИМЯ алып отырған тақырыбы қазіргі кезде өзекті әрі қызықты, құпияға толы құбылыс болып табылады. " Көлсай табиғаты – бизнеске бастау жол - атты зерттеу жобасында автор Қазақстандағы көлдердің даму теориясын зерттейді және бизнеске бастаудағы алғышарттарын қарастырады.
" Көлсай табиғаты – бизнеске бастау жол " зерттеу жобасымен жұмыс жасау барысында -сынып оқушысы жұмыс істейтін көгалдандыруды зерттеу мақсатын қойды.
Жұмыс туралы толығырақ: " Көлсай табиғаты – бизнеске бастау жол " географиясы бойынша зерттеу жұмысының негізінде әлемдегі жасыл кқлдердің дамуы туралы теориялық білімді талдау және олардың практикалық қолданылуын зерттеу жатыр.
АТЫ-ЖӨНІ зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды, ғаламтордан ізденген. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық орындалған. Сонымен қатар АТЫ-ЖӨНІ көп ізденіп, жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген және де нақты деректер негізінде зерттей білген Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Пікір білдіруші: ФИО ЖЕТЕКШІ МҰҒАЛІМ
№**** мектеп-лицейінің мұғалімі
Аннотация
Еліміздің шартарабын шарласаң, басына бұлт киген асқаралы тау да, етегін гүл көмкерген шалқар көл де, ұшы-қиырына көз жетпейтін кең-байтақ дала да – мінсіз сұлулықтың қандай боларын дәлелдеп тұрғандай. Көздің аясындай мөп-мөлдір Көлсайға бет алған біз, бір топ журналист, тақтайдай тегіс жолда алдыңнан жарқ етіп шыға келіп, сол мезетте қолын бұлғап қала берген тауды да, тасты да, көкті де артқа қалдырып, «Көлсай қайдасың?» деп асығып келеміз.
Асығып келеміз деген жай сөз, жолай бұралаңдап жатқан Шарын сұлуға сәлем беріп, желге маңдайымызды тосып бір кідірдік. Аспантаулардың шетіне іліккенде көкке шаншылған тау тізбегіне таңдай қағып, «тағы бір кідірсек қайтеді» деп мың толғандық. Сөйтсек те, Көлсайдың көлін көрмекке, суын ішпекке, көгіне аунамаққа, ел мен жердің таңдайын қаққызған сұлулыққа тамсанбаққа көк дөнен көңіл Көлсай жаққа қарай алып-ұшып барады. Тақтайдай тегіс жолмен зырғыған көлік сол бетімен Саты ауылына келіп тоқтағанда да, бір кідіріп бел суытып, қайта тауға тартқанда да, көңіліміз бен лүпіл қаққан жүрегіміз Көлсай жаққа бізден бұрын жетіп алған сыңайлы.
Аннотация
Путешествуя по нашей стране, вы увидите гору, покрытую облаками, мелкое озеро, покрытое цветами, и огромное поле, которое не видно вдали. Мы, группа журналистов, направляясь в Кульсай, который чист, насколько хватает глаз, пронесся впереди нас по гладкой, как доска, дороге, и в этот момент мы замахали руками, оставляя за собой горы, камни , и небо, говоря: «Кульсай, где ты?» мы приходим торопимся.
Сказав, что мы спешим, мы поприветствовали петлявшую по дороге красавицу Шарын Сулу и на некоторое время остановились лбом против ветра. Когда мы висели на краю неба, мы смотрели на горный массив, пронзающий небо, и думали: «Если подождём ещё раз, мы вернёмся». Однако голубое небо летит в сторону Кольсая, чтобы увидеть озеро Кольсай, испить его воды, искупаться в его голубых водах, увидеть красоту страны и земли. Даже когда машина, ехавшая по ровной дороге, остановилась в селе Саты, а когда остановилась на некоторое время и поехала обратно в горы, казалось, что наши сердца и сердца дошли до Кульсая раньше нас.
Annotation
Traveling through our country, you will see a mountain covered with clouds, a shallow lake covered with flowers, and a huge field that cannot be seen in the distance. We, a group of journalists, heading to Kulsay, which is clear as far as the eye can see, rushed ahead of us along a road smooth as a board, and at that moment we waved our arms, leaving mountains, stones, and the sky behind us, saying: “Kulsay, where are you?" We're coming in a hurry.
Having said that we were in a hurry, we greeted the beautiful Sharyn Sulu, winding along the road, and stopped for a while with our foreheads against the wind. As we hung at the edge of the sky, we looked at the mountain range piercing the sky and thought, “If we wait one more time, we will come back.” However, the blue sky flies towards Kolsai to see Lake Kolsai, drink its waters, swim in its blue waters, see the beauty of the country and land. Even when the car, driving along a flat road, stopped in the village of Saty, and when it stopped for a while and drove back to the mountains, it seemed that our hearts and hearts reached Kulsay before us.
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлігі
1 тарау
1.1. Көлсай табиғаты, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері
1.2. Көлсайдың флорасы мен фаунасы, қайыңды және көлсай
1.3. Көлсай арқылы туризмді дамыту
Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыбының өзектілігі: Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы.
Зерттеудің мақсаты: Еліміздің шартарабын шарласаң, басына бұлт киген асқаралы тау да, етегін гүл көмкерген шалқар көл де, ұшы-қиырына көз жетпейтін кең-байтақ дала да – мінсіз сұлулықтың қандай боларын дәлелдеп тұрғандай.
Зерттеу мiндеттерi:
-
Көлсай – Алматы қаласынан 200 км, Шарын шатқалына жақын жерде орналасқан үш көлдің ортақ есімі. Жету бірақ қиын болғандықтан көп танымал емес. Бірақ соңғы кездері отандық және шетелдік туристер көп келетін жерлердің біріне айналды;
-
Көлсайдың пайда болуы шамамен 1887 және 1911 жылдарға тап келеді. Көлдер тектоникалық жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендері аумағында пайда болған;
-
Ел экономикасына серпін беретін саланың бірі туризм. Туризммен табыс тауып- ақ, еңсесін тіктеп отырған елдер көп. Жеріміздің асты да, үсті де байлыққа толы біздің елде туризм саласы төрт аяғын тең баспай тұр. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы да мол, қабылданатын бағдарламалар да көп;
-
Көлсай көлдеріне туристер көп келетіндіктен ұлтымыздың ұлылығын дәріптеп, қазақи нақышта мейрамханалар ашсақ болады. Мысалы, киіз үйге ұқсас.Себебі,біз осылайша біріншіден халықты әрі туристтерді қызықтырамыз.Екіншіден бұл туристерге өз ұлтымызды жақсы тануға әсер етеді;
-
Болашақта Жапония, Оңтүстік Кореямен тең дәрежеде тұруымызға мүмкіндігіміз бар. Себебі біздің жеріміз әлдеқайда кең, табиғатымыз, жеріміз бай;
Негізгі бөлім
1 тарау. 1.1. Көлсай табиғаты, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері
Көлсай – Алматы қаласынан 200 км, Шарын шатқалына жақын жерде орналасқан үш көлдің ортақ есімі. Жету бірақ қиын болғандықтан көп танымал емес. Бірақ соңғы кездері отандық және шетелдік туристер көп келетін жерлердің біріне айналды.
Көлсайдың пайда болуы шамамен 1887 және 1911 жылдарға тап келеді. Көлдер тектоникалық жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендері аумағында пайда болған.
Көлсай көлдері қазақ табиғатындағы ең көрікті жерлердің бірі.ол ерекше, әрі сирек кездесетін өсімдіктерімен, жануарларымен, әрі сұлу табиғатымен танымал. Қазіргі таңда Көлсайға турлар жүргізіледі, және демалыс күндері туристер көп болады. Көлсай жылдың 12 айында да әсемдігімен көз нұрын тартады. Көлсайға қыста да келсең еш өкінбейсің. Себебі көл қыста қатпайды.
Төменгі Көлсайда катамаранмен серуендеп, тауларды тамашалап, атқа мінуге де болады.Көлсай көлдері қазақ табиғатындағы ең көрікті жерлердің бірі.ол ерекше, әрі сирек кездесетін өсімдіктерімен, жануарларымен, әрі сұлу табиғатымен танымал.
Қазіргі таңда Көлсайға турлар жүргізіледі, және демалыс күндері туристер көп болады. Көлсай жылдың 12 айында да әсемдігімен көз нұрын тартады. Көлсайға қыста да келсең еш өкінбейсің. Себебі көл қыста қатпайды. Төменгі Көлсайдакатамаранмен серуендеп, тауларды тамашалап, атқа мінуге де болады.
Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Қайыңды көлі біршама жас. Осыдан 100 жылға таяу уақытта 1919 жылы жер сілкінісінен пайда болған деген дерек бар. Жиналған су шұңқыр сайды толтырып, шыршалы орманды басып қалған. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалымен жалғасады.Көлдердің төңірегін шырша, қарағай, қайың, т.б. тау ағаштары мен шалғындары көмкерген. Көлдердің туристік маңызы зор.
Көлсай-Ұлттық парк аумағында 40 түрлі жабайы жеміс-жидектің жеуге жарамдысы өседі. Олар: шетен, барбарис, таңқурай, қой қарақат, итмұрын, шырғанақ, қой бүлдірген, рауғаш, жабайы пияз, сарымсақ, тағы басқалар. Мұнда емдік қасиеті бар жұпаргүл, уқорғасын, томар дәрі, қондық, қымыздық, қалақай, мың тамыр, пижма, кипрей, жалбыз, өгей шөп, қылқан жапырақ өседі.
Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі.
Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м. биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді.
Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
1.2. Көлсайдың флорасы мен фаунасы, қайыңды және көлсай
Көлсай өңірінде 226-ға тарта жан-жануарлардың түрлері кездеседі. Жалпы алғанда, Қазақстандағы жануарлардың 21%-ын дәл осы өңір құрайды. Аталған жан-жануарлардың ішінде заңмен қорғалатын сүт қоректілердің 6 түрі, құстардың 13 түрі бар. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар түрлерінің 17%- ы осында. Сүт қоректілердің 29 түрі, жәндіктердің 15%-ы, қанаттылардың 6%- ы, жыртқыштардың 3%-ы, кеміргіштердің 3%-ы, аша тұяқтылардың 3-%ы ұшырасып отырады. Сұлулығымен, түрлі үнімен көз баурайтын құстардың орманды мекендейтін 197 түрі бар. Ал жәндіктердің 735 түрі кездеседі. Атап айтарлығы, өңірде қар барысы өмір сүреді.
Көлсай көлдерінің қорық аймағы оған бірнеше жыл бұрын келгісі келетіндер үшін ашық болды, сондықтан мұнда табиғат өзінің беймәлім және алғашқы жаңалығы сақталған. Жер экологиялық таза және жабайы өсімдіктерге бай, олардың көпшілігі дәрілік болып табылады. Сирек кездесетін жергілікті өсімдіктерге : өрік, Іле барбарисі, долана, ирис Альберта жатады.
Көлсай көлдерінің барлық ауданында, қылқан жапырақты ормандар да мол жаңбырдан кейін әртүрлі саңырауқұлақтар пайда болады: алмұрт, шампиньондар, жирендер, кірпі, бал саңырауқұлағы. Төменгі Көлсай көлі (саты) теңіз деңгейінен 1815 м биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 1520 м, орташа ені-222 м, су айнасы ауданы-377 мың шаршы м, максималды тереңдігі-38.6 м, көлемі-5 млн. текше м. көлдегі су таза, мөлдірлігі 3-5 м.
Жер жаннаты Жетісу өңірінің самал желі мен тұмса табиғаты, саф алтындай ауасы адамды баурап алады. Сондықтан болар, тасын түртсең тарихы көрінетін Ұлы Далада туризм саласы күн санап түрленіп келеді. Аймағымызға туристерді көптеп тарту, ішкі туризмді дамыту үшін ілкімді істер жүйелі түрде атқарылуда. Осыған орай «Жетісу Медиа» орталығының мұрындық болуымен Кеген мен Райымбек аудандарында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.
Еліміздің шартарабын шарласаң, басына бұлт киген асқаралы тау да, етегін гүл көмкерген шалқар көл де, ұшы-қиырына көз жетпейтін кең-байтақ дала да – мінсіз сұлулықтың қандай боларын дәлелдеп тұрғандай. Көздің аясындай мөп-мөлдір Көлсайға бет алған біз, бір топ журналист, тақтайдай тегіс жолда алдыңнан жарқ етіп шыға келіп, сол мезетте қолын бұлғап қала берген тауды да, тасты да, көкті де артқа қалдырып, «Көлсай қайдасың?» деп асығып келеміз.
Асығып келеміз деген жай сөз, жолай бұралаңдап жатқан Шарын сұлуға сәлем беріп, желге маңдайымызды тосып бір кідірдік. Аспантаулардың шетіне іліккенде көкке шаншылған тау тізбегіне таңдай қағып, «тағы бір кідірсек қайтеді» деп мың толғандық. Сөйтсек те, Көлсайдың көлін көрмекке, суын ішпекке, көгіне аунамаққа, ел мен жердің таңдайын қаққызған сұлулыққа тамсанбаққа көк дөнен көңіл Көлсай жаққа қарай алып-ұшып барады. Тақтайдай тегіс жолмен зырғыған көлік сол бетімен Саты ауылына келіп тоқтағанда да, бір кідіріп бел суытып, қайта тауға тартқанда да, көңіліміз бен лүпіл қаққан жүрегіміз Көлсай жаққа бізден бұрын жетіп алған сыңайлы.
Қайыңды аңызы. Қайыңдыға апарар жол түйенің өркешіндей иір-иір. Жалғыз көлік жүріп өтердей тар соқпақтың біресе оң жағы, бірде сол жағы терең құз. Төменге қарасаң, жіңішкеріп аққан су жылтырайды, көкке шаншылған қарағайлар қол бұлғайды. Селк-селк еткен көлікте отырып бұрынғының әңгімесіне құлақ салдық.
Саты ауылының бас жағында «Қара ешкінің текшесі» деген асу болыпты. 1916 жылғы көтерілісшілерге қарсы жазалаушы отряд шыққанын естіген ел осы текшеге жасырынады. Текшеге кірер жалғыз аяқ асуға қарағайды жығып, ауыл текшеге орналасып, күзетке адам қояды. Қырғын болар күні күзетте Шыныбек деген кісі болған екен. Жолды қарағайдан аршып жатқан әскерді көре сала, елге хабар берейін деп бұрыла шапқанда, Шыныбекті солдаттар атып жіберіп, арқасынан оқ тиіп, сайға құлайды. Жазалаушы отряд текшеде отырған ауылды түгел қырып салады.
Бір ана ғана Смағұл деген кішкене ұлының үстіне қазанды төңкеріп үлгереді де, іле-шала өзі қаза табады. Қарағай арасына қашқандарды да қуалап жүріп қырған отряд күллі ауылды қан жоса етеді. Арқасынан оқ тиген Шыныбек біраз уақыт, әлде бірер күн өткен соң есін жинап, ауылға беттейді. Жан баласы қалмаған жұрттан сынық айна тауып алып, оны қарағайға байлайды. Айнадан түскен күн сәулесін арқасынан тиген оқтың орнына бағыттап отырады. Жарық түсіп, арқа ысығанда оқ тиген жердің қанына быжынап жиналған құрт жара аузынан шыға бастайды. Құртты шөппен қағып түсіріп, жарасын таңады. Үйлерді аралап жүріп төңкерілген қазан астында қалған кішкене сәби Смағұлды тауып алады... Алыс-жақын маңда жүрген бәлкім аңшы, бәлкім малшы, мылтық үнін естіп, көмекке жетіп үлгере алмай, кешігіп келгендер қаза тапқан бүтін ауыл тұрғынын бір жерге жерлейді.
Бала Смағұл кейінірек Қытайға ауып, 1960 жылдары елге келіп, Сатыда еңбек еткен. Бұл жер сол оқиғадан соң Қырғын текше аталыпты. 1964 жылдары Таушелек орман шаруашылығы қарағай отырғызғанда адам сүйектері мен киіз үй шірінділері шыққан. Қазір қарағай қалың өсіп, адамдарды жерлеген жер білінбей кеткен.
Бұл маң қазір мамыражай, тып-тыныш. Ал біз иір-иір жолмен селк-селк етіп, төменде жылтырай аққан су мен көкке шаншыла өскен қарағайға тұнжырай қарап қойып Қайыңдыға қарай жол тартып келе жатыр едік. Иә, бұл өңір қазақтың қасіретті тарихына куә, әр тасын аудара қалсаң, бұрынғының аңызын айтып берер естеліктерге толы мекен. Демек, елдік пен кісіліктің жолын әспеттер туристік орталық болуға да сұранып-ақ тұрған мекен деуге толық негіз бар.
Көлсай – инфрақұрылымы жақсарған туристік аймақ болса, Қайыңдының жолы алағай да бұлағай. Экстремал туризмді дамытатын-ақ жер. Қайыңдының етегіне әрең іліктік. Жеттік те дәл мұндағы сұлулыққа тағы да аңырап тұрып қалдық. Көлік әкеп тастаған жерден Қайыңдыға жеткенше тағы біраз жол өрлеуіміз керек екен. Тәтті таңқурайды таңдайда ерітіп, көзді ашып-жұмғанша ол жаққа да жетіп бардық. Рас-өтірігі белгісіз, бұл жерді аруақтар мекеніне теңегендер бар.
Көл бетінен сойдиып-сойдиып шығып тұрған қарағайдың қуарған сабағына қарап, бұл маңдағы тіршілік тоқтап қалған-ақ екен дерсіз. Алайда анықтап көз жіберсең, ағаштың су астындағы бөлігінің жайқалып тұрғанын аңғарасыз. Демек, су асты тіршілігі өз жолымен жанданып, жайқалып-ақ тұр. 1910 жылдары болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1 867 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 600, ені – 300, ал тереңдігі кей жерлерде – 30, кейбір жерлерінде – 40 метр.
Аруақтар мекені аталуының сырына келсек, мұнда балық жоқ, сондықтан тіршілік тоқтап қалғандай көрінеді. Бірақ сәл анықтап қарасаңыз, көл астында тербелген ағаш жапырағы тіршілік жоқ деген сөзіңізге қайшы келіп, мұндағы тіршілік басқа өмір, басқа әлем екенін ұғындыратындай.
Көлсайдың жан-жануарын тілге тиек еткенде, Қайыңдының флора-фаунасын неге ұмыт қалдырайық?! Басқасын айтпағанда, дәрілік шөптің елуге жуық түрі осы маңда өсіп тұр. Олардың кейбірі қазір ұлттық фармацияда қолданыста. Мұнда, тіпті, біртіндеп жоғалып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің оннан аса түрі бар. Дәрілік шөп дегенде еске түседі, Қайыңды суының да шипасы мол. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұзақ жыл бойы перзент сүймеген әйелдер Қайыңдының суына жуынса, сәбилі болады екен... Бұл да осы өңірдегі туризмнің тағы бір түрін жандандыруға таптырмас себеп болар, бәлкім.
1.3. Көлсай арқылы туризмді дамыту
Ел экономикасына серпін беретін саланың бірі туризм. Туризммен табыс тауып- ақ, еңсесін тіктеп отырған елдер көп. Жеріміздің асты да, үсті де байлыққа толы біздің елде туризм саласы төрт аяғын тең баспай тұр. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы да мол, қабылданатын бағдарламалар да көп.
Көлсай көлдеріне туристер көп келетіндіктен ұлтымыздың ұлылығын дәріптеп, қазақи нақышта мейрамханалар ашсақ болады. Мысалы, киіз үйге ұқсас. Себебі,біз осылайша біріншіден халықты әрі туристтерді қызықтырамыз.Екіншіден бұл туристерге өз ұлтымызды жақсы тануға әсер етеді.
Болашақта Жапония, Оңтүстік Кореямен тең дәрежеде тұруымызға мүмкіндігіміз бар. Себебі біздің жеріміз әлдеқайда кең, табиғатымыз, жеріміз бай.
Көлсайда өсетін жұпаргүлдің емдік қасиеті көп. Жұпаргүлмен Экзема, қышыма дерматоз,фурункулез, іріңді ісік, диатез кездерінде шөптің тұнбасынан жасалған компресс немесе шипалық ванна жасаған дұрыс. Бас жиі ауырған кезде де жылы қайнатпасымен басты жуған абзал.Бұл өсімдікті тер шығару және бронхит, пневмония кезінде қақырық түсіру мақсатында қолданады.
Басқа шөптердің қосындысымен бронхиальді астманыда емдеуге қолданады.Жұпаргүл тұнбасын ангинаны кезінде, созылмалы немес қабынған форингит, солзылмалы тонзиллит, коклюш кезінде ішу пайдалы. Ингаляция жасау үшін де қолданылады. Парадантоз, гингивит, стоматит кезінде жұпаргүлдің (1:10) тұнбасымен шайған дұрыс.Жұпаргүл эпилепсия,жөтел,безгек, ревматоидты артритты емдеуге жақсы көмектеседі.Жұпаргүлдің емдік қасиеттерін ескере отырып отандық дәрі шығарсақ болады.
Сөзіміздің өне бойында туризмнің түр-түрін дамытуға қолайлы-ақ мекен екенін бірнеше қайыра еске салып отырдық қой. Сөзіміздің ауанына қарап, мұнда туристер жоламайды екен деп ойлап қалмаңыз. Керісінше. Туристер маусымға орай кәдімгідей ағылып жатыр. Тек соларды қарсы алуға әлеуетіміз жете ме, жағдайымыз көтере ме – мәселенің бір ұшы осында. Кеген ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Омархалық Көлсай көлдеріне апаратын жол толық жөнделіп біткенін, күрделі жұмысты күтіп тұрған аздаған ғана жол осы жылдың аяғына дейін толық қалпына келетінін айтты. Ал Қайыңдыға бастайтын жол республикалық, облыстық маңызы бар жолға кірмейді екен. Кеген ауданы құрылғаннан кейін ол жолды ауданның меншігіне алыпты. Қазір жолды жөндеудің жобалық сметасы әзірлену үстінде екен. Алматы облыстық жол басқармасына сұраныс жасалыпты, қаржы бөлінсе, келер жылы Қайыңдыға апаратын жол да салына бастайтын көрінеді. Қайрат Омархалықтың айтуынша, аудан бойынша туризмге қатысты бірнеше жоба қолға алынған. Себебі, 2019 жылдың алғашқы алты айында ауданға 3 560 турист келіп, 7 млн теңге ақылы туристік қызметтен қаржы түскен.
Саты ауылы әкімдігінің бас маманы Мәлік Ыдырысовтың айтуынша, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жыл сайын 30-40 мыңға жуық қонақ келеді екен. Шетелдік туристер жылдан-жылға көбеюде. Қонақтардың Көлсайға кіру ақысы республикалық бюджетке түссе, туристерге қызмет көрсету арқылы ауыл тұрғындары табыс көзін ажыратып отыр. Сатыға кіреберісте ақшаңқан киіз үйлер тігіп, қонақ күтіп отырған кәсіпкер Ербол Уәлиханұлы жергілікті халықтың туризм саласына араласуы өте маңызды екенін айтады. Туризм – туристерді күтіп қана қою емес, солардан түскен қаржыға өңірді абаттандыру, жергілікті халықтың жағдайын жақсарту, өлкенің айбатын асыру екенін айтқан кәсіпкер туристердің жылдан-жылға артып келе жатқанын, соған орай ендігіде қонақтарды күтудің лайықты деңгейлеріне өту керегін тілге тиек етті: «Мәселен, ауылға бір супермаркет керек-ақ. Шағын ауыл дегенмен де, мұнда ағылған туристер көп. Олар қолма-қол ақшамен емес, банк картасымен есеп айырыса алатындай, үлкен, заманауи супермаркет салынса дейміз. Одан бөлек, алыстан ағылған жандар үшін банкоматтар да қажет. Көлсайға келген турист ақшасын алу үшін жолдан қиыс бұрылып, Кегенге барып ақшасын алып келмейді ғой. Сондықтан осы елдімекенде бір-екі банктің банкоматы тұрса дейміз. Биыл күн ерекше жайма-шуақ. Сондықтан болар, туристердің қарасы көп. Жалпы алғанда, туристер легі маусымда басталып, қыркүйек айының соңында аяқталады. Өзім Алматы қаласында тұрамын. Демалыс уақыты басталғанда бала-шағамызбен келіп, туристерді қабылдаймыз. Киіз үйлеріміздің бағасы қолжетімді, жатын үй, жуынатын таза бөлмелер, интернет бар. Шетелден келетін туристерге жергілікті жағдайларды ағылшын тілінде түсіндіріп айтып береміз. Көлсай мен Қайыңдыға жете алмай жатса, ауылдан көлік іздеп көмектесеміз. Ауылға келетін қонақтарымыз өте көп. Оның бәрін орналастыру жағында қиындықтар бар. Ауылдағы қонақ қабылдайтын кейбір үйлердің шарт-жағдайы толық емес. Сондықтан болашақта шағын қонақүй салсам деген жоспарым бар. Одан бөлек, ұлттық дәстүрімізді көрсететін, зергерлік мәдениетімізді насихаттайтын іс бастау да жоспарда». Кәсіпкер ауылда туризм мәдениетінің қарқынды дамып келе жатқанын да айтып өтті: «Ауыл халқының туризм мәдениеті күннен-күнге өсіп келеді. Ауылдастар ағылшынша үйреніп, балаларын оқытуда. Қонақтардың барлық жағдайын жасап беруге тырысады. Болашақта туризмге жақсы көңіл бөлінеді деген үмітпен жан-жақтан білімді, тәжірибелі кәсіпкерлер келіп, бизнесін жүргізіп жатыр...».
Туристерге жағдай жасау дегеннен шығады, Көлсай түбіндегі Саты ауылында интернет байланысы бар. Бірақ жылдамдығы өте баяу. Ал Көлсай мен Қайыңдының өзінде байланыс мүлде жоқ. Мұнда ағылған турист көргенін, білгенін суретке, видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге, интернетке салғысы-ақ келеді. Ал Көлсай мен Қайыңдыда байланыс та, интернет те жоқ. Ауыл интернетіндегі жылдамдықты арттыру үшін қосымша жабдық керек екен. Тұрғын саны аз болғандықтан, компаниялар ол жабдықты орнатуға құлықсыз көрінеді. Тұрғын саны аз болғанымен, Көлсай мен Қайыңдыға келетін туристердің көптігін ұмытпай, интернет жылдамдығын арттыру мәселесін әкімдік басшылары көтеріп, арнайы компанияларға ұсыныс жасап-ақ келеді екен. Болашақта ол мәселенің де түйіні шешіледі деп үміттенеміз.
Айта кетейік, Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов пен орынбасары Қайрат Омархалық, Алғабас ауылының әкімі Сырым Есенханұлы, Саты ауының бас маманы Мәлік Ыдырысов, А.Нүсіпбеков атындағы Көлбастау орта мектебінің директоры Рүстем Жеңісұлы журналистер сапарының қызықты да әсерлі өтуіне септігін тигізді.
Қайыңды мен
Көлсайдан Алматыға бет алған жол – тақтайдай тегіс. Тегіс жолда
ызғытып келе жатып ой ойлайсың, осы бір ұлан-байтақ өлкеде бәрі
қалған – тұмса табиғат та, шежірелі аңыз да, аталы сөз де, жортқан
жануар да, жайқалған көк те! Ол байлық – мына менікі, біздікі!
Таңдайын қағып, тамсанған туриске соны айтқың, түсіндіргің
келеді. Қорық қызметкерлерімен тілдесіп қалғанда бірден ескерткен
еді: «Өсімдікті танымасаңыз, гүлді бейберекет жұлмаңыз, жайқалып
тұра берсін, ағаштың бұтағын сындырмаңыз, айналаны ластамаңыз.
Қоқысты жерге тастамаңыз». Жоқ, маған олардың бұл сөзі тыйым емес,
туған жерді аялаудан шыққан мейірімді үн болып естілді. Иә, бұл
мекен туризмді дамытатын-ақ аймақ шығар, бірақ ол, ең алдымен,
біздің туған жеріміз! Көлсайдың, Қайыңдының аңыздары, әңгімелері
бізге өзіміз туралы сыр-шежірені жеткізуден талмапты. Ендеше, біз
де кейінгіге сол сырды аялай, әлпештей жеткізейік дегің
келеді.
Қорытынды
Иә, таудағы сұлулыққа тамсанып жүргендерге көз салыңыз да, су сұлу ма, тау сұлу ма, әлде осы сұлулыққа тамсанған адамның жаны сұлу ма өзіңіз елеп-екшеп алыңыз. «Адам қолы жетпеген» деп жатады ғой, міне сондай бір тұмса табиғаттың үзіліп түскен бір бөлігі алдыңнан жәудіреп шыға келсе, жүрегің де тазарып, көңілің де ағарып кете ме – біздің көзге айналаның бәрі де ерекше бір нұрланып, жасарып сала бергендей әсерге бөлендік. Бір қызығы, көлге тау басынан, жап-жасыл қарағай, самырсынның жанынан қарасаңыз – судың беті жақұттай жасыл түске боялып шыға келеді. Сәл төмендеп, суға көк шалғынның тұсынан көз тастасаңыз – айдын беті көкпеңбек болып жалтырай түскенін байқайсыз. Қаракөк бұлт басқан аспан көзімен қарасаңыз – көл беті аспан түстеніп, мың құбылады. Жақұттан алқа тағынып, аппақ бұлттан сәукеле киініп, көгілдір көйлегінің етегі желбіреген Көлсай бір кездері сұлу қыз болыпты десе, сенгендей-ақ екенсің. Бірақ бізге жеткен аңыз басқа. «Көлсай дүниеге келерде жер сілкініп, тау құлапты» дейді ескіден жеткен әңгіме. Төмен қарай асыға аққан судың жолын әлгі тау бір емес, үш жерден бөгеп қалыпты. Бәлкім, төмендегі әлдебір ғашығына ұмтылған су сұлуға тау құмартып, «етектегі аңсарына жеткізбейін, құшағымда алып қалайын» деп су сұлудың жолына әдейі тосқауыл болған шығар?! Ол енді сұлулыққа тамсанған біздің жүректің сөзі, анығын ескіден жеткен әңгімені жадына тоқып алған шежірекөкірек жандар айта жатар. Туризмнің түр-түрі болады десек, Көлсай маңындағы туризм – тұмса табиғат аясында демалғысы келгендер үшін таптырмайтын жер дер едік!
Иә, Көлсай үшеу – Жоғарғы Көлсай, Орта Көлсай, Төменгі Көлсай. Төменгі Көлсайдың жолы жеңілдеу, сондықтан туристердің негізгі бөлігі осы жерден тоқтайды. Шыдамдылары Ортаңғы Көлсайға дейін жетеді, қайтпас қайсарлары Жоғарғы суды да көріп, тамашалап, таңдайын қағып қайтады. Теңіз деңгейінен 1 818 метр биікте жатқан көлдің суы тұщы, тағы бір ерекшелігі – әркез тас бұлақтың суындай мұп-мұздай. Алақаныңа мөп-мөлдір тамшыны іліп алып, ерніңе тигізсең, шекеңнен бір-ақ шығады. Бірақ мұздай бола тұра, суы балдай. Іше берсем дейсің. Үлкен Алматы өзеніне құятын бұл судың құрамында адам ағзасына өте қажет элемент жетіп-артылады дейді білетіндер.
Мұздай су маңына үйіріле толғанған тау бірнеше. Көлді толық қоршап алған. Ал тау басында, етегінде жан-жануар мен өсімдіктің бай әлемі тіршілік етеді. Самырсын, балқарағай, рауғаш, таңқурай, шетен, бөріқарақат, аюбүлдірген, итмұрын, шырғанақ... – заты түгілі, атын ұмыта бастаған бірқатар өсімдік патшалығы бізді бірден хош иісі мен құшағына көміп әкетті. Көлсай өңірінде үш жүзге тарта жан-жануардың түрі кездеседі. Жалпы алғанда, Қазақстандағы жануарлардың 21 пайызын дәл осы өңір құрайды. Демек, Көлсай маңындағы туризм – флора мен фаунаға қызыққан жандардың басын қосатын мекен!
Қар барысы тіршілік ететін таудың айбаты тіптен артып тұрғандай. Әрине, етекте жүрген елді барыс қайтсін, өзінің биігінде жүрген болар. Алайда дәл осы тауда сырбаз бір тіршілік иесі жортып бара жатыр-ау деген ойдың өзі кәдімгідей мерейіңді асырып, еңсең биіктеп-ақ қалатындай екен. «Аю алдыңнан шыға келмесін» деп әзіл айтқансып, бірақ сол әзілден өзіміз қорқақтап өрге тырмысып шыққан біз етекте айнадай жалтырап жатқан көлге бір қарап, сол сұлулықты көруге алыс-жақын елдерден асыға жеткен қалың нөпірге бір тамсанып, туризм саласы біздің елде де аз-аздап қадам басып-ақ келеді екен ғой деп шүкір еттік.
Біреу білер, біреу білмес, 2007 жылы Қазақстан Үкіметінің қаулысымен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі құрылғалы мұндағы инфрақұрылым едәуір жақсарып қалған. Айта кетерлігі, жергілікті тұрғындар елімізден және шетелден ағылған туристерге қызмет көрсетуге бейімделіп-ақ қалыпты. Қонақтарға арналған тұрғынжайлар, ас-ауқат ұсыну, атпен серуендеу және басқа да қызмет көрсету осы аймаққа жақын орналасқан ауыл халқының жағдайының жақсаруына да септігін тигізгені көрер көзге бірден байқалады. Туристер тоқтайтын негізгі мекен Саты ауылы – Саты ауылдық округінің орталығы. Округ құрамына Күрметі ауылы да кіреді. Күрметі – тау арасында қоңырқай тіршілігін кешіп жатқан шағын ғана елдімекен. Ол ауылға, әдетте, бұрнағы ғасырдың естелігі бар кинофильм түсірушілер көп қонақтайды екен. Қарағайлы орманның етегінде жатқан ауыл да болашақта туризмнің жеке бір орталығына айналар деп сендік. Туристер көп болып кетсе, жолдағы Қарабұлақ ауылында да қоналқалық үйлер бар.
Жолбасшыларымыздың айтқанына құлақ ассақ, Саты ауылының тарихы тым тереңде екен. Ауыл шетінде сақ-үйсін заманынан қалған жеті мың қорған табылған. Оған археологиялық қазба жұмыстары да жүргізілген. Сатыдан Көлсайға барар жолда, пост бақылауынан өткен соң, алаңқай бар, кезінде Барсхан деген қала жұрты болыпты-мыс. Белгілі журналист Ербол Азанбек «Кіші ғылым академиясы жобасы» аясында біраз ізденгенін ауылындағы ұстаздары тілге тиек етіп қалды... Тарихтың бары мен жоғын түгендеу тарихшы-мамандардың еншісіндегі шаруа ғой. Болашақта бұл мекен сұлу табиғатқа қызыққандардың туризм орталығы ғана емес, тарихи нысандарымен мақтанатын жерге айналсын десек, арнайы сарапшылардың да сөзін қалың ел күтіп отырғанын айта кету парызымыз. Демек, бұл маң – тарихи туризмді де дамытуға әбден тұрарлық орталықтардың бірі.
Бір қызығы, қазақ тарабындағы екі ауыл – Саты, Күрметі аталса, Көлсайдан асып, қырғыз жеріне өткенде екі ауыл – Шаты мен Күрменті қарсы алады. Еншісі бөлінбеген екі елдің ортақ тағдыры мен тарихын шежіре еткен халықаралық туризм мекені боларлық себептің де бір ұшы осындайда қылаң береді.
Әңгімеміз өңірлік туризм ғой, сол төңіректегі көрген-түйгенімізді айтып, бұл тақырыпты тамамдайық. Шап-шағын ауыл туризмнің қыр-сырын кәдімгідей меңгеріп қалыпты. Қаздай тізілген үйлердің шатыры биіктеген, қабырғасы еңселі тамның түрі де оңды. Туристерге ұсынған қызмет бағасы да аспандап тұрған жоқ. Үй ішіне су кіргізген. Жергілікті халық елдің жайын, жердің хабарын, тіпті аң-құсына дейін түгендеп, әңгімелеп бере алады. Арқардың мүйізін қабырғасына ілген біз тоқтаған үй иесі арқар жайлы қызғылықты әңгімелерімен де бөлісіп, ауылдың жай-жапсарын да айтып, Көлсай мен Қайыңдының бұрыннан қалған аңыздарын да тарқатып берді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
В. М. Малахов, А. Г. Гриценко,С. В. Дружинин. Инженерлік экология 2 Том, Новосибирск, "СГГА", 2012 Б. 5
-
http://makulaturi.net.ua/utilizaciya-promyshlennyh-othodov/556-koncepciya-zelenoy-ekonomiki-v-kazahstane.html/ / Қазақстандағы" жасыл " экология тұжырымдамасы. 8 шілде 2016ж.
-
Т. А. Акимова, А. П. Кузьмин, В. В. Хаскин. Экология. Табиғат-Адам-Техника: жоғары оқу орындарына арналған оқулық., "бірлік", 2011 б. 207
-
http://cyberleninka.ru/journal/n/sibirskiy-torgovo-ekonomicheskiy-zhurnal//, К. А. Берденова, В. В. Штанг, С.В. Синцов. "Жасыл" экология тұрақты дамудың қозғалтқышы ретінде.// Сібір сауда-экология журналы №15, 2012ж.
-
Экологиялық құқық: бакалаврларға арналған оқулық / ред.С. А. Боголюбова. - 3-ші басылым., , Юрайт, 2012. 284 бет
-
Х. Хуэрта де Сото. Динамикалық тиімділіктің әлеуметтік-экономикалық теориясы-Хуэрта де Сото Х, Челябинск, Қоғам 2011 ж.301 Б.
-
Л. М. Верещагина. Су объектілеріне ластаушы заттардың төгілуін нормалау туралы.// Өндіріс экологиясы № 12 (желтоқсан), 53-58 ББ.
-
Н. Конрадова. Полярлық тазарту күні.// Әлем бойынша № 12 (2867), желтоқсан 2012. 159 бет
-
The Economist Intelligence Unit. Әлемдегі өмір сүруге ең жақсы он қала анықталды. // Әлем бойынша № 11 (2878), Қараша 2013. 83 бет
-
Б. Жуков. Экология. Қоршаған орта.// Әлем бойынша №12 (2855), желтоқсан 2011. 127 бет
-
http://podrobnosti.ua/869599-brazilija-aktivno-razvivaet-proizvodstvo-topliva-iz-saharnogo-trostnika.html Бразилия қант қамысынан отын өндіруді белсенді түрде дамытуда. 9 қараша 2012ж.
-
А. Князев, Роговский Е. А. креативті "ретроградтар" және "бастамашыл инноваторлар.// АҚШ-Канада: экономика, саясат, мәдениет № 3 (531), Наурыз 2014 ж. 47 бет