|
IIЖаңа материалдарды
игеру кезеңі.
|
Көмек Ыбырайұлы — балалар ақыны,
сазгер.
Көмек Ыбыраев — 1950 жылы Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы, Тиген деген жерінде дүниеге келген. Жанұясындағы
алты баланың бірі болған. 1957 жылы Шайыр сегізжылдық мектебіне
оқуға барады. 1961-1965 жылдары Жыңғылды мектеп интернатында
тәрбиеленеді. 1967 жылы Тұрыштағы Сам орта мектебін бітіреді.
1970-1974 жылдар аралығында Шымкент педагогтік мәдениет
институтының «Мәдени ағарту жұмыстары» факультетін «Қазақ ұлт
аспаптар оркестрі жетекшісі» мамандығы бойынша бітіріп
шығады.
1974-1977 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет
үйінің директоры болып қызмет атқарады. 1977 жылдан бері қарай
облыстардың жалпы білім беретін мектептерінде ән – саз мамандығы
бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді. Бейнеу ауданындағы
Амангелді сегізжылдық мектебі, Маңғыстау ауданындағы Онды орта,
Жаңғабылов орта мектептерінде, Ақтау қаласындағы №20, №21 орта
мектептерінде мамандығы бойынша жұмыс жасап, «ҚР халыққа білім беру
ісінің үздігі», «Әдіскер мұғалім» атақтарына ие
болды.
Көмек Ыбырайұлы балалар ақыны. Оның «Көжек»,
«Көбелек», «Сыйлық», «Сиқырлы үшбұрыш», «Жетіген», «Тапқырлық»,
«Мейрам ай» сияқты балаларға арналған кітаптары бар. Ал үлкендерге
арналған «Қызық шұжық» сықақ кітабы сахна қойылымдарында қойылып
жүр. Ол танымал сазгер, 65 әннен тұратын балаларға арналған «Апа
туған күніңмен!» кітабы, кеңестік саясаттан ада, оқушыларды
елжандылық, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып
келеді.
|
Оқушылардың бар
зейінімен көңіл аударуы, оқушылардың сабаққа дайын
болуы.
|
|
|
|
III. Әнді
талдау
|
Әні мен сөзі: К.Ыбырайұлы
«Қазақстаным
менің»
Әлемге аян кең
төрі, Ұл – қызы батыр,
зерделі. Алтын заңымен көркейер
Егеменд(і) елдің
ертеңі.
Қ – ы:
Думанға толы айналам,
Бағында бұлбұл сайраған.
Жомарт қoй дархан бай далам,
Қазақстаным менің!
Тура жолды өзі таңдаған,
Арманды алға жалғаған.
Арманы биік самғаған,
Қазақстаным менің!
2.Осынау елден бақ табам,
Осынау елде шаттанам.
Мерейін елдің арттырған,
Астанам менің – асқақ
ән.
Қ –
ы.
|
Әнді
таңдау.
|
Әннің сөзін жаттап,
әнді тыңдап, мұғаліммен бірге орындау, нотамен
талдау
|
|
|
IV. Жаңа сабақты
бекіту
|
Ақын өмірі жайлы
түсінгеніңді
|
Сұраққа жауап береді,
жаңа әнді тыңдайды
|
Оқушы сұраққа жауап беру арқылы хор жанры туралы
түсінеді.Жаңа әнді талдау
барысында әнді жаттап
та үлгереді.
|
|
|
V.
Бағалау
|
Оқушыны сабаққа
қатысқан үлгерімі бойынша бағалау, жетістіктерін айту,
кемшіліктерін айта отырып, олардың алдын-алу жолдарын айту.
Оқушылармен қоштасу
|
Сабақты ойша
зерделейді. Өз кемшіліктері мен жетістіктерін біліп, онымен жұмыс
жасауға тырысады.
|
Оқушылар үйге берілген
әнді жаттап, дыбыстық жаттығуларды және тыныс алу жаттығуларын
жасайды
|
|
|
VI. Үй
тапсырмасы
|
Әнді жаттау
Оқушылармен
қоштасу.
|
Үй тапсырмасын күнделікке
жазады. Оқытушымен
қоштасу.
|
Оқушылар үйге берілген
әнді жаттап, дыбыстық жаттығуларды және тыныс алу жаттығуларын
жасайды
|
|