Материалдар / Комикс жанры арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

Комикс жанры арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Комикс жанрын қазақ әдебиеті сабағында қолдану оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Комикс жанры арқылы оқушы шығармашылығын дамыту



Комикс жанрын қолдану біздің оқушыларға қажет пе? Осы сауал бойынша ізденіп, ойлана келе қазақ әдебиетін оқыту барысында 10-сынып оқушыларына бағдарламадағы өтіліп жатқан шығармалар бойынша комикс жанрында сюжеттік суреттер салғыза бастадым. Оқушылардың шығарма мазмұнын жеткізу үшін жүйелі оқып, әрбір детальдарға мән бере бастағанын байқадым. Бұдан түйген ойым - оқушы әдеби шығарманы оқиды әрі сол нәрсені жеткізуге тырысады. Сонымен бірге сурет салу өнерін де меңгере бастайтындығын байқадым. Демек, комикс жанры оқушы қызығушылығын арттырумен бірге, шығармашылық қабілетін де дамытуға мүмкіндік жасайды екен.

Комикс дегеніміз не?

Комикс (ағылшынша comic - күлкілі) – идеяларды, бейнелерді сурет арқылы жеткізіп, мәтін мен визуальды ақпаратты қатар қолданатын әдебиеттің саласы. Комикстің көптеген анықтамалары бар, бірақ олардың барлығы, жалпы алғанда, комикс қандай да бір оқиғаны баяндайтын бейнелер тізбегі болып табылатындығына байланысты. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, комикс — баяндау мен көрнекі әрекеттің бірлігі. Бірақ комикс суретпен безендірілген кітап емес.

Алғашқы комикс 1892 жылы Америкада жарық көрді. Комикстер ХХ ғасырдың басында танымал бола бастадыӘлі күнге дейін белгілі Супермен мен Бэтмен сияқты комиксте кейіпкерлер пайда болды. Ал Ресей тарихында тіпті XIII ғасырда пайда болған деп мұны иконадағы стигма әулиенің өміріндегі оқиғалармен байланыстырады.

КСРО-да комикстер батыс мәдениетімен байланысты болды, сондықтан сол кездегі суретшілер мен жазушылар өз шығармаларында осы жанрдың кейбір элементтерін ғана пайдаланды. 

1928 жылы “Кірпі” атты балалар журналы комикс түрінде жарық көрді. 1940 жылдары комикстер идеологиялық тұрғыдан зиянды деп танылды, сондықтан оқиғаларды суреттермен басып шығаратын көптеген басылымдар жабылды.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін комикстер КСРО-да қайта дүниеге келді. Олар балалар журналдарында жарияланды "Мурзилка" және "Көңілді суреттер». Уақыт өте келе олардың танымал болғаны соншалық, олар басқа елдерде, мысалы, АҚШ-та аударылып, басылып шықты. Кеңестік комикстер еуропалық және американдық комикстерден ерекшеленуге тырысты, сондықтан батыстық оқырманға жаңа нәрсе ұсынды. Ресейдегі комикстер "Микки Маус", "Үйрек ертегілері", "Юра паркі", "Кішкентай су перісі", "Алладин" көп адамға таныс болды.

Ал біздің қазақ елі тарихында бұл жанрды мүлдем болған жоқ деп айта алмаймыз. Себебі Ж. Аймауытовтың 1929 жылғы шыққан “Жаман тымақ” атты сатиралық өлеңдер жинағында комикстік суреттерді көруге болады. Ақын өлең мәтінін шағын суреттер арқылы көрсеткен. Бұл кітап ішіне суретті салған Каменский деген орыс азаматы екен. Комикс жанрының негізі бастамасы біздің әдебиетімізде сол кездің өзінде болған. Бірақ бұл жанрдың дамуы әрі қарай кең түрде танымал болып өркендемеген. Әрине, бір қатар балаларға арналған газет журналдарында мәтіндік сюжеттік сурет бейнелер болды. Бірақ бұны толық комикс жанрын деп айта алмаймыз. Бұл жанр балалардың қызығушылығын тудырады. Балалар қызыға оқитын қай әдебиет те маңызды. Дегенмен ұзақ шығармаларды оқудан гөрі қысқа да қызықты бейнелермен берілген шығармашылық кейіпкерлер оқушының ынта- ықыласын оятатындығы да рас. Бұл жанр да әдеби шығармалар сияқты оқушыға тәрбие құралы бола алады. Білім мен шығармашылықты қатар алып жүруде комикс жанрын тиімді пайдалана білсек, тұлға болмысын қалыптастыруда дұрыс ықпал етеріміз анық.

Комикс жанры тек оқиға дамуын көрсететін сурет немесе кейіпкерлер кескіні ғана емес, сонымен қатар əдеби бағыттарды біріктіретін ерекше өнер түрі. Комиксте сурет те, сөз де, динамикада бар. Сурет жетекші рөл атқарады. Комиксте вербальды мəтін толықтай суреттер қатарымен байланыста болады, ал иллюстрация мəтіннің міндетті элементі болып табылады. Жаңалығы Комикстер бүгінде өзінің оқиғасы мен əрі суреттерімен оқырманды біресе уайымдатады, біресе күлдіреді, бірде шабыттандырады. Мəтіннен ғана тұратын туындымен салыстырғанда комикстер визуализация арқылы баланы суреттерден басты нəрсені көруге жəне іздеуге үйретеді. Одан бөлек, комикстер кітап оқуды ұнатпайтындардың оқуға деген қызығушылығын оятуы мүмкін. Сурет сөзге қарағанда есте əлдеқайда жақсы қалады. Суретті əңгімеде оқиғаның жеткізілуі шапшаң. Өйткені бейне, кескін арқылы ақпарат алу жеңіл, əрі жылдам. Комикс сөз арқылы толық жеткізілмеген əрекеттің сыры мен құпиясын жəне эмоцияларды танытады. Комикс түріндегі шығармалардың кеңінен таралуы оқушылардың оқу материалына қызығушылығын тудырып қана қоймай, жанрды оқытудың тиімді жолдарын анықтауға ықпал етеді. Комикс салуды үйренген бала оқыған дүниесін түсінуге жəне ондағы оқиғаларды басынан өткізуге талпынады.

Сонымен бүгінгі оқушыларды көркем шығарманы оқуға жетелеудің бір түрі осы комикс жанры десек болады. Шығармаларға негізделген комикстерді əдебиет пəнін оқытуға бағытталған заманауи педагогикалық механизм ретінде пайдалануға болады. Бұл тəжірибе оқушылардың комикс түріндегі əдеби шығармаларға деген қызығушылығын ғана туғызып қоймайды, сонымен қатар ұлттық əдебиетті оқыту əдіс-тəсілдерін жаңғыртуға да мүмкіндік береді.








ЖИ арқылы жасау
11 Мамыр 2025
116
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі