Комплеанс - офицердің ішкі талдау жұмысы (үлгі)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Комплеанс - офицердің ішкі талдау жұмысы (үлгі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналитикалық ішкі талдау жұмысының үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты «МКҚК-ның тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

Аналитикалық анықтама

Шымкент қаласы 07.06.2024ж.

І. Kipicпe бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жургізудің негізі: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемкорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі Агенттігінің Төрағасымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік кағидаларын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының Білім басқармасы «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі »

МКҚҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2023 жылғы 01 қарашасынан 15 қарашаға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі: 2023-2024 оқу жылының әр жылға бір рет.

« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8 бабы,5-тармағына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 ж.күнгі №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» туралы бұйрығы негізінде жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін, ішкі талдау жүргізу мақсатында, колледж директорының 27.09.2023ж. күнгі №92/1 б/і бұйрығымен «Жұмысшы тобы» құрылып, бекітілген.

Оның бағыттары айқындалынып,нақты обьектілері белгіленді.Ішкі талдаудың өз уақытында және сапалы өткізілуі - жауапты қызметкерлерге жүктелді.

Колледждің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі мәселелер бойынша жүргізілді

- Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қызметі (арыз-шағымдар немесе басқа да сұрақтар);

- Кадр бөлімі (жұмысқа қабылдау барысын бақылау мен қадағалау бойынша);

- Оқу бөлімінің жұмыстары;

- Талапкерлерді қабылдау қызметі;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында: белгіленген обьектілердің жұмыстары бойынша қолданыстағы заңнамаларды негізге ала отырып зерделенді және жіті тексерілді.


II Сипаттама бөлігі


«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» бойынша «Кадр бөлімінің» құжаттарын тексеру жұмыстарының қорытындысы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 01.11-03.11.2023ж. аралығында Кадр бөлімінің мынандай құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді:

  • Қызметкерлер мен оқытушылардың жеке құрамының бұйрықтары екіге бөлінеді: 5 жыл және 75 жыл сақталатын құжаттар. Бұйрықтардың барлығы дұрыс.

  • Басты іскерлікке қатысты бұйрықтар дұрыс.

  • Жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеу журналдары толық толтырылған. 5 жыл және 75 жыл.

  • Жеке іс қағаздар толық тексерілді. Талапқа сай дұрыс жинақталған.

  • Еңбек кітапшалары талапқа сай дұрыс толтырылған.

  • Ваканттық орындарды жариялау тәртібі Enbek.kz сайтында уақытылы жарияланып отырады.

  • Кадрларды, педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша жүргізілетін әңгімелесу хаттамалары бар, арнайы папкаға жинақталған.

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021ж. №568 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидалары сақталған.



Оқу бөлімінің жұмыстары бойынша;

  1. Стипендия тағайындау бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысына сәйкес Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы заңына сәйкес оқу бөлімінің жұмыстары зерделенді. Нәтижесі:


Қысқы сессия:

2023-2024

Конитнгент бойынша оқушылар саны

1096

Пайыздық көрсеткіші

82%



Жазғы сессия:

2023-2024

Конингент бойынша оқушылар саны

1062

Пайыздық көрсеткіші

73%


- оқушылардың аралық аттестация және қорытынды аттестация кезеңіндегі оқу үлгерім бағалары зерделенді;

- ішкі тәртіп ережесін бұзған оқушыларға шара көру бойынша (ескерту сөгіс)

шығарылған бұйрықтармен танысып,стипендиялық комиссияда ескерілгені анықталды;

- көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылардың ыстық тамақ пен жол ақысы бойынша төлемдер тізіміне енуіне байланысты қажетті құжаттардың сәйкестігі анықталды.

- бюджеттік бос орындарға ақылы топтан ауысатын оқушылардың оқу үлгерімдері және тәртіп бұзушылық жағдайларының болмауы туралы дәлелдемелі құжаттары мен мәліметтері зерделенді;

- колледжді үздік бітірушілердің оқу барысындағы 1-3 курс аралығындағы оқу үлгерімінің «Үздікке» сәйкестігі зерделенді;

  1. Сонымен қатар,бітіруші топтардың:

- мемлекеттік емтихандары бойынша құрастырылған билеттер даярлығы;

- арнайы кестеге сәйкес консультациялардың өткізілуі;

- МБК (Мемлекеттік біліктілік комиссиясы) құрамының талапқа сай 3 жыл сайын ауыстырылылып отырғандығы анықталынып, зерделенді.



Талапкерлерді қабылдау қызметі бойынша;

06.11.2023-08.11.2023ж. мерзімі аралығында Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі қабылдау комиссиясының 2023-2024 жылдардағы жұмыс жүргізу барысы мен құжаттардың рәсімделуінің талапқа сай жүргізілуін және тәуекелдікке мүмкіндігі жоғары тұстарын зерделеу барысында жүргізген жұмыстардың нәтижесі

-Талапкерлерді қабылдау іс- жоспары

Талапқа сай жасалған

-Кәсіби бағдар беру жұмысының материалдары

Оқытушылардың қала мен қалаға жақын елді мекендер және аудан мектептеріне жүргізілген үгіт насихат жұмыстары фото суреттерімен жинақталған.

-Қабылдау комиссиясының бұйрықтары

Талапқа сай жасалған

-Құжат қабылдау ережелері

Талапқа сай жасалған

-Тіркеу журналдары(қағаз, электронды)

Уақтылы,талапқа сай,сауатты толтырылған

-Жиналыс хаттамалары

Жұмыс жоспарына сәйкес жиналыстар өткізіліп,уақтылы хаттамалар толтырылған

-Мамандықтар сипаттамалары

Мамандықтар сипаттамалары нақты көрсетіліп,жарнама қағаздары екі тілде дайындалған

-Лицензиялар

Барлық мамандықтар бойынша лицензиялар бар

-Қабылдау комиссиясына жауапты хатшының бекітілу ұзақтығы

Қабылдау комиссиясына жауапты хатшының бекітілу ұзақтығы 3 жылдан артпаған:


2024-2025 оқу жылында жауапты хатшы: М. Жанысбаева.

2024-2025 оқу жылынан бастап колледжге талапкерлерді қабылдау барысында талапкерлердің құжаттары Шымкент қалалық білім басқармасының сайты арқылы конкурспен іріктеп алынған тізім бойынша қабылданады.Сондықтан талапкерлерді қабылдау бағыты бойынша колледжде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік болуы мүмкін емес.


«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі бойынша құжаттарды тексеру жұмыстарының қорытындысы:


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 09.11-13.11.2023ж. аралығында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінің құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, академиялық демалыс беру, оқушылардың жеке іс-қағаздарының және құжаттардың түп нұсқалары түгел болуы, студенттерге талап етілген орынға анықтама беру, студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау ережелері, тегін тамақтандыру бойынша құжаттар мен бұйрықтың түгел болуы.

  • Әскерге шақырылған студенттердің анықтама қағазы, өтініштері тіркеліп, академиялық демалыс алуға бұйрық шығарылған. Смартнейшн порталына толық енгізілген.

  • Студенттерге талап етілген орынға анықтама беруді тіркеу журналы талапқа сай.Смартнейшн порталына толық енгізілген. Оқушының жеке папкасына аттестаттың түпнұсқасы түгел салынған.

  • Ауыстыру немесе қайта қабылдау үшін ата-анасының өтініштері тіркелген. Смартнейшн порталына толық енгізілген.

  • Тегін тамақтануға категория бойынша әр баланың құжаттары талапқа сай дұрыс жинақталған. Ата-ананың өтініші, бөлім меңгерушісі мен топ жетекшісінің келісімдері қоса тіркелген.



Тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар:

  • ҚР Оқу-ағарту министрліктерінің білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің жаңа форматтағы өзгерістерін білім алушыларға, педагогтер мен ата-аналарға жүргізілетін түсіндірме жұмыстарын жетілдірсе.

Ескертпе:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланады.

Ішкі талдау жүргізетін жұмысшы

тобының төрағасы: Г.Әлібек

Ішкі талдау жүргізетін жұмысшы тобы: Ж.Алхожаева


Ә. Бексұлтан


М. Жанысбаева


А. Бағланбаева


А. Байдыбек


А. Бисенгалиева






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі