«Комикстер» жобасы
Білім беру саласында, оның ішінде тіл үйретуде комикстер еуропалық білім беру кеңістігінде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Комикстерді білім беру ресурсы ретінде кез келген жастағы адамдарға пайдалануға болады. Комикстер шетелдік білім беруде адамның өз ойын тұжырымды берудің табиғи жолы ретінде жоғары бағаланып жүр.
«Комикс» дегеніміз – әртүрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға студенттердің өздері құрастыратын әңгімелері». Педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.Д.Абдиева комикс жасау арқылы адамның шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыратынын, қазақша сөйлеу мен жазу (сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілетін дамытатынын айта келе, әлемдік әдістемеде қолданылып келе жатқан комикс жасаудың мынадай жолдарын көрсетеді:
-
интернеттегі «Paint» бағдарламасымен салынған суреттер;
-
дайын анимацияларды пайдалану;
-
мультфильмдерді пайдалану;
-
суреттерге түсіріп, түсірілген суреттерді пайдалану т.б.
Тілді үйрету барысында комикстерді қолданудың мәні зор. Оқытушы қазақ тілін үйрету барысында төмендегі тапсырмаларды құрастыра алады:
-
сұрақ қоюға үйрету;
-
шағын диалог құрастыру;
-
берілген суреттер арқылы әңгіме, ертегі, мәтін құру;
-
өтілген тақырыпты қорытындылау т.с.с. мақсаттарды шешуге болады.
Комикстерді сабақта қолданудың мынадай артықшылықтары бар. Олар:
-
Комкистерде қарапайым сөйлеу тілі қолданылады;
-
Комикстерде орын тапшылығына байланысты диалогтар өте қысқа, жинақы, ықшам түрде беріледі;
-
Сурет арқылы комикс мәні түсінікті болғандықтан, жаңа сөздерді есте сақтау оңайлай түседі.
Тыңдалымды меңгерту үшін:
Көрген мультфильм бойынша көпкадрлы суреттер жасап, тыңдаушыларға ұсынамыз. Олар сюжет желісі бойынша толық комикс құрастыруы қажет.
Комикстегі репликаларды еске түсіру арқылы орналастыру;
Оқылымды меңгерту үшін:
Мазмұны өте қысқа сюжетті алып оқимыз, лексикалық бірліктер мен сөйлем оралымдарын талдап, қысқаша мазмұндаймыз.
Жазылымды меңгерту үшін:
А1, А2 деңгейде қарапайымдау комиксті таңдап аламыз. Түпнұсқасын қарап алып, соңынан кейбір сөздері алынып тасталған көшірмесін ұсынамыз. Не жазылғанын есімізге түсіруге тырысамыз және жазамыз. Ал В1 деңгейде кейіпкерлердің не айтуы мүмкін екенін ойдан шығарамыз (сөйлемдердің басы мен соңы тірек сөздер ретінде ұсынылады) да, кейін салыстырып қараймыз. В2 және С1 деңгейлерде сөзсіз берліген комикстерді алып сюжетті мәтін құрастырамыз.
Айтылымды меңгерту үшін:
-
Комикстегі репликаларды төл сөз немесе төлеу сөз түрінде беру;
-
Комикстегі сөздерді өзгертіп айту, яғни мағынасы жақын сөздерді алып өз сөзімен беру;
-
Түсіріліп берілген сөздердің орнына тиісті сөздерді қою;
Тыңдаушыларға екінші репликасы түсіп қалған шағын диалогты комикс беріледі, олар осы диалогты толық құрастыруы керек. Соңында берілген комикс негізінде рөлдік ойын ойнатылады. Ал В2 және С1 деңгейлерінде тапсырманы топтың деңгейіне сәйкес түрлендіріп күрделендіруге болады. Мысалы, комиксте берілген мәтінді оқимыз, сосын осы мәтінді қысқа әңгімеге айналдырамыз. Бұл үшін қосымша лексикалық бірліктер қажет болады. Құрастырылған әңгімені рөлге бөліп оқыған кезде өте қызықты болып шығады.
Қазіргі таңда тілді үйретуші оқытушының алдына қойылған талаптардың бірі – тіл үйренушілерді сөйлету болып тұр. Осы талаптың үдесінен шығу мақсатында комикстерді тілді оқытудың қарапайым деңгейінен бастап жоғары деңгейіне дейін қолдануға болады. Комикстер мазмұнында қысқа хабарламалар болатындықтан грамматикалық формаларды, лексикалық бірліктерді меңгере алады, сондай-ақ комиксте берілген суреттер сөйлеу бірліктерін толық түсінуге және есте сақтауға көмектеседі.
« Комикстер» жобасының жұмыс жоспары
|
№ |
Тақырыбы |
Әдісі |
Мерзімі |
|
1 |
Комикс дегеніміз не? |
Таныстыру |
|
|
2 |
Менің ойымша....... |
Сауалнама |
|
|
3 |
Комикс жасау үшін не қажет? |
Түсіндіру |
|
|
4 |
Өз комиксыңды құрастыр |
Практикалық жұмыс |
|
|
5 |
|
Сауалнама |
|
|
6 |
Топқа бөліну, тақырып беру |
|
|
|
7 |
Сюжет құрастыру |
|
|
|
8 |
Кейіпкерлерді жасау |
Сәндеу, безендіру |
|
|
9 |
Түсіндіру, түзету жұмыстары |
Қатемен жұмыс |
|
|
10 |
Комиксты таныстыру |
Қорғау, таныстыру |
|
|
11 |
Қорытынды Кері байланыс |
Талқылау |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Комикстер жобасы Оқуға құштар мектеп

шағым қалдыра аласыз