Материалдар / Комбинация құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Комбинация құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортадағы заттардан "екі-екіден"комбинациялар жиынын құрастыру.Заттар жиынын жұп құрұ арқылы салыстырады;тең жиындарды,бос жиынды анықтайды;заттарды "екі-екіден" топтай алады,əртүрлі тəсілмен топтастыра алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4298
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: Комбинация құрастыру.

Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 06.05. 2017 жыл

Мұғалімнің аты- жөні: Кошметова Нилуфар

Сынып: 1 «а» сынып

Қатысқандар-

Қатыспағандар-

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады

Заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстырады; тең жиындарды, бос жиынды анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Қоршаған ортадағы заттардан “екі-екіден” топтай алады

Кейбір оқушылар орындай алады

Заттардың орнын алмастырып, оларды әртүрлі тәсілмен топтастыра алады

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Комбинациялау ұғымымен танысады;

Заттардың әртүрлі комбинацияларын таба алатын болады.

Пәндік лексика және терминология:

комбинациялау
Диалог/жазу үшін қажетті сөздер

Талқылау:

Комбинациялау деген не?

Өмірде заттардың комбинациясын көрдіңдер ме?

Комбинациялауды не үшін пайдаланады?

Алдыңғы оқу:

Жиын жайлы түсінік

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар заттар жиынынан екі элементтен комбинациялауға үйренеді, ойлау арқылы талдайды және жинақтайды

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут





Ортасы

25 минут


















































Соңы

15 минут

Ширату: «Кім жылдам?» ойыны

(Т) Кіріспе тапсырма

Сабақты “Күн мен түн” ойынынан бастаймын. Ойынға үш ойыншы қатысады. Олар орындықтарға отырады, ал орындықтарға түрлі түсті стикер бекітемін. Жүргізушінің “Күн!” деген бұйрығы бойынша оқушылар орнынан тұрып, орындықты айнала қозғалады. Жүргізушінің “Түн!” деген бұйрығы бойынша олар орындыққа қайта отыруы керек. Мұнда өзі отырған орындығына бір-ақ рет отыру керек деген шарт қойылады. Қалған оқушылардың барлығы қойылған шарттың орындалуын бақылайды. Ойын барлық отырудың мүмкін нұсқалары байқалмайынша жалғаса береді. Барлығы неше нұсқа болатындығын сұраңыз.

Жауабы:

үш нұсқа.

Оқушыларға “Түсті тап” ойынын ойнатамын. Әр оқушы үшін қағаз парағын дайындаймын. Оқушыларға қорапта үш түрлі — қызыл, жасыл және көк түсті текшелер бар екенін айтамын. Олар мұнара түрінде жиналған. Сәйкес келетін түсті шаршылардан текшелер құрастырып, мұнараның суретін салуды ұсынамын. Сосын қораптан текшелерді біртіндеп алып шығамын. Текшелердің түсін тура тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

Оқушылар текшелерден қанша мұнара құрастырса да, салынған суреттердің арасынан оған ұқсас сурет үнемі табылып, сен әрқашан жеңімпаз боласың.

Жауабы:

қызыл, жасыл, көк қызыл, көк, жасыл; көк, жасыл, қызыл; көк, қызыл, жасыл; жасыл, көк, қызыл; жасыл, қызыл, көк.

Оқушыларды топқа бөлемін. Топта пікір алмаса отырып, барлық нұсқаның суретін салуды ұсынамын.

Оқушылардан қазір немен айналысқанын сұраймын

(текшелердің орнын ауыстырды). Оқушыларға мұның комбинациялау деп аталатынын айтамын.

Оларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз.

(Ж) Сүйікті ойыншықтар.

Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсынамын. Бірнеше жұптан сұрап шығамын. Қалған оқушылардан жолдастарының жауаптарымен келісетінін (келіспейтінін) сұраймын.

Жауабы:

қуыршақ пен доп, қуыршақ пен пирамида, пирамида мен доп.

(Т) Фотосуреттер.

Мұратта үш фотосурет бар. Ол фотосуреттерді альбомға қалай орналастырады? Тапсырманы орындауды топтық жұмыс түрінде ұйымдастырамын. Топтың әр мүшесі өз нұсқасымен топтың жұмысын толықтырып отыруы керек. Оқушылардан тағы да қандай нұсқалар барын сұраймын

Жауабы:

а) ұл; ә) ит;

б) мысық; в) ұл; г) ит; ғ) мысық.

(Т) Жаңа киім

Оқушылармен топтық жұмыс істеуін ұйымдастырамын. Бірінші топқа барлық комбинациялар нұсқасын табу үшін зерттеу жүргізуге арналған көгілдір мен қызғылт шаршы және көгілдір мен қызғылт дөңгелектерді ұсынамын.

Екінші топқа екі топтаманы ұсынамын: бір түсті баскиім мен мойынорағыш. Үшінші А4 пішімдегі параққа барлық нұсқаның суретін салуды ұсынамын. Төртінші топқа баскиім мен мойынорағыш суреті салынған қағаз беремін. Оларға комбинациялауға болатын нұсқаларды сызықтармен қосуды ұсынамын. Тапсырманы орындаған соң алынған нәтижені салыстырып, қанша нұсқа шыққанын сұраймын.

Дәптермен жұмыс

Кері байланыс: «Табыс баспалдағы»

-Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

-Не үйрендіңдер?

Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.

Сөздер тізбегін аяқта:

Мен_________түсіндім.

Мен енді_______ жасай аламын.

Менің қолымнан_______ келеді.

Менің .......................... білгім келеді





3 түсті стикер;

түрлі түсті

3 текше;

әрбір оқушы үшін А3 пішімдегі парақ қағазы;

бір көгілдір, бір қызғылт түсті 2 шаршы;

бір көгілдір, бір қызғылт түсті 2 дөңгелек;


















оқулықтағы иллюстрация














оқулықтағы иллюстрация









Дәптер


Рисунок 2



Қосымша мәліметтер

Саралау (Дифференциация) – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?



Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз?


Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды комбинациялауды;

алған нұсқаларды есептеуді меңгереді.


Пәнаралық байланыс

математика,

жаратылыс-

тану,

көркем еңбек


Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?


2.Бүгін оқушылар не үйренді?


3.Оқыту ортасы қандай болды?


4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?


5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?


6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!