Көмірсулар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көмірсулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмірсулар тақырыбына арналған қмж 11 класс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көмірсулар

Мектеп: №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Булекова Ж.Б

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Көмірсулар,моносахаридтер, дисахаридтер, глюкоза,молекула құрылысы,табиғатта таралуы,қасиеттері,биологиялық маңызы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Көмірсулардың физикалық, химиялык, биологиялық қасиеттері,

құрылысы, алынуы мен қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу бекіту; танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі

Практикалық сабақ

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Көмірсулар жіктелуін білу және түсіну;

  • Көмірсулардың табиғатта кездесуін анықтау;

  • Тақырыпқа байланыты маман иелерін білу.

Оқушылардың көбісі:

  • Көмірсулар жітелуін білу және түсіну;

Кейбір оқушылар:

  • Тақырыпқа байланыты маман иелерін білу.

Бағалау критерийлері

  • Көмірсуларды жітелуін және ажырата білсе;

  • Мәртөк ауданына байланысты көмірсулар алыну қорларын айқындаса;

  • Көмірсулар қасиеттерін айқындап, пайдасын білсе.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Сахароза, глюкоза, лактоза, дисахарид, моносахарид, полисахарид

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Көмірсулар - химиялық құрамы

Сүттің ашуы

Құндылықтарды дамыту


Әлемдік және өңірлік деңгейлерде негізгі құндылықтар:

құрмет

ынтымақтастық

өмір бойы білім алу

Атмосферада құндылықтар құру, әнгіме – сұхбат, топпен және жеке тапсырмаларды орындау барысында сыныппен ортақ шешімге келу арқылы қол жеткізіледі.

Пәнаралық байланыстар

Химия – бұл жаратылыстану ғылымы, басқа ғылымдармен байланысады:

  • Биология (медецина жақтары)

  • Өлкетану (өнеркәсіптер дамуы, мамандықтар)

  • География ( өнеркәсіптер дамуы)

  • Музыка (психологиялық ахуалды жақсарту)

  • Әдебиет (күйші өмірбаяны)

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, кестелер, графиктар, видеокөрсетілім

Бастапқы білім

Фотосинтез, сүттің бактериалдық ашуы биология пәні бойынша біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


«Кейс» әдсі бойынша тақырыпты ашу.

Балалар суреттер бойынша 5 сұрақ дайындайды, жауап береді. Байланыстыра отырып, оқушылар тақырыпты болжайды, мақсат қояды

Ортақ тақырып: көмірсулар.

Топқа бөлу. (суреттерді жітелуіне байлансыты)

Оқушыларға суреттер кеспесі беріледі. Кеспе құралғанда көмірсулардың жіктелуі шығады.

суретер





Бағалау кестесі

Бағалау пазлы

Суреттер

Сабақтың ортасы


Топтарға бөлінуіне байланысты білетін мәліметтерін жинақтайды. Ортаға салады.

«Мерейлі менің – Мәртөгім!» тақырыбына байланыстырып көмірсулардың кездесуін ортаға алады.

«Қадірлі қонақ» әдісі. Әр топқа Мәртөк ауданының кәсіпкерлері отырғызылады. Кәсіпкерлерді алдын-ала тақырып бойынша мәлімет алып келу сұралады.

1 топ - Горелов бал жеке шаруашылығы

2 топ- ЖСЩ «Айс» компаниясы

3 топ- Көпжанов құлпынай жеке шаруашылығы

Әр топ тақырыпқай байланысты келген қонақтардан сұрақтар қою арқылы мәлімет жинайды. Топтарға қосымша мәліметер беріледі. (қосымша 1) оқулықпен жұмыс жүргізу.

Мәліметтер мазмұны:

1. Көмірсулар жіктелуі

2. Алыну әдістері

3. Биологиялық маңызы

4. Мамандықтары мен экономикалық даму пайдасы.

Топтарға дайындық үшін 5 минут уақыт беріледі. Дайындық кезінде Қ.Медетовтың күйі қосылып тұрады. Қ.Медетовтың қысқаша өмірбаяны айтылып өтеді. (қосымша 2)

Оқушылардың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында.

Топтар мәліметтерді қорғайды. Еркін бағытта(постер, көрсетілім, презентация)

Әр топ қарама-қарсы топтарына бағытталған 3 нақты сұрақ қояды.

Топтар бір-бірін қол қимылы арқылы бағалайды.

Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар. Оқушылар топтарынын алдындағы тапсырмаларды алады. Әр оқушыға әр түрлі тапсырмалар беріледі.

(қосымша 3)

Презентация












Бейнекөрсетілім




Күй

(музыка)



көрсетілім

Сабақ соңы


Рефлексия: «Ара мен бал». Түсінбеген сұрақтарын араның суретінің қасына стикермен бекітеді, жинаған қызықты білімдерін бал құмырасына салады.

Үй жұмысы:

  1. «Мерейлі менің – Мәртөгім!» тақырыбында көмірсуларды көбейтуге қосар үлесің туралы кішкене жоба.

  2. Тақырып соңындағы тапсырмаларды №3,5 орындау. Тақырыпты оқып келу.

Суреттер.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар:

Көмірсулар жіктелуін білу және түсіну;

Көмірсулардың табиғатта кездесуін анықтау;

Тақырыпқа байланыты маман иелерін білу.

Оқушылардың көбісі:

Көмірсулар жітелуін білу және түсіну;

Кейбір оқушылар:

Тақырыпқа байланыты маман иелерін білу.


Оқушыларға сабақтын бағалануына рефлексия ұсынады. Сондай-ақ, оқушыларды ауданымыздың жеке кәсіпкерлеріміздің жұмысымен танысу мүмкіншілігі туады.

Техникалық қауіпсіздік ережелері




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?









Қосымша 1

Глюкоза өндіру

Глюкоза өндіру - крахмалды өндірісте күкірт қышқылының ерітіндісінде қайнатып алу. Мұндай процесті қышқылды гидролиз дейді. Қайнағаннан соң қышқылды бормен бейтараптандырады, ал глюкоза ерітіндісі ерімейтін кальций сульфатынан сүзіліп, вакуумда шулықтырады. Пайда болған қою шырынды сірне деп атайды. Кристалды глюкоза алу үшін крахмалды толық гидролиздейді, қоюланған қою шырынды формаларға салып қатырады. Сусыз глюкоза 146° С-та балқиды және суда жақсы ериді. Тәттілігі сахарозадан екі еседей кем болады. Глюкозада күшті қышқылдандырғыштардың әсерінен (мысалы, Н1Ч03) екі негізді оксиқышқыл (қант қышқылы) пайда болады. Қайта қалыптасқанда қант қышқылы алты атомды спирт-сорбитке айналады.

Фруктозажеміс қанттылевулоза, С6Н12О6 — моносахаридтер тобына жататын тәтті зат (сахарозадан 1,5 есе, қант құрағынан 3 есе тәтті); глюкозаның изомері. Фруктоза — кетоза көмірсуларының маңызды өкілдеріне жататын және судажақсы еритін кристалды зат. Фруктоза өсімдік жемістерінің құрамында және ара балында (50%-дай) глюкозамен бірге кездеседі. Оның бірнеше таутомериялық түрлері бар. Табиғатта көп тараған Д Фруктозаның -аномерінің балқу т 102 — 104°С. Фруктоза кетотоптары арқылы фенилгидрозон, фенилозазон, н-бромфенилгидрозон, т.б. түзеді. Өнеркәсіпте Фруктоза жеміс-жидектердің құрамынан және сахароза мен полисахаридтерді гидролиздеу арқылы алынады. Ол көптеген олигосахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза тамақ өнеркәсібінде,медицинада (диабет ауруларына глюкозаға қарағанда пайдалы) жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалықхимияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануарағзаларында болатын жүзім қанты. Сахарозалактоза құрамына кіреді жәнекрахмалгликогенцеллюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам ағзасындағы қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады. Өндірісте Глюкоза крахмалдыгидролиздеу арқылы алынады.

Фруктозажеміс қанттылевулоза, С6Н12О6 — моносахаридтер тобына жататын тәтті зат (сахарозадан 1,5 есе, қант құрағынан 3 есе тәтті); глюкозаның изомері. Фруктоза — кетоза көмірсуларының маңызды өкілдеріне жататын және судажақсы еритін кристалды зат. Фруктоза өсімдік жемістерінің құрамында және ара балында (50%-дай) глюкозамен бірге кездеседі. Оның бірнеше таутомериялық түрлері бар. Табиғатта көп тараған Д Фруктозаның -аномерінің балқу т 102 — 104°С. Фруктоза кетотоптары арқылы фенилгидрозон, фенилозазон, н-бромфенилгидрозон, т.б. түзеді. Өнеркәсіпте Фруктоза жеміс-жидектердің құрамынан және сахароза мен полисахаридтерді гидролиздеу арқылы алынады. Ол көптеген олигосахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза тамақ өнеркәсібінде,медицинада (диабет ауруларына глюкозаға қарағанда пайдалы) жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.

Большинство моносахаридов — бесцветные кристаллические вещества, прекрасно растворимые в воде. Каждая молекула моносахарида содержит несколько гидроксильных групп (группа -OH) и одну карбонильную группу (- C-O-H). Многие моносахариды очень трудно выделить из раствора в виде кристаллов, так как они образуют вязкие растворы (сиропы), состоящие из различных изомерных форм.

Самый известный моносахарид — виноградный сахар, или глюкоза (от греч. «гликис» — «сладкий»), СбН12Об.

Глюкоза

Рис.1 Глюкоза образует комплексное соединение с солью меди Рис.2 При нагревании с глюкозой образуется гидроксид меди (1 -валентный) Рис.3 Восстановление меди до её оксида

Глюкоза принадлежит к классу альдегидоспиртов — соединений, содержащих гидроксильные и альдегидные группы. В молекуле глюкозы пять гидроксильных групп и одна альдегидная. Наличие этих группы в глюкозе можно доказать с помощью реакции "серебряного зеркала".
Формулу глюкозы обычно приводят в сокращённом виде:

*Названия многих сахаров оканчиваются на "-иза". Такая запись подразумевает не только глюкозу, но и семь изомерных сахаров — аллозу, альтрозу, маннозу, гулозу, идозу, галактозу, талозу, отличающихся пространственным расположением "-ОН" -групп и атомов водорода при различных атомах углерода.
С учётом расположения групп в пространстве формулу глюкозы правильнее изображать именно так.

Глюкоза (а также любой другой из семи изомерных ей сахаров) может существовать в виде двух изомеров, молекулы которых являются зеркальным отображением друг-друга.

Наличие глюкозы в каком-либо растворе можно проверить с помощью растворимой соли меди:

В щелочной среде соли меди (II-валентной) образуют с глюкозой ярко окрашенные комплексы (рисунок 1). При нагревании эти комплексы разрушаются: глюкоза восстанавливает медь до жёлтого гидроксида меди (I-валентной) CuОН, который превращается в красный оксид Сu2О (рисунки 2 и 3).

Фруктоза

Фруктоза (фруктовый сахар) изомерна глюкозе, но в отличие от неё относится к кетоспиртам — соединениям, содержащим кетоновые и карбонильные группы

В щелочной среде её молекулы способны изомеризоваться в глюкозу, поэтому водные растворы фруктозы восстанавливают гидроксид меди (II-валентной) и оксид серебра Ag2O (реакция «серебряного зеркала»).

Фруктоза — самый сладкий из сахаров. Она содержится в мёде (около 40%), нектаре цветов, клеточном соке некоторых растений.

Дисахариды

Крахмал Целлюлюза

Сахароза (свекольный или тростниковый сахар) С12Н22О11 принадлежит к дисахаридам и образован из связанных остатков А-глюкозы и B-фруктозы. Однако сахароза в отличие от моносахаридов (А-глюкозы и B-фруктозы) не восстанавливает оксид серебра и гидроксид меди (2-валентный). В кислой среде сахароза гидролизуется — разлагается водой на глюкозуи фруктозу. Вот самый простой пример: сладкий чай кажется ещё более сладким, если положить в него ломтик лимона, хотя, конечно, и кислым одновременно. Это происходит благодаря присутствию лимонной кислоты, которая ускоряет распад сахарозы на глюкозу и фруктозу.

Если раствор сахарозы смешать с раствором медного купороса и добавить щелочь, то получим ярко-синий сахарат меди — вещество, в котором атомы металла связаны с гидроксильными группами углевода.
Молекулы одного из изомеров сахарозы — мальтозы (солодового сахара) состоят из двух остатков глюкозы. Этот дисахарид образуется в результате ферментативного гидролиза крахмала.

Молочный сахар

В молоке многих млекопитающих содержится другой дисахарид, изомерный сахарозе, — лактоза (молочный сахар). По интенсивности сладкого вкуса лактоза значительно (в три раза) уступает сахарозе.

Давайте получим молочный сахар. Этот сахар содержится и в молоке коровы (около 4,5 %) и в женском молоке (около 6,5%). Поэтому, если ребёнок кормится искусственно (не женским молоком, а коровьим), то такое молоко необходимо обогащать молочным сахаром.

Для получения молочного сахара нам потребуется молочная сыворотка – мутная жидкость, которая получается при отделении от молока белка и жира под действием специального фермента (сычужный фермент). Молочная сыворотка содержит незначительное количество белка, а также практически весь молочный сахар и минеральные соли.

Итак, в чашке, например из фарфора, будем кипятить на очень слабом огне 400 мл молочной сыворотки. В это время (в процессе кипячения) будет осаждаться оставшийся в сыворотке белок. После фильтрации белка продолжим кипячение, до момента кристаллизации молочного сахара. Когда завершите выпаривание жидкости, дайте кристаллам остыть. Затем нужно будет отделить молочный сахар.

Если требуется получить более чистый молочный сахар, тогда повторно необходимо растворить уже полученный сахар в горячей воде и повторить выпаривание.

После приготовления творога, обычно остаётся молочная сыворотка. Но она не пригодная к использованию, так как вместо молочного сахара содержит молочную кислоту.

Молочный бактерии, содержащиеся в молоке, приводят к его прокисанию. При этом молочный сахар превращается в молочную кислоту. При попытке её выпаривания, получается всё та же молочная кислота, только в концентрированном (безводном) состоянии.

Карамель

Карамель Карамель

Если сахар попытаться нагреть, например, в чашке выше, чем его температура (190 °С), то можно заметить, что сахар начнёт постепенно терять воду и распадаться на составляющие компоненты. Таким компонентом является карамель. Все вы не раз пробовали и видели карамель - знаете как она выглядит - это очень вязкая жёлтоватая масса, которая очень быстро застывает при охлаждении. В процессе образования карамели часть молекул сахарозы расщепляется на уже известные нам компоненты - глюкозу и фруктозу. А они в свою очередь, теряя воду, также расщепляются:

Другая часть молекул, которая не распалась на глюкозу и фруктозу, вступает в реакции конденсации, в процессе которых образуются цветные продукты (карамель С36Н50О25 имеет ярко-коричневый цвет). Иногда для получения цветового эффекты эти вещества добавляют в сахар.



Қосымша 3

Тапсырмалар жиыны:

1. Алмадағы қантты заттар мөлшері адам ағзасына кері әсер етпей ме?

2. Пектиндер дегеніміз не? Біздің организмімізде олар қандай роль атқарады?

3. Неге бие сүтінен айран емес, қымыз алынады?

4. Пектиндердің тағы бір маңызды қасиеті бар: организмнен улы ауыр металдарды байланыстыру және шығару қабілеттері болады, сол туралы не білесіздер?

Сандық есеп тапсырмалары.

1) 0,9 гр А заты жанғанда 1,32 гр көміртегі оксиді (IV) және 0,54 гр су түзіледі. А затының молярлық массасы 180 гр/моль. Осы заттың молекулалық формуласын табындар және атын атандар.

2) 0,25 моль сахароза (қ.ж.) тотыққанда, көміртегі оксидінің (IV) қандай көлемі (л) түзіледі, есептендер.

3) Массалық үлесі 0,2 (20%) крахмалы бар 1 т картоптан 100 л этанол (р=0,8

лгр/см ) алынды. Бұл теориялық шығыммен салыстырғанда қанша процент құрайды?

4) Құрамында 50% целлюлозасы бар 500 кг ағаш ұнтағын гидролиз дегенде 70 кг глюкоза алынды. Реакция өнімінің шығының есептендер..

Француз әдістемесі бойынша синквейн құру (топарға берілген тапсырмалар бойынша). Мысалы

  • глюкоза;

  • тәтті ақ;

  • ериді, ағзаға сіңеді, ашиді;

  • энергия құндылығы жағынан ағзаға керек.

  • альдегидоспирт.

«Менің тұжырымым дұрыс па?» ойыны

  1. Глюкоза жай зат;

  2. Онда тек қана 1 функционал топ бар;

  3. Глюкоза тотығады;

  4. Глюкоза тотықсызданады.

Жауаптары:

  1. Глюкоза күрделі зат;

  2. Глюкозада алты функционал топ бар: ОН" - 5, - СОН - 1;

  3. Иә, гидроксил топтары реакцияда эфирге айналса, альдегид тобы карбоксил тобына айналады.

  4. Иә, альдегид тобы гидроксил тобына айналады.

 «Зейіні өте жақсы химик» ойыны

  1. Мынау сахароза С12Н22О10;

  2. 6Н10О5) n)

  3. Лактоза - крахмалдың изомері;

  4. Целлюлоза - тармақталған полимерлер

Жауаптары:

  1. Жоқ бір оттегі жетіспейді;

  2. Бұл крахмал және целлюлозаның формуласы;

  3. Дисахарид, сүт қанты;

  4. Сызықтық полимердің өкілі.

8. Химиялық диктант (бірін-бірі тексеру, өзін өзі бағалау).

Көмірсулар тақырыбына арналған химиялық диктант

  1. ... табиғатта өте көп таралған және адам тіршілігінде маңызы өте зор рөл атқарады.

  2. Молекулалық формуласы С6Н1206 болатын______ , оның изомері ___

бірнеше басқада моносахаридтер бар.

3. Молекулаларында көміртегінің бес атомы болатын көмірсулар да бар. Олар -...

4. Рибоза жэне дезоксирибоза - суда жақсы еритін дәмі тәтті... заттар.

5. Сахарозаның құрылысы ... қарағанда күрделірек.

6. ... солодпен әсер етіп крахмалдан алынады.

7. ... - суда ерімейтін ақ ұнтақ, ыстық суда ол ісініп ерітінді - желімтек түзеді.

8. Крахмал желімтегіне мыс (II) гидроксидінің қосп қыздырайық. Мыс (I) оксидінің түзілгендігі байқалмайды. Демек, крахмалда глюкозадағыдай ... қасиет жоқ.

9. Целлюлоза да крахмал тәрізді, табиғи ...

10. Целлюлозаның макромолекуласының крахмалдан ерекшелігі, ол ... қалдықтарынан құралған.

11. Целлюлозаны гидролиздейтін ... күйіс қайыратын жандарда болатын микроағзалар арқылы өндіріледі.

12. Целлюлозаның жақсы ... күнделікті өмірде белгілі.

13. Целлюлозаның сірке қышқылды эфирлері - ... және ... - өте бағалы заттар.

Тест тапсырмалары:

I - нұсқа

1. Глюкоза молекуласында неше гидроксил тобы бар?

А) үш;

Ә) төрт;

Б) бес;

2. Пентозалардың өкілі?

А) рибоза;

Ә) дезоксирибоза;

Б) Рибоза және дезоксирибоза;

3. Сахарозаның молекулалық формуласы?

А) С12 Н22Оп;

Ә) С6 Н12 06;

Б) (Сб Н10 05)п;

4. Сүтте ... болады.

- А) мальтоза;

Ә) лактоза;

Б) глюкоза;

5. Нешінші жылы К. Кирхгоф күкірт қышқылының катализаторлық әсерінен крахмалдың глюкозаға айналу реакциясын ашты.

А) 1811;

Ә)1813;

Б)1815;

II - нұсқа

  1. Мақта талшығында неше пайыз целлюлоза болады?

А) 15%;

Ә) 50%;

Б) 98%;

  1. Сахарозаның балқу температурасы?

А) 120°С;

Ә)150°С;

Б) 160°С;

  1. Адам қанында неше пайыз глюкоза болады?

А) 0,1%;

Ә) 0,01%;

Б) 1%;

  1. Картой түйнегінде неше пайыз крахмал болады?

) 20%;

Ә) 15%;

Б) 25%;

  1. Жүгері дәндерінде крахмал неше пайыз болады?

А) 65%;

Ә) 70%;

Б) 80%;

Химиялық диктанттың жауаптары

  1. көмірсулар;

  2. глюкозаға;

  3. пентозалар;

  4. кристалл;

  5. глюкозаға;

  6. мальтоза;

  7. крахмал;

    1. тотықсыздандырғыштық;

    2. полимер;

    3. b-глюкозаның;

    4. ферменттер;

    5. жанатыны;

    6. диацетат, триацетат.

Тестің жауаптары

1 -Б. 2 - Б. 3 - А. 4 - Ә. 5 - А. 1-Б.2-Б. 3-А.4-А.5-Ә.







































Қосымша 2

Күйші Қамбар Медетов



Қамбар Ерғожаұлы Медетов 1901 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы Мартөк ауданының Жайсаң аулында мұғалім отбасында туған. Қамбар кіші жүз ханы Әбілқайырдың жетінші ұрпағы. Шежіресі бойынша Әбілқайырдан - Нұралы, Нұралыдан - Қаратай, Қаратайдан - Шонық, Шонықтан – Медет, Медеттен – Ерғожа, Ерғожадан - Қамбар. Осындай мәуелі әулет. Ол бастауыш орыс мектебін бітірген соң Орынбор гимназиясында оқиды. Өз бетімен ізденіп нота сауатын меңгереді, домбыра тартуға құмартады. «Қамбардың өскен ортасының өзі қазақ даласының жағдайында кездесе бермейтін рухани жағынан айналаға үлгі болатындай еді – деп А.Жұбанов жазғандай, Қ.Медетовтің шығармашылық жолының қалыптасуына ән-күйді, жырды сүйетін ата-анасы, жақын туыстары, үзеңгілес жолдастары яғни өскен ортасы елеулі әсер етті. Қамбар жасында әнші Мұхитты тыңдаған, Шайхыдан тәлім алған, жыршылар Әкімгерей, Қарасай, Ізтілеу, Пұсырманның көзін көрген. Өзінің үлкен қайын атасы Үсен төренің үйінде «Малға жарлы болса да, айтар сөзге – тілге бай Тәңірберлі Молдабай әншіні тыңдаған. Үсеннің баласы Қажының қызы Гулихранға үйленуі Қамбардың домбырашылық өнерін дамыта түсті. «Ақсақ құланды» әуелі Қамбар Үсеннің өзінен, кейіннен Гулихранның сіңілісі күйші қыз Параудан үйренгенін айтады екен.

Әкесі Ерғожа Қаратаев (1876-1945) өмірін халық ағарту жұмысына арнаған адам. Ән-күйге жақын, өнерлі болған, домбыраны шебер тартқан. Қамбар алғашында күйді әкесінен үйренген. 1930 жылдары Алматыда Қазақ радио комитеті ашылғанда, Ерғожаның орындауында бірнеше ән жазып алынып, радиодан беріліп тұрған. Белгілі музыка зерттеуші өнертану ғылымының докторы, сол кезде радиода музыкалық редактор болған Б.Г. Ерзакович «Оның дауысы қоңыржай, табиғи қойылған шағын көлемді тенор» - деп естелік айтады.

Қамбар алғашында әкесі Ерғожаның ағарту саласындағы қызметін жалғастырып 1920-1921 жылдары Ақтөбе облысының Жайсаң балалар үйінде меңгеруші болып істеді. Қамбар жасында Санкт-Петербург университетін бітірген немере ағасы Бақытжан Қаратаев сияқты заңгер болуды армандайды. Сондықтан ба, 1923 жылы Қамбар Орынбор заң мектебін бітіріп, Ақтөбенің қалалық прокуратурасында жұмыс істейді. Қамбардың мұндағы жұмысы жоғары бағаланып, оны губерниялық соттың мүшесі етіп тағайындайды. 1932-1933 жылдарға дейін заң, жер, сауда бөлімдерінде жұмыс жасады.

1923 жылы А.Затаевичпен (1869-1936) кездескенінде жиырма екі жастағы Қамбар белгілі этнографқа 19 ән және 3 күй жаздырады. Ал, А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағында Қамбар орындаған «Ақсақ құлан», «Боғда», «Алты қаз», «Мұхиттың күйі», Мұхиттың «Дүние-ай», «Еркем-ай», «Дәурен-ай», «Танысу әні», «Соқыр қыздың әні», «Жуас қоңыр», «Сөйле жаным» және басқа әндер бар. А.Затаевич «Қамбар жақсы әнші, тамаша домбырашы, қазақтың халық музыкасынан хабары өте мол» екенін жазады. Күйші Қ. Медетовтің орындауында көптеген күйлер болған. Солардың ішінде мамандардың, тыңдаушылардың ерекше көңілінен шығып жадында сақталғаны – ең құдіреттісі атақты «Ақсақ құлан» күйі. Қамбар «Ақсақ құланды» ерекше шеберлікпен орындаған. Академик А.Жұбанов «Күләштың жасаған Жібегі, Құрманбектің сомдаған Бекежаны тәрізді, Қамбардың «Ақсақ құланы» тыңдаушы жадында өзінің қайталанбас өрнегімен қалатынын» жазған. Қамбар күй өнерін әйелі Гулихраның атасы, атақты күйші, Қазанғаптың ұстазы, Ақтөбе қаласының іргесін қалаған қайраткерлердің бірі, Ақтөбе, Орынборда, Темірде, (Қарақамыста), базар басы болған Үсен төреден үйреніп шындаған. А.Затаевич Қамбардың күй орындау шеберлігіне таң-тамаша қалады. Оның күй орындауы «Шеберлік» деген сөз ауқымына сыймайды, бұл шеберліктің аржағындағы шеберлікті білдіретін өзгеше құбылыс деп бағалау орынды. А.Қ.Жұбанов «Қамбар домбыра тартқанда біржола беріліп, бар ықыласымен кірісетін. Қолы күшті, қаққанда домбыраның «жанын шығаратын», бірақ тақтайды тарсылдатпайды. Ал сол қолы тіпті жүйрік деп сипаттайды.

Е.Брусиловский «Медетовтің домбыра тартуы мен көріп жүрген басқа домбырашылардың бәрінен мүлде өзгеше. Ол әлдебір айрықша тәсілмен тартады» деп суреттейді.

1930 жылдары Қ. Медетовтің шығармашылығы жаңа қырынан көрінеді. Алматыда музыкалық-драма техникумы ашылып, оны А.Жұбанов басқарады. Осы техникумға Қамбар жұмысқа тұрады. Қазақ музыкасы тарихында муздрамтехникумда бірінші домбыра класы оқытушысы Қ.Медетов болды. А.Жұбанов «Қамбардың техникумда үлкен жұмыстар атқарғанын атап көрсетіп, «Қамбардың қолының қағу күші штрихтік шеберлігі ешкімде болмайтын. Ол орыс тіліне жүйрік, сөйлегенде де, жазғанда да қате жібермейтін»-деген деректер келтіреді.

1934 жылы 16 июльде ҚазАССР халком кеңесінің қаулысымен ҚазЦик атындағы қазақ оркестрі құрылғанда А.Жұбановпен, М.Бөкейхановпен, Л.Мухитовпен бірге Қ.Медетов оркестрдің ұйымдастырушысы және жеке орындаушысы болды. Кейін бұл ұжым атақты Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестріне айналды. Қамбар Құрманғазы атындағы оркестрдің ұйымдасу, қалыптасу дәрежесіне жетуіне үлкен еңбек етті А.Жұбановтың көмекшісі болды. Ал, Қамбардың шығармашылығын танытуда орасан зор еңбек еткен адам – академик А.Жұбанов болды. 1935 жылы Алматыда қазақ филармониясы ашылғанда Қамбар оның администраторы, кейін директордың орынбасары – яғни филармонияның іргетасын қалаушылардың бірі болды.

1936 жылы Москвада өткен қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігіне қатысады. Он күндікте оның өнері жоғары бағаланады. Атақты Үлкен театрда «Ақсақ құланды» керемет шеберлікпен орындап, ду қол шапалақтауға ие болады.

Ұсталғаннан кейін 7 күн өткенде 1937 жылы 1 желтоқсанда Алматы облыстық НКВД үштігінің үкімімен антисоветтік үгіт жүргізгені үшін, контрреволюциялық ұйымға қатысқаны үшін деген жалған айыппен Қ.Медетов 10 жылға сотталды. Қиыр шығысқа жер аударылады. Әуелі Хабаровск өлкесінде, кейін Амур облысында лагерьде болған. Ауыр қара жұмыстан өкпесі қабынап ауырып, 1942 жылы 20 қаңтарда Бурлактың номері 3-ші ауруханасында қайтыс болды. Тырма поселкасында жерленген. 1956 жылы 11 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы Соты шешімімен ақталды.

Күйші қамалғаннан кейін оның ата-анасы, үш баласы, әйелі және сәбилі қарындасы үйінен қуылып, пәтерден-пәтерге көшіп қиындық көреді. Аш-жалаңаш, жағдай жоқ, қиын тұрмыстан Қамбардың кіші баласы Аманкелді шетінейді. Бала бақша меңгерушісі болып істейтін қарындасы Әсима (1904-1942) қызметінен босатылады. Қырғызстанға кетіп сонда соғыс кезінде 1942 жылы қайтыс болады.

Бала кезінен іс тігіп үйренген Қамбардың жұбайы –Гулихран тігін артелінде жасап, үй ішін асырайды. Күйшінің екі қызы Рая (Райхан) мен Бибізаданы жетелеп жеткізеді. Ерғожа баласының тағдырынан бейхабар күйде 1945 жылы дүниеден өтті. Қамбардың артында қалған анасы Малика Жәңгір қызы (1879 ж.т.) «Балам тірі, елге оралады»-деп ақырғы демі біткенше күтумен 1965 жылы өмірден өтеді. Қамбардың 30-жылдары ағайынды музыка аспаптар шеберлері Борис және Мануил Романенколар жасаған домбырасы, қазір күйеу баласы академик Рахманқұл Бердібаев пен қызы Бибізаданың үйінде сақталуда.

Қ. Медетов туралы А.Затаевич Қ.Жұбанов, А.Жұбанов, Р.Роллан, Е.Брусиловский жазған.

2001 жылы сәуір айында Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда Қ.Медетовтің 100 жылдығына арналған «Қамбар Медетовтың шығармашылық келбеті және қазіргі замандағы ұлттық дәстүрлі музыкамыздың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оның материалдары кітап болып шықты. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрі мерейтойлық концерт кешін өткізді. 2001 жылы жазда Ақтөбе қаласында, Мартөк ауданында Қ. Медетовтің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Ақтөбе қаласында, Мартөкте күйші атында көше бар. 2009 жылы Ақтөбе қаласының 140 жылдығына орай, Қ.Медетов өңірге еңбегі сіңген 40 көрнекті қайраткердің қатарына кіріп, облыстық газеттерде оның өмірі мен шығармашылығы туралы бірнеше мақалалар жарияланды. Теледидардан күйшіні, оның еңбегін таныстыру акциясы көрсетілді.

2011 жылы осы дарын иесінің туғанына 110 жылдығына Ақтөбеде ауқымды шара ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласының Заречный аулындағы Қ.Медетов көшесінде ас берілді. Шара Мартөкте жалғасты. Достық үйінде мерейтойлық кеш, концерт өткізілді. Мартөктегі Қ.Медетов атындағы музыка мектебінде кездесу болды.

Қамбар Медетов ХХ ғасырдағы ең шебер күй орындаушы. Қамбардың ерлігінің және еңбегінің бірі «Ақсақ құланды» бізге жеткізуі. Ол қазақтың аса дарынды домбырашы-күйшісі, кәсіби музыка өнерінің өсіп, өркендеуіне зор үлес қосқан ірі қайраткер ретінде ел есінде болады. Ол ұлтымыздың дәстүрлі музыкалық өнерінің айшықты тұлғасы.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.00.2018
2784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі