Білім беру саласы:«Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ормандағы аңдар.
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Оларды ажыратуға үйрету. Аңдарды
сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар арқылы сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай
отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрастыруды. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін
ояту.
Әдіс тәсілдер: а) Түсіндіру
ә) Сұрақ-жауап
б) Ойын.
Көрнекіліктер: Суреттер, ертегі кейіпкерлері.
|
Оқу іс-әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастырушылық- ізденістік Ұйымдастырушылық- ізденістік. Рефлекциялық – түзетушілік. |
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу. Қол алысып, қане біз, достасайық бәріміз. Армысың алтын күнім, Армысың балабақшам. Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Үлкенге де сіз Бәріңізге амандасып Басымызды иеміз. Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
Телевизор қосылып, аңдар балаларды қонаққа шағырады.
Жолда балаларға сұрақтар қою.
Ой, орманның ауасы қандай тамаша! Тышқан шығады. Тышқан балалармен амандасады. Тышқан орман аңдары қайда кеткен, балалар аңдарды көреміз деп қуанып келіп еді. Мен сендердің келе жатқандарыңды естіп аңдарды тығып тастадым, менің тапсырмаларымды орындасаңдар аңдар келеді. - Балалар орманда қандай аңдар өмір сүреді? Аңдар балалармен амандасып орындықтарына отырады. Балалар біз сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындап қойдық, ол тапсырмалар жасырулы, апайларың сендерге оқып түсіндіріп берсін.
Ақ қоян ау, ақ қоян Ұзын құлақ, сақ қоян Қаша берсең орманға Қорқағым деп ат қоям. Түлкі түлкі қутыңдайсың, Айналаңнан тың тыңдайсың Қанша қулық асырсаңда, Қасқырдан еш құтылмайсың. Қасқыр орманда жортады Аяздан ол қорқады Аспанға қарап ұлиды Малды ауылды ториды. Ормандағы аюдың Құлыпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. Балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасап жіберейік. Қоян, қоян секеңдейсің Мұздан қарғып өтем дейсің Не болды ал, үстің?
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру. Барысы: балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қою. Түлкі баласы – жәутік Қасқыр баласы – бөлтірік Қоян баласы – көжек.
Мақсаты : балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру. Барысы: бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарларын табу керек.
Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, біз сендерге кішкене қойылым көрсетейік. Түлкі ағаштар арасынан ірімшік тауып алады. Ол ірімшікке достары да таласады. Сол кезде оларға ірімшікті тең бөліп жеу керектігін тәрбиеші үйретіп аңдарға бөліп береді. Балалар аңдарға рахмет айтып балабақшаға қайтады. Қорытынды. Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
|
Шаттық шеңберге тұрады. Қимылмен көрсетеді. -Қазір жылдың қыс мезгілі. -Желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Күн суытады, қар жауады, боран соғады. -Автобуспен барамыз. -Аю, қасқыр, түлкі, қоян. -Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді. -Олар етті, сәбізді жақсы көреді. -Аю, қасқыр, түлкі, қоян өмір сүреді. Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтып береді. Қимылмен жасайды. Ойынды жаппай ойнайды. Аю, қасқыр, түлкі, сиыр т.б. «Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ». Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Жабайы жануарларды сипаттап айтуды.
Түсінеді: Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білуді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коммуникация сабағы
Коммуникация сабағы
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ормандағы аңдар.
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Оларды ажыратуға үйрету. Аңдарды
сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар арқылы сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай
отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрастыруды. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін
ояту.
Әдіс тәсілдер: а) Түсіндіру
ә) Сұрақ-жауап
б) Ойын.
Көрнекіліктер: Суреттер, ертегі кейіпкерлері.
|
Оқу іс-әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастырушылық- ізденістік Ұйымдастырушылық- ізденістік. Рефлекциялық – түзетушілік. |
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу. Қол алысып, қане біз, достасайық бәріміз. Армысың алтын күнім, Армысың балабақшам. Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Үлкенге де сіз Бәріңізге амандасып Басымызды иеміз. Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
Телевизор қосылып, аңдар балаларды қонаққа шағырады.
Жолда балаларға сұрақтар қою.
Ой, орманның ауасы қандай тамаша! Тышқан шығады. Тышқан балалармен амандасады. Тышқан орман аңдары қайда кеткен, балалар аңдарды көреміз деп қуанып келіп еді. Мен сендердің келе жатқандарыңды естіп аңдарды тығып тастадым, менің тапсырмаларымды орындасаңдар аңдар келеді. - Балалар орманда қандай аңдар өмір сүреді? Аңдар балалармен амандасып орындықтарына отырады. Балалар біз сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындап қойдық, ол тапсырмалар жасырулы, апайларың сендерге оқып түсіндіріп берсін.
Ақ қоян ау, ақ қоян Ұзын құлақ, сақ қоян Қаша берсең орманға Қорқағым деп ат қоям. Түлкі түлкі қутыңдайсың, Айналаңнан тың тыңдайсың Қанша қулық асырсаңда, Қасқырдан еш құтылмайсың. Қасқыр орманда жортады Аяздан ол қорқады Аспанға қарап ұлиды Малды ауылды ториды. Ормандағы аюдың Құлыпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. Балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасап жіберейік. Қоян, қоян секеңдейсің Мұздан қарғып өтем дейсің Не болды ал, үстің?
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру. Барысы: балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қою. Түлкі баласы – жәутік Қасқыр баласы – бөлтірік Қоян баласы – көжек.
Мақсаты : балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру. Барысы: бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарларын табу керек.
Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, біз сендерге кішкене қойылым көрсетейік. Түлкі ағаштар арасынан ірімшік тауып алады. Ол ірімшікке достары да таласады. Сол кезде оларға ірімшікті тең бөліп жеу керектігін тәрбиеші үйретіп аңдарға бөліп береді. Балалар аңдарға рахмет айтып балабақшаға қайтады. Қорытынды. Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
|
Шаттық шеңберге тұрады. Қимылмен көрсетеді. -Қазір жылдың қыс мезгілі. -Желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Күн суытады, қар жауады, боран соғады. -Автобуспен барамыз. -Аю, қасқыр, түлкі, қоян. -Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді. -Олар етті, сәбізді жақсы көреді. -Аю, қасқыр, түлкі, қоян өмір сүреді. Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтып береді. Қимылмен жасайды. Ойынды жаппай ойнайды. Аю, қасқыр, түлкі, сиыр т.б. «Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ». Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Жабайы жануарларды сипаттап айтуды.
Түсінеді: Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білуді.
шағым қалдыра аласыз













