Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көмірсутекті отындар. №14көрсетілім «Отын түрлері».

Материал туралы қысқаша түсінік
химия, 9-сынып, 1-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар № 63

Күні: 2023. «26» 04

Пәні: химия

Мектеп: ҚЗМ «Бәйтерек»

Мұғалімнің аты-жөні: Ширинбекова Г.Х.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім:

9.4В Көмірсутектер. Отын

Сыныбы: 9 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көмірсутекті отындар.

14көрсетілім «Отын түрлері».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.15 - құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;

9.4.3.16 - Қазақстандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Кейбір оқушылар үшін: Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атайды, қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы-лықты ояту

5 мин.


І.Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Ақ тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


ІІ. Сыныпты «Кездейсоқ дөңгелек»

тәсілімен топқа бөлу. (Wordwall) платформасы

Топ ережесін еске түсіру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

3 топқа біріктіру.

1-топ: Мұнай

2-топ: Табиғи газ

3-топ: Тас көмір



Мақсаты: оқушылар бойын-да жақсы ой, тілек ояту, тыңдау дағ-дыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушы-ларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақында-сады, көңіл күйі көтеріледі, оянады.

кездейсоқ дөңгелек

(Wordwall)

https://wordwall.net/ru/resource/56146038

Жаңа сабаққа кіріспе

7-мин



(Ұ) «Кім жылдам?» әдісі . Wordwall платформасы арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Бензолдың құрамы?

2. Бензолдың формуласын анықтаған кім?

3. Ароматты көмірсутектердің қолданылуы

4. Арендердің формуласы?

5. Бензолдың құрылымдық формуласы?

6. Бензолдың қай формуласы Кекуле атымен аталған?

7. Бензолды ашқан кім?

8. Бензолға тән қасиеттер?

9. Ароматты көмірсутектер денеіміз не?

10. Ароматты көмірсутектер деп аталудың себебін түсіндіріңіз



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Дескриптор: жалпы – 10 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.



«Білім ленд» білім беру платформасынан бейнежазбаларды көрсету.


Кесте толтыруға нұсқау беру.


  1. Тапсырма (Т) топтық жұмыс

Бейнежазбалармен танысып шығады. Әр топ оқушылары бейнежазбадан алған ақпаратты кестеге толтырады,

Көмірсутекті отын түрі

Пайда болу тарихы

Табиғи отындардың үлесі (%)

Қолданылу саласы

Экологиялық салдары












Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Көмірсутекті отындарға қатысты ақпараттарды кестеге толтырады

1.https://youtu.be/hcb1nhHr3aQ

2.https://youtu.be/nveEOflmq6U

3.https://youtu.be/_gbf2Bh2OaE

4.https://youtube.com/watch?v=KfqzBHiypqM&feature=share

5.https://youtu.be/WFXSSVzKCPY

6.https://youtu.be/R14NNLPW03I

Слайд 4-6

Wordwall платформасы арқылы тапсырманы орындатады, бақылайды.

2. Тапсырма (Т) топтық жұмыс

Әртүрлі отындардың жылу шығару мүмкіндігі

Дескриптор: Жалпы – 3 балл

1.Талдау жасап,суретті салытырады.





ДК экраны

https://wordwall.net/ru/resource/56117713


Слайд 7-8.

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


Оқушыларға мұғалім слайд арқылы дұрыс жауаптарын көрсетеді, бірін–бірі бағалайды.

3.Тапсырма (Ж) жеке жұмыс

Білімді бекіту мақсатында әр оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

(А)

1. Көмірсутекті отындардың бір артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.

2. Экологиялық проблемалардың шешу жолдарының біреуін ұсыныңыз

(В)

1.Қазақстанның қай өңірлерінде көмірсутекті отындар кеңі бар?

2. Табиғи газ құрамының ілеспе газдардан қандай айырмашылығы бар?

(С)

1. Құрамында 90% метан, 5% этан және 5% пропан бар табиғи газдың 20 м3 көлемін жағу үшін қанша көлем ауа қажет?


Оқушылар бір-бірін тексеру үшін жұмыстарымен алмасады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Талдау жасайды.

Слайд 9-10

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау үшін оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылар-дың пікірін анықтайды. Жинақталған деректер-дің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында топтық және жеке жұмыстар орындайды және келесі тәсілдерді қолдануды ұйғардым. Олар:

1) Барынша қолдау көрсету: - нашар оқитын оқушыларды бақылап жүріп ішінара көмек беремін;

2) Орташа қолдау көрсету:

- тапсырмаларды орындау дұрыс бағытқа ынталандыратын сөздермен нұсқа беремін.

3) Қолдау көрсету аз: «Жарайсың!» деген сөзбен қолдау көрсетемін.

Сабақ барысында оқушының дамуына ықпал жасайтын келесі қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолданамын: «Қол шапалақ», «Бір-бірін тексеру» арқылы бағалау.


Химия кабинеті таза, жарық және желдетілген.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. «Миға шабуыл» әдісінде оқушылар тез арада өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді, бөлімнен алған білімдерін тексеруге оң ықпал етеді.

2. Сабақ ортасында берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша алған білімдерін талдай отырып, формативтік бағалау тапсырмаларын орындай алады . Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру барысында, бағаланады.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен материалды еске түсіре отырып, оқушылардың жаңа білімдерін меңгеруіне мүмкіндік береді.

2. Барлық оқушылардың білім деңгейі тапсырмаларды топтық және жеке жұмыстар жасау арқылы толық бағаланады.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ұжымдық жұмыс кезінде білімпаздар анықталады. Ал жеке жұмыс арқылы әр о

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2024
449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12